Қазақ тілі «Мәдени мұра – халық игілігі»

0
Мәтін жоспарыМәдени мұра – халық игілігі Мектеп:Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 4 Қатысып отырған оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылардың саны: Оқу мақсаттары: 4.1.2.1. мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту. Мәтіндегі азатжолдың рөлін байқату. Мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыру.Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсіндіреді; мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; мақалдың мазмұны бойынша мәтін құрайды; мәдени мұраларды қорғау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіреді. Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрады; тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді. Ойлау дағдыларының деңгейлері Мәтін анықтамасын біледі. Мәтіннің басқа тіл бірліктерінен ерекшелігін түсінеді. Мәтіннің жоспар құрып, оның мазмұнын айтуда білгенін қолданады. Мәтінді талдайды. Бағалау критерийлері: Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдейді Тілдік Мақсаттар Оқушылар жұмыс барысында өзгелердің ойын тыңдайды, талдайды, өз ойын жеткізіп айтады, сұрақтарға жауап береді, мәтін түрлерін анықтап, өз шешімін түсіндіреді.Тапсырмаларды орындау барысында әдемі, сауатты жазады. Пәндік лексика және терминология:Мәтіннің тақырыбы; мәтіндегі негізгі ойды болжау; Құсбегі, саятшылық Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл:

  • Мәтін дегеніміз не?
  • Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?
  • Мәтін бөліктері қалай жазылады?
  • Мәтіннің қандай түрлері бар?
  • Мәтіннің басқа тіл бірліктерінен өзгешелігі қандай?
  • Мәтіндегі негізгі ой деп нені айтуға болады? Құндылықтарды дарыту: Өз пікірлерін дәлелдеуге, өз ойын жүйелі баяндауға үйрету. Мәдени мұраларды қастерлеуді үйренеді. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Әдебиеттік оқу АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтадағы флипчарттар Бастапқы білім: Мәтін, қамқорлық жасау Сабақтың барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

  • Сабақтың басы
  • Өмірлік тәжірибені өзектендіру. Мақсат қою.

    Қызығушылығын ояту.Мұғалім … Балалар (хормен)Әрбір адам? … Туысым, досым, жұрағат.Әрбір сабақ? … Үйрену, ұғу, ұлағат.Әрбір ісің? … Тірлік, тірек, адамдық.Әрбір сөзің? … Шындық, бірлік, адалдық.— Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.«Нақты сұрақ, дәл жауап» әдісі.

  • Мәтін дегеніміз не?
  • Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?
  • Мәтін бөліктері қалай жазылады?
  • — Мәтіннің қандай түрлері бар?— Ендеше біз бүгін мәтін туралы алған білімімізді еске түсіріп жұмыс жасаймыз. Сабақтың ортасы Мағынаны ашуСабақ тақырыбы бойынша жұмыс. Үш қатарға тапсырма беру. Постер қорғау.1-қатар.     Қасқырдың суреті. Сөйлемді жалғастырып, мәтін құра. Қасқыр жыртқыш аң, себебі … .Сөйлемді жалғастыр. Бұл қандай мәтін? Дәлелде.2-қатар. Тоқылдақтың суреті.Мен орманнан тоқылдақ көрдім … .Бұл қандай мәтін? Дәлелде.3-қатар. Домбыраның суреті.Асыл домбыра үйірмесіне  қатысады.Бұл қандай мәтін? Дәлелде.Дескриптор. Мәтіннің түрін анықтау.Ойлау, бірлесіп жұмыс істеу.(ҚБ) Мұғалім оқушыларды қанатты сөздер арқылы ынталандырады: «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Ақылдысың!» Тыңдалым. 1-жаттығу: «Дауыстап ойлау» әдісі.(Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір-біріне түсіндіреді.)1топ: мәтінді дауыстап оқиды2-топ: мәтіндегі негізгі ойды табады3-топ: мәтінге жоспар құрады,Дескриптор. Мәдени мұра жайлы ойларын толықтырады. Бірлесіп жұмыс істеу.(ҚБ) Мұғалім оқушыларды қанатты сөздер арқылы ынталандырады: «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Ақылдысың!» Оқылым. 2-жаттығу: Мәтінді іштен оқиды.1-топ: мәтіннің мазмұнын айтады2-топ: құсбегілік жайлы ойын айтады3-топ: мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.Құсбегілік жайлы ғаламтор көздері арқылы тапқан материалдары бойынша мәтін құрап жазады.Дескриптор. Құсбегілік жайлы білімдерін толықтырады.(ҚБ) «Қолшапалақтау» әдісі. Оқушылар бір-бірін бағалайды.Айтылым. 3-жаттығу:1-топ: мәтінді оқиды2-топ: Қ. Ясауи жайлы өз ойларын айтады3-топ: негізгі ойды анықтайды.Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.Дескриптор. Мәтіннің негізгі ойын анықтату.Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар береді.«Бағдаршам» әдісі: оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті қимақағаздар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Сергіту сәті. «Жалқау сегіздер» жаттығуын жасату. Алдымен оң қолмен ауада жазылады, 3 рет, сосын сол қолмен, одан кейін екі қолмен бірге бірдей етіп жазылады. (Жаттығуды көзді жұмып тұрып ауада жазғызу).Жазылым. 4-жаттығу: Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіреді.Мақалдардың мазмұны бойынша шағын мәтін құрап жазады.Дескриптор: Туған ел жайлы мақалдар айтады.(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі: Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті қимақағаздар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Суреттер, А3 қағазы, маркер

    Оқулық, жұмыс дәптері

    Ғаламтор көздері, энциклопедия

    Оқулық, жұмыс дәптері

    Сабақтың соңы

    Сабақты қорыту.Рефлексия.

    Оқушылар сұрақ құрайды. Мысалы:

  • Сен жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгің келді?
  • Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұра.
  • Сен өз біліміңді бұдан әрі жақсартқың келген білім/түсінбеу саласын көрсет.
  • Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Эссе жазу.

    Қорапша, А4 қағазы

    Қосымша ақпарат Дифференциация — оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша күрделендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз? Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АКТ-ны байланыстыру.
  • Дарынды оқушылардың шығармашылық тапсырма кезінде білгенін ортаға салып, ақпарат іздеуде басқаларға бағыт бере білуі маңызды
  • Сұхбат кезіндегі белсенділік.

  • Өз бетімен және топта жұмыс істеу білігі.
  • Рефлексиялық бағалау.
  • Интербелсенді тақта, ғаламтор желісі, ақпараттық анықтамалық әдебиеттер