Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Мазмұндаманы тексеру (3 сынып, IV тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Мазмұндаманы тексеру (3 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Мазмұндаманы тексеру (3 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар: Су-тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: №10-сабақ Мазмұндаманы тексеру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
• бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіреді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу жазады;
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзетеді.
Оқушылардың көбі:
• бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне келісу/келіспеушілігін білдіреді;
• кең жолды дәптерде үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
• жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктеріне сүйеніп түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
• бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне келісу/келіспеу себебін білдіреді;
• кең жолды дәптерге үзбей және біркелкі жазу қарқынын жеделдетіп жазады.
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің анықтамалығы арқылы түзетеді.
тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады .
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Жұмбақ
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не? (Су)
Мақсат оқушылардың ой белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауды, зейінін тұрақтандыру. Сабақтың тақырыбына көшу. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
Негізгі бөлім
Оқушылар қима қағаздарды таңдап топтарға бөлінеді. (Бұлақ, өзен, көл, теңіз ) Әр топтан өз атауларына түсініктеме беруін сұрау.
Мысалы: Бұлақ – жер асты суы
3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру
https://www.youtube.com/watch?v=Rvq2ankKBmg.
(МК, Ұ) Су қоймасы туралы бейнежазбаны тамашалау. Ұзақтығы 1мин 27сек..
(Т) Талқылау сұрақтары.
-Су қоймаларының түрлері?
-Бейнежазбадағы су қоймасы қандай?
-Су қоймасынан қандай тіршілік иелері су ішті?
-Су қоймасының суы қандай?
-Су қоймаларының су ортаюы мүмкін бе?
-Су қоймаларында қандай жануарлар мекендейді? т.б.
«ПОПС формуласы» арқылы өз жауаптарын айта алады.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,….»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын….»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…»
Дескриптор:
— Бейнежазба бойынша берілген сұрақтарға өз ойын айтады.
— Өзгенің пікіріне келіседі немесе келіспейді.
— Келіспеу себебін айтады.
Сергіту кезеңі:
«Біз де» ойынын ойнау. Ойынды мұғалім бастап береді әрі қарай әр топтан бір оқушы шығып ойынды жалғастырады. Ойын су қойма атауларына байланысты топ атаулары бойынша құрастырылады. (Бұлақ, өзен, көл, теңіз )
«Біз де»
Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек. Келесі топ атаулары да осылай ойын мазмұны сөйлемдері мен сөздерін өзгертумен жалғасады.
Мысалы: «Өзен» тобы бастайды.
1.Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады. Келесі «бұлақ, көл, теңіз» топтары сөйлемдері мен сөздерін өзгертіп жүргізеді. Ойынның мақсаты оқушылар сергіп қана қоймай өз танымдары мен шапшаңдықтары, зейін, ықыластарын, сөз қорларын дамытады.
«Тексерейік» айдары бойынша жұмыс.
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету.
(МК, Ө) Мұғалім алдыңғы сабақта жазған мазмұндама жұмыстарын оқушыларға тапсырады. Оқушылар өз жұмыстарын қайта қарайды. Мұғалімнің ұсынысымен танысады. Шартты белгілер көмегімен қателерін тауып, сөздіктер мен анықтамаларға сүйене отырып түзетеді.
Қатемен жұмыс жүргізіледі. Белгілер кестесі тақтаға ілінеді.
Қателер түрі Белгі
артық, керексіз >
кеңейту =
негізгі ойды білдірмейді қ
Азатжол ~ ~ ~
Азат жолдың керегі жоқ Z
Орынсыз қолданылған сөз Х
Сөз тәртібі бұзылған 1,2,3
сөйлем дұрыс қолданылмаған С
Емле: н-ң, ө-ү, ш-с ү
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
(Ө) Қатемен жұмыс. Қателерін тауып түзеткеннен кейін жазу каллиграфиясын сақтай отырып, қате кеткен сөзді жазады сызықша арқылы қатесіз түрін жазады. Осылай қатемен жұмыс орындалады.
Мысалы: табиғатағы – табиғаттағы, өнемі – үнемі, біздін – біздің т.б.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар қателерін түзеп болғаннан кейін олар өз қателерін қалай тауып, түзеткендерін түсіндіреді. Ынтасы төмен оқушылардың қатесін түзетіп жазуларына көмектеседі.
Дескриптор:
Каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Жіберілген қатені тауып, түзетеді.
Қатемен жұмыс жасайды……


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com