қазақ тілі емлесінің ережелері 2019 жыл
«Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа əліпби бойынша əзірленді.
Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа əліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу — сызумен байланысты:
— тілдің жалғамалылығы;
— тілдің ықшамдалуы;
— тіл дыбыстарының үндестігі;
— дауыссыздардың бір — бірі мен үйлесімділігі т. б.негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.
Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип бас шылыққа алынды. Сонымен қатар
қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі жəне фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.
Ережеде:
— латын негізді əліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мəнін білдіретін əріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;
— сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сəйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;
— қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара əріппен (у, и əріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;
— қазақтың əдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;
— латыннегізді жаңа əліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ əріптерінің жазылу баламасы берілді;
— бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тəртібі көрсетілді;
— шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;
— біріккен, кіріккен, тіркесті жəне қос сөздердің емлесі, сондай — ақ бас əріппен жазылатын
атаулардың жазылуы мен тасымалдың тəртібі көрсетілді

Дереккөз: http://bilimsite.kz/