Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі.Билер кеңесі. «Жеті жарғы». Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Атырау облысы Жылыой ауданы Нұрғанова Хадиша Едресқызы №9 жалпы орта білім беретін мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі.Билер кеңесі. «Жеті жарғы». Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Сабақ мақсаты: 1.Қазақ ұлы даласының атақты билерінің өмірімен танысу, ел қамымен «туған жер» — деп өткен билер туралы сыр шерту. 2. ХҮІІІ ғ қазақтың шешендік өнері, «Жеті жарғыға» түсінік беру,оқушылардың ойларын еркін жеткізе білуге, жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой — өрісін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Болашақ ұрпақты ізгілікке, елжандылыққа, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге,адалдыққа, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: пікірталас сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің суреттері, ақыл да дана сөздері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.- Қазақстан Республикасының әнұранын орындау
— оқушылармен сәлемдесу, зейінің сабаққа бейімдеп, сабақтың мақсатына, күтілетін нәтижеге тоқталып өту.
Сынып оқушылары үш топқа бөлініп, топ жетекшілері тағайындалады.
І топ «Даналар ұрпағы», ІІ топ «Шешендер жалғасы», ІІІ топ «Кемеңгерлер ізбасары» І. Кіріспе бөлімі.Қызығушылықты ояту сатысы. Топтастыру стратегиясы. 1. Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? 2.Бірінші кезеңге кімдерді жатқызамыз? 3.Екінші кезең өкілдерін ата?
Түрткі сұрақ: Би-деп кімдерді атаған? 1.Би — көпті көрген, яғни, «көре — көре көсем болған», көнені ғана біліп қоймай, болашаққа да болжам жасай алатын болған.
2.Би – айтар сөзін бірде астарлап, бірде мысқылдап, еттен өткізіп, сүйекке жеткізген. Қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсетін от ауызды, орақ тілді шешен болған. Билердің әділ сөздері еттен өтіп сүйекке жеткенде, оған ата жаудың өзі де қылыш көтермеген. Билер ел мен ел арасындағы қоғамдық мәні зор саяси мәселелерді шешуде хан — сұлтандардың негізгі тірегі, кеңесшісі болған.
3.Би адамның жан — дүниесін, мінез — құлқын бір көргеннен — ақ тап басып танитын әдепті психолог та болған. ІІ. Мағынаны тани білу сатысы. Қазақ шешендік өнерінің Үшінші кезеңі туралы не білсіңдер? Қазақ шешендік өнері ХҮІІІ ғасырда жақсы өркендеді. Үшінші кезең өкілдері Үш би.Тәуке ханның қазақ руларын жинап, үш ұлыста топтап, олардың басына үш би қойғанын тарих пәнінен білеміз. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» «Ханабад» ордасында қабылданғанын білеміз.
ІІІ. Сұрақ — жауап кезеңі.
І топ «Даналар ұрпағы»
— Қазақ елінің атақты билерін атайық?
— Ұлы жүзде — Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде — Әйтеке би, сондай — ақ, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
ІІ топ «Шешендер жалғасы», — Билерге тән басты қасиеттерді ата?
— Әділдік, шыншылдық, батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.
ІІІ топ «Кемеңгерлер ізбасары» — Билердің батырлығы неде?
— Олардың қолдарына қару алып жау шабуда емес, дұшпан алдында именбей, өткір тілмен турап түсетін әділетті сөз айтуында.
Жеті жарғы дегеніміз не? Жеті жарғы Заңдар кодексі.
«Ақсақалдар ережесі», «Билер шешімі», «Жөн-жосықтар» және де Шыіғыс ханның «Жаса» заңынан, «Қасымханның қасқа жолы» «Есімханың ескі жолы» секілді жол-жоралғылардан туындаған.
Әділдік, шешім деген мағынасы білдіреді.
Шешендік өнердің өркендеуіне не себеп болды? Шешендік өнердің өркендеуіне үш түрлі себеп бар екен.
1. Тәуке ханның қазақ руларын жинап, үш ұлыста топтап, олардың басына үш би қоюы
2. Жоңғар, ойрат хандықтарының тынымсыз шабуылы, сол кезде қол бастайтын көсемдердің, сөз бастайтын шешендердің қызметі күшті болды.
3. Қазақ шаруаларының патша үкіметіне қарсы көтерілістер дәуірі.
Міне, осы кезеңде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сынды батырлардың ел намысын жоғары ұстап, атқа қонды.
ІҮ.Ой толғау кезеңі
І топ. «Даналар ұрпағы»
Ұлы жүз – Әзіз Төле би (1663—1759 жж.) ХVІІ — ХVІІІ ғасырлардағы ұлы тұлғалардың бірі. Ол Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жазып бүкіл алаш халқына әйгілі болған. Абылай ханнан бастап, Бөгенбай батырға дейін ақыл, кеңес беріп келген атақты Бұқар жырау да Төле биді халыққа үлгі, өнеге етіп жырлады.
ІІ топ «Шешендер жалғасы» 3-топ «Кемеңгерлер ізбасары»
Орта жүз – Келдібекұлы Қазыбек би (1667—1764 жж.) 1667 жылы туып, 1764 жылы қайтыс болған. Олда Тәуке ханның «Жеті жарғы» әдеп — ғұрып заң жобасын жасаушылардың бірі. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген, атап айтсақ 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан.
ІІІ топ «Кемеңгерлер ізбасары»
Әйтеке би (1644—1700 жж.) Кіші жүз – айыр тілді Әйтеке би артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі, шешен билерінің бірі. Жоңғар — қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құруға ат салысып, үлес қосқан қоғам қайраткері. Әйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім.
Постер қорғау. Бидің міндеті, әрекеті, қоғамдағы орны.
Қазақ билері — ерте заманда қазақ даласында абақты, түрме дегендер болмаған.Осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарып, сол даналардың әділ шешімі барлық мәселені шешіп отырған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.
Қазақ билері әділдігімен елге сыйлы болған. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері
Қазақ халқының бұл дана билері сол бір жаугершілік заманда елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
Ұлы даланың ұлы даналарын болашақ ұрпағы ешқашан ұмытпайды.
3. Берілген сөздермен сөйлем ойла.
Көсем, шешен, ұрпақ, халық қамын ойлаған, ел намысы, ер намысы, дұшпан, халық майданы.
ІV. Қорытынды бөлімі. «Билер» тақырыбына сэнквейн жазу.
1 — Зат есім. / Әйтеке би /
2 — Сын ісім / ақылды, әділ, шешен. /
3 — Етістік / ойлайды, болжайды, шешеді./
Сөйлем / Әйтеке би кіші жүздің тапқыр билерінің бірі. /
V. Бағалау бөлімі.
VІ. Үй тапсырмасы . «Егер мен би болсам….» тақырыбына эссе жазу.
Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!