Қазақ тіліндегі болымсыз баяндауыштардың жұмсалым ерекшеліктері

0

Синтаксистік құрылыстың бұрыннан бар нормалары жетіліп, қызметі артты, жұмсалу аясы кеңейді. Олардың кешенді қалыптасу жолы мен жүйесі бар. Бұл күнде сөйлемдер құрылысы мен сөздердің синтаксистік байланысы белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан күйінде жұмсалады. Cөйлемнің құралуы күрделі құбылыс болғандықтан, онда болатын ауытқулар мен құрылымдық өзгерістердің болуы заңды құбылыс. Болымсыз мағыналы баяндауыштардың құрамына енетін тілдік элементтердің әртүрлілігі, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, жұмсалымы норма тұрғысынан қарастырылады.

Сондай­ақ мақала барысында болымсыз мағыналы баяндауыштардың жасалу жолдары қарастырылып, олардың тілдік қолданыстағы көрінісі сипатталады. Тілімізде болымсыз баяндау­ ыштары бар сөйлемдердің болымды етіп жасауға келмейтін тұстары, құрылымдық жайы айтылып, көркем шығармалардан мысалдар беріледі.

Қазақ тілінің қазіргі синтаксистік жүйесі әлдеқайда тұрақтылық қасиетке ие болды, стильдік талғамға лайық оның синонимдік тағы басқа варианттары сараланды, сөздердің тіркесу қабілеті, сөйлемдердің ойды білдіру қызметтері артты. Бұлар әдеби тілдің даму барысында қалыптасқан, тілдің өзіне тән ішкі мүмкіншіліктері негізінде кемелденген жетістіктер.

Болымсыздық категорияның басты ерекшелігі, өзінің аты көрсетіп тұрғандай, амалəрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді, соған сəйкес тілде ол арнаулы формалар арқылы берілетіндігі белгілі. Сөз тіркестері мен сөйлемдердің де құралуында жəне стильге тəн жұмсалуында жалпыға ортақ қалып болады. Болымсыз сөйлемдер де қазақ тілі синтаксисінің табиғатына сай үйлесімді, нормалық жүйені сақтап құрылады. Қазіргі қазақ əдеби тілі – лексикалық қабаты толыққан, грамматикалық жүйесі сараланған тіл десек, тіліміздің бұлай дамуына норманың да əсері жоқ емес.

Ойымызды болымсыз түрде айтып жеткізу шындық болмысты жоққа шығарудан емес, ол – ерекше стильдік мақсаттан туындайды. Олар ойымызға əр түрлі өң беріп, оны түрлендіріп, эмоционалды, экспрессивті етіп жеткізу тəсілі ретіндеқолданылады[1, 4]. Сөйлемніңболымдыболымсыз белгісі – болмыс пен ақиқат шындықтың қарым-қатынасының көрінісі. Болымдылық, болымсыздық ұғымдардың шындық өмірдің көрінісі ретінде адам санасынан орын алуы оның тілден орын алуына жол ашқан, себеп болған.

Болымсыз сөйлемдер көп ретте айырым бір мағыналарда, басым бір реңктерде айқындалып отырады. Мұның өз түрлі тəсіл жүйеде құралуына соған сəйкес сөйлеу стилінде қолданылу өзгешелігіне негізделеді [2, 62]. Болымсыз сөйлемдер туралы айтқан О.Төлегеновтың бұл пікірін профессор Т. Абдығалиеваның тұжырымы толықтыра түседі. Ол былай дейді: «Болымсыз мағынаның іштей өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшеліктер болымсыз көрсеткіштердің сөйлемде бір-бірімен тіркесіне, өзара сыйысуына, əсер етуіне байланысты» [3, 132].

Болымсыздықтың берілу жүйесі мен көрсеткіштер қызметі предикативтік конструкциялар жасауда айқын көрінеді. Болымсыздық көрсеткіштердің сөздермен тіркесі, мағынасы сөйлем мазмұнымен тікелей байланысты. Сондытан болымсыздық мағынаның сипаты, көрінісі сөйлемде ғана айқындала алады.

Тілші ғалым А. Байтұрсынұлы етістікті сөйлемдегі болымсыздықтың білдірілуін былайша тұжырымдайды: «Етістік болған-болмаған екі түрлі істі көрсеткендіктен екіге бөлінеді (болымды, болымсыз) «торламады», «жаумады», «тасымады» деген сөздер болмаған істерді көрсетеді» деп, етістіктің болымсыз түріне мысалдар келтіреді [4, 233]. Ғалымның пікірінше, не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз болады [Сонда, 296]. Қ. Жұбанов «Қазақ тіліндегі зерттеулер» (1966) еңбегіндегі VІ сыныпқа арналған «Қазақ тілінің програмы» деген жобада: «Етістіктің болымды, болымсыз түрлері. Болымсыздың түрлеуіші —ма етістік негізін аяқтап тұратынын (өсінді негіздің үстеулері —ма-дан былай өтпейтіні). Етістіктің түп негізі мен болымсыздық түрлеушінің арасына сыйыса алатын үстеулер – етістік үстеулері…» деп осылайша түсініктеме береді [5, 34].

Болымсыз сөйлемдер туралы профессор С. Аманжоловтың зерттеу еңбегінен мына жолдарды кездестіруге болады: «Хабарлы сөйлемдердің болымсыз түрі де болады. Болымсыздық етістік түбіріне -ма,-ме, -ба,-бе, -па, -пе жұрнақтарының қосылуы арқылы болады жəне емес, жоқ дəнекері арқылы жасалады дей келіп, болымсыздық белгісінің, я болымсыздық дəнекерінің сөйлем ішіндегі ықпалын сөз етеді» [6, 164].

Болымсызбаяндауыштардыңөзіндікбелгілерін, əдеби тілге тəн сипаттарын айқындауда көрнекті ғалымдар М. Балақаев, Р. Әмір, О. Төлегенов, Ә. Нұрмаханов т.б осы сияқты зерттеушілердің баяндауыш мүше жайында, болымсыз сөйлемдер туралы пікір, көзқарастары оқу құралдарынан, арнайы тақырыпқа арналған еңбектерінен орын алады.

Ғалымдар М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев болымсыз баяндауышқа қатысты: «Етістіктің сабақты жəне салт болуы сияқты, болымды жəне болымсыз болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуының да ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы болымды, болымсыз сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек болады» деген пікірін білдіреді [7, 115].

Етістіктердің сөйлемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне тəн мағыналық, грамматикалық ерекшеліктеріайқынкөрінеді.Алболымсызбаяндауыштар аналитикалық немесе синтетикалық тəсілдер арқылы жасалып объективті болмысты, ойлаған ойды болымсыз түрде баяндайды.

Болымсыз мағыналы баяндауыштардың қолданысында өзіндік бір ерекшеліктері де жоқ емес. Олардың барлығы бірдей баяндауыш болып келгенімен тұлғалық көрінісінде, қолданылу жиілігінде ептеген айырмашылық бары анықталды. Етістіктің болымсыз түрінің əр түрлі вариантының (-ма/-ме, емес, жоқ) арасында əрқайсысының өзіне тəн семантика лық ерекшелігі бар. Етістіктің əр қилы категорияларындағы, соның ішінде болымсыздық формаларының өзгеру, толығу, жаңару, жетілу, нормалану бағыттары айқындалып, зерттеулер қатары жылдан-жылға толыға түсуде.

И.Е. Маманов болымсыздық категория көрсеткіштері туралы былай дейді: «Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрлерінің əрқайсысының өзіне тəн стильдік ерекшелігі бар. Қазіргі қазақ тілінде болымсыз түрінің -ған жоқ, -ған емес варианттары көбірек қолданылады да, -ма,-ме формантты түрі сирек қолданылады»[8, 34].

Қазіргі қазақ тілінде сөз қолданудың қалыпты жүйесі, оның жалпыға бірдей болып қалыптасқан нормалары бар. Бұл орныққан сөз қолдану нормалары аз уақыт ішінде емес, көп замандар бойы халықтың сөздерді қажетінше іріктеп, сұрыптап, орнына қарай жөнімен жұмсау машықтарынан құралған. Қай тілде болса да, норма бір күнде не бір жылда пайда болмайды. Норма кездейсоқ құбылыс емес. Әдеби тілдің негізі де, арқауы да – бəрі халық тілінің бірыңғай жалпыға бірдей ортақ сипаттарына сүйенеді. Десек те тілдің нормалары үнемі дамып, жетіліп отырады.

Етістіктің -ма/ме, -ба /бе,-па/-пе болымсыздық морфемалары түбір жəне туынды етістіктерге тікелей жалғанып, оның басқа жіктелетін формаларына негіз болады. Етістіктің -ма/-ме тұлғалы болымсыз түрі М. Қашқаридың

«Диванлұғатиттурк» аттыеңбегіндегітұлғалық тұрғыдан қазіргімен салыстырғанда, бір-бірінен ерекшеленбейді. Болымсыз етістіктер бармадым, кәлмәдім деген сияқты өзгеріссіз айтылады [9, 117].

Сөз етіп отырған -ма,-ме қосымшасының этимологиясы туралы айтылған пікір жоқтың қасы. Оның басты себебі —ме,-ме қосымшасының көне дəуірден жəне қазіргі түркі тілдерінде бірізді қолданылуы болса керек. —ма,-ме қосымшасы монғол тілдерінде де қолданылады. Сондықтан кей ғалымдар оны Оралалтай тіл бірлестігінен бері қолданылып келе жатқан қосымша деп есептейді [10, 53].

Етістіктің көсемше, шартты рай, бұйрық рай формаларының болымсыз тек қана -ма/-ме,-ба/бе,-па/-пе қосымшалары арқылы жасалады, яғни оларға емес, жоқ сөздері қатыспайды. Болымсыз мағына тудыратын көрсеткіштердің ішінен етістіктің —ма/-ме тұлғалы болымсыз түрі қазіргі қазақ тілінде ғана емес, көне ескерткіштердің тілінде де қолданыс тапқан. Ол Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап соңғы дəуірге дейін жазылған жазба ескерткіштерде, қазіргі жанды тілдерде қолданылады.

С.Е. Маловтың «Памятники древнетюркской письменности» еңбегінен мына мысалдарды келтірейік:

Тіjін, тярк будун ячян тян удымадым, кянтяз

олурмадым: інім Куlтігін бірlд, дкі шад бірлд цlя

jітя казӄантым; анча казӄанып, бірікі будуныӄ от суб кылмадым; мдн (цзім каӄан олуртукыма

«когда я сел на царство») (jіp cajя) [11, 31].

Я ради тюркского народа не спал ночей и не сидел (без дела) днем. С моим братом КюльТегином и с двумя шадами я приобрел (т.е. предпринимал завоевония) до полного изнеможения (букв. слабея-погибая). Столь много приобретя (т.е завоевав), я не делал огнем и водой присоединившишеся (к нам) народы (т.е. старался ладить с ними мирно), я … по всем странам.

Тіл қолданысымызда жиі кездесетін болымсыз тұлғалардың орыс тіліндегі жұмсалуына зер салсақ, өзіндік қолданылу тенденциясы бар. Мұнда қазақ тілінде болымсыз мағына беретін бір сөздің бірнеше көріністе құбылуы байқалса, орыс тілінде етістік сол күйінде өзгеріссіз жұмсалады. Тілдердің өз ішіндегі грамматикалық категориялардың өзінде де айырмашылық болатыны даусыз.

Әрбір тілдің өзіне тəн төл заңдылығы мен ерекшеліктері болады. Орыс тілінде не шылауы болымсыз айтылатын сөздің алдында қолданылады. Егер ол етістік-баяндауыштың алдында тұрса, онда барлық сөйлем болымсыз мағынада болады, ал басқа сөйлем мүшелерінің алдында тұрса, тек сол мүшенің болымсыз түрін көрсетеді, қалған сөйлем тұтасымен болымды түрде қалады [12, 41].

Сонымен бірге тілдерге ортақ заңдылықтар да бар. Орыс тілінде болымсыздық мағына

«не» арқылы берілсе, ол қазақ тілінде -ма, ме тұлғалы болымсыз түрі мен «жоқ», «емес» сияқты көмекші сөздердің қатысуымен жасалған болымсыз сөйлемдерге сəйкес келеді. Бұдан синтаксистік құрылыстың, бұрыннан бар нормалары жетілу нəтижелерін көрсетсе, бір жағынан орыс тілі синтаксисі мен стилінің аударма тəжірибесінде орнықтылық сипат алғанын байқатады.

Орыс тілінде «не» барлық етістіктерде бөлек жазылады. Кейбір сөздерде ненавидетьжек көру, жаны жаратпау; негодовать-ашулану, əбден наразы болу; недоумевать-түсінбеу; несдобровать-сəтсіздікке ұшырау; неволитьмəжбүрлеу; недополучить-ала алмау, невзлюбить-жақтырмау; нездоровиться-науқастану сияқты орыс тіліндегі етістіктерде бірге жазылады. Осы аталған етістіктер «не» қосымшасыз қолданылмайды.

Осыған ұқсас етістіктер қазақ тілінде де кездеседі. Мысалы:

  1. Енесі міз баққан жоқ (Т.Нұрмағамбетов).
  2. Ол міз бақпады (Т.Нұрмағамбетов).
  3. Бірақ Көбең міз бақпады (О.Сəрсенбаев).
  4. Бағана кешкі мезгілде тұмсығына кигізген тұмылдырық жағын аштырмады (С.Жүнісов).
  5. Бұзаубақ жайын айтамын десе, аузын аштырмады (Б. Майлин).
  6. Салқын ақ бұлттай соқыр тұманның арасымен жылжыған топтың жүрісі маңдымады (С.Жүнісов).

Құрылымы мен қызметі біртұтас жүйелі құбылыста болатын тіл – белгілі бір тұлғалар арқылы дамып отырады. Қазақ тіліндегі болымсыздық тұлғаның заңдылықтары мен олардың өзгеру тенденциясы, айырым белгілері оның құрамына енетін жеке сөздер тіркесінен айқын көрінеді.

Ғалым С. Жиенбаев «Синтаксис мəселелері» атты зерттеу еңбегінде -ғаным жоқ тұлғасы туралы мынадай пікір айтады: «Өткен шақтық болымсыз етістік жоқ сөзімен айтылғанда, бірінші жақтық тəуелдік жалғау босқа жүреді. Мисалы, көрген жоқпын, білген жоқпын, алған жоқпын, барған жоқпын деген формалар көргенім жоқ, білгенім жоқ, алғаным жоқ, барғанымыз жоқ түрінде айтыла береді. Олай дегенде ешкім де бұл арада тəуелдік бар деп ұғынбайды, сондықтан ешкім де ілік жалғауды əкеліп, менің көргенім жоқ, менің білгенім жоқ, менің алғаным жоқ, біздің барғанымыз жоқ деп жатпайды, олай айтуға да болмайды»[13, 26]. Автор «менің алғаным жоқ» → «мен алғаным жоқ» → «мен алған жоқпын» болып келетін құрылымдардың соңғысының дұрыстығына көз жеткізеді.

Тілдің даму барысында кейде екі түрлі (не одан да көп) жүйе қатарласа қолданыла келіп, оның ішінде тілдің даму тенденциясына сəйкес келген біреуі жалпы халықтық сипат алып, тілдік норма ретінде танылады да, өзгесі қолданыстан шығарыла бастайды. Жалпы əдеби тілдік норманың кейбір сəттерінің өзгеріп, жаңаларының қолдау табуы синтаксис саласында да кездесіп жатады.

Бұлардың білдірер мағынасы бір болғанымен, нағыз тепе-теңдікте тұр деп есептеуге болмайды. Себебі амалға, ойлау түріне, сөйлеу мəнеріне қарай контексте берілуінде айырмашылық болуы мүмкін. Олардың қолданылу жиілігі де бірдей емес, кейбіреуі жиі (-ған жоқ) қолданса, кейбірі (-ғаным жоқ, -ма-й жатыр) сирек кездеседі. Дегенмен, осылайша түрлі варианттарда жұмсалуы əдеби тілдің нормасына жатады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан көргендей қай тұлғаны қолданысқа түсіру

автордың стиліне жəне бір тұлғаны қайталай бермеу талғамына да байланысты.

1-кесте – Болымсыз мағыналы баяндауыштардың жұмсалымы







Мен сіз туралы ештеңе

айтқаным жоқ

(Ә. Әлімжанов).

Мен көңіл айтқан жоқпын (Ш.Мұртаза).

Рахмет Дəуірдің кім екенін

білген жоқ (С.Ерубаев).

Әңгіме арбап күй тербеген жұрт, не жеп, не қойғанын өздері де білмеді /М.Мағауин/

Бірақ бұған кластағы балалардың ешқайсысы батылы жетіп күле алған жоқ

(Т. Нұрмағанбетов).

Мұғалімнің өзі де күле алмады

(Т. Нұрмағанбетов).

Арғы жағын оның өзі де талдап жатпады, не істеп, не қойғанын да айқын түсінген жоқ (түсініп отырған жоқ) (Х. Есенжанов).

Қазіргі абыржулы күйін өзі де анық түсінбей отыр

(Т. Нұрмағанбетов).

Етістіктегі болымсыз мағына аналитикалық форманттарменберілеалады. Бірақол, баретістік категориясымен қолданылмағандықтан белгілі бір шақтарда ғана қимылдың жасалмағанын, я жасалмайтынын білдіреді. Сондықтан болымсыз аналитикалық форманттар шақ көрсеткіштеріне ғана тіркеседі. Мысалы: көрген жоқсың, көрген емессің, көрер емессіз т.б. [14,58]. Қазіргі қазақ тіліндегі баяндауыштың болымсыз формасы бір-бірінен құрылымы жағынан ажыратылып, синтаксистік сипаты əр қилы болуымен ерекшеленеді. Бұл жайлар болымсыз мағыналы баяндауыштың жасалуын даралап айтқанда байқалады. Болымсыз сөйлемдегі мезгілдің, шақтың білдірілуін көрсететін мысалдарға назар аударайық:

  1. Енді топтың ішін көрмек емес (М. Әуезов).
  2. Жер көкте тұра алатын емес (Қ. Найманбаев).
  3. Ол менің сөзіме тоқтаубереремес (Т. Нұрмағамбетов).
  4. Базаралы осы үйге келсе де, Оралбаймен көп сөйлескен жоқ (М. Әуезов).

Болымсыз баяндауыштың тəуелдік жалғаулы есімшеге жоқ сөзінің тіркесуі арқылы жасалған түрі үш түрлі байланысқа түседі. Олар: тұлғалық байланыс, жақтық байланыс, сандық (жекешелік-көптік) байланыс.

Қалыптасқан тілдік құралдар мен тəсілдердің халықтың барлық топтарына түсінікті болуы – олардың нормалық құбылыс ретінде жұмсалуы қажетті шарттардың бірі.Баяндауыштың болымсыз түрін жасауда емес сөзі белгілі талғаммен жұмсалады. Сондықтан өткен шақ есімше мен емес сөзініңбірігуіарқылыжасалғанбаяндауыштық форма даралап айтуды қажет етеді. Көрнекті ғалым И.Е. Мамановтың пікірінше, бұрынғы өткен шақтың емес шылауы арқылы жасалған болымсыз түрі «ешқашан» деген ұғымды білдіреді [8, 128].

Болымсыз баяндауыш «-ған, -ген тұлғалы есімше + емес» типті тіркестер іс-əрекеттің болмағанын ерекше жігермен нандырып, нақтылап айту үші жұмсалады. Бұл типті баяндауыштың жақтық мағынасы да үш жақта көрінеді.

  1. Содан бері бір уақыт ұмытқан емеспін

(М. Әуезов).

  1. Бірақ сен еш уақытта бір істі шегіне шығарған емессің (Ә. Әлімжанов).

  1. Осы уақытқа дейін Айтуған ақсақалдың бұлайша өзгеруінің себебін жан білген емес (А. Сейдімбеков).

Баяндауыштың болымсыздық формасы ұмытқан емеспін, шығарған емессің, білген емес тіркестері іс-əрекеттің болмағандығының анық екендігінен хабардар етіп тұр.

Өткен шақтық есімше (-ған/-ген) есім сөздер сияқты тəуелденіп емес (жоқ) сөздермен де тіркеске енеді: -ғаным емес. Болымсыз мағына беретін -ғаным жоқ, -ғаным емес типті тіркестер жұмсалымын салыстырғанда -ғаным емес сирек ұшырасады. Бұл тұлғаның (ған+ым емес) осылай жұмсалуына біріншіден, -ғаным жоқ тіркесінің ықпалы болса, екіншіден, зат есімнің тəуелденіп жұмсалуы себепкер болса керек. Мысалы, Сенің сырың менің иманым емес? – деп Жаған солқылдап жылап қоя берген (І. Есенберлин).

Болымсыз баяндауышы «ған,-ген тұлғалы есімше + тәуелдік жалғау емес» болып жұмсалатын тіркестер іс-əрекеттің болымсыз мағынасын көрсетіп, жақтық мағынасы да үш жақта көрінеді.

Мысалдарға назар аударайық:

  • Апыр-ай, кіналағаным емес, көңіліңе ауыр алмашы, мейлі өзіңе ұнаса болды да (Ш. Мұртаза).
  • Бұл сенің өз айтқаның емес, Зəуреш, басқаның айтқаны (Ә. Әлімжанов).
  • Онысы ұлын жек көргені емес, тұрмыс солай еді ғой (Ш. Мұртаза).

Тұрмыстың онан басқа түрін іздеп көрген емес (Б. Шаханов).

Бұл мысалдардағы баяндауыштық тұлғалардан байқалатын нəрсе –емес сөзі тəуелденіп жұмсалған есімшеге тіркесіп бір бүтін болымсыз мағыналы құрылым құрайды.

Болымсыз мағыналы баяндауыштардың құрылымдық-функционалдықарақатынасынжүйе-

лі түрде сараптайтын талдаулар олардың қолданысындағы жиі, сирек жұмсалуын жəне стилистикалық жағын айқындайды. Мұндай синтаксистік тұлғалар тілдің синтаксистік құрылысын жетілдіруге оны икемді, орамды етуде қандай рөл атқаратындығын, оның тіл дамуындағы мəнін де аша түседі.

Р.С. Әмірдің пікіріне назар аударайық: «Болымды, болымсыз сөйлемдер өзара грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырайды. Болымсыз сөйлем болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады. Болымдылық, болымсыздық форма баяндауыштардың тұлғасы арқылы көрінеді. Өйткені болымды жəне болымсыз пікір субъект пен предикаттық сапаның қатынасына байланысты» [15, 83].

Зерттеуші ғалымдардың болымсыз баяндауыштар туралы пікірін келтіре отырып жəне бұл мəселеге арналған еңбектер мен қазақ тілінің фактілеріне сүйеніп, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Болымсыз баяндауыш құрамына енетін тілдік элементтердің əр түрлілігі;

Баяндауыш қызметіндегі тұлғаның синтетикалық жəне аналитикалық көрсеткіштермен беріліп, олардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерінің болуы;

Етістіктің болымсыз формасы арқылы жасалған баяндауыштардың жұмсалу нормасы болады, өйткені қай тілде болмасын ол тілдік нормаға бағынады, одан тыс қалыптаспайды.

 

Әдебиеттер

  1. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1988. –75 б.
  2. Төлегенов О. Жалпы модальді жəне мақсат мəнді жай сөйлем типтері. – Алматы: Мектеп, 1969. – 178 б.
  3. Абдығалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық категория: филол. ғыл. док. дис. – Алматы, 1998. – 344 б.
  4. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 447 б.
  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 223 б.
  6. Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы: Оқулық. – Алматы: Санат, 1994. – 320 б.
  7. Балақаев М.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1997. – 240 б.
  8. Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі (Етістік). – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 б.
  9. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 190 б.
  10. Левитская Л.С. Историческая морфология чувашского языка. – М.: Наука, 1976. –206 с.
  11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М.–Л.: Издат-во АН СССР, 1951. – 452 с.
  12. Лобанова Н. Вопросительные и отрицательные предложения в русском языке. – М.: Изд-во Моск. универ-та, 1971. – 82 с.
  13. Жиенбаев С. Синтаксис мəселелері. – Алматы, 1941. – 41 б.
  14. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. Тіркесімі, сөздегі орны. – Алматы, 1980.– 60 б.
  15. Әмір Р.Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.

Автордың аты-жөні, тегі: Р.Н. Дəрменқұлова