«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар – Қазақстан және қазақтар туралы – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
78

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:Сынып    Апталық сағат саны    Жылдық сағат саны
1-сынып     2 сағат    66 сағат
2-сынып    2 сағат    68 сағат
3-сынып    3 сағат    102 сағат
4-сынып    3 сағат    102 сағат
        
Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін  оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ кітап сөрелері, стендтер және оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын болуы міндетті.
«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:
–     шектеусіз интернет; 
–     компьютерлер немесе ноутбуктер; 
–     құлаққаптар;
–     жылжымалы тақта;
–     интерактивті тақта;
–     флип-чарт;
–     маркерлер; 
–     ламинатор;
–     есту-бейне материалдары ;
–     дидактикалық материалдар; 
–     шағын және көлемді жеке суретті кітаптар; 
–     сөздіктер (аударма, түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық т.б.); 
–     оқушыларға арналған энциклопедиялар;
–     жас ерекшелігіне сай әдебиеттер, қазақ ауыз әдебиеті материалдары; 
–     жас ерекшелігіне сай журналдар;
–     шағын және орта көлемді сюжетті кітаптар; 
–     бастауыш мектепке арналған көркем әдебиеттер қоры; 
–    постерлер; 
–    ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін); 
–    ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар; 
˗    ұлттық ойынға қажетті жабдықтар.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!