Қазақ өнерінің өркендеуі | туралы қазақша

0

Мәдениеттің дамуында 30-жылдардың басынан жаңа кезең басталды, ол кадрларды даярлауға байланысты. Жас әртістердің, әншілердің, музыканттардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және болашақ кадрлар даярлау мақсатымен 1932 жылы республикада тұңғыш музыкалық-драма техникумы, 1933 жылы музыкалық әртістер студиясы, ал келесі жылы тұңғыш музыка мектебі ашылды.

1933 жылғы күзде Қазақ мемлекеттік драма театрынан музыкалық студия бөлініп шықты. Бірқатар қалаларда жаңа музыка училищелері құрыла бастады, олар әдетте, көркем-өнерпаздар негізінде пайда болды. Көптеген талантты қыздар мен жігіттер кәсіби сахнаға ауысты. Дарынды жастар бұрынғыдай Мәскеу мен Ленинградқа оқуға жіберілді.

Халық өнері шеберлерінің слеттерінде үздік шыққан таңдаулы музыканттар Қазақ ОАК атындағы республикадағы тұңғыш халық аспаптар оркестрінің (қазір Құрманғазы атында) негізін құрады. Ол 1934 жылы мемлекеттік оркестр болып құрылды, оған композитор А. Қ. Жұбанов жетекшілік жасады. Е. Брусиловский жазған тұңғыш қазақ операсының сюжетіне қазақ эпосының «Қыз Жібек» лирикалық дастаны алынды (либреттосын жазған Ғ. Мүсірепов).

30-жылдардың аяқ шенінде жас қазақ театр кәсіби өнері одан әрі өрледі. Республикада қысқа мерзім ішінде театрлар саны жұмысшы жастар және колхоз-совхоз театрларын қосқанда рекордтық цифрға жетті: 100-ден асты.

1937 жылғы қарашада музыкалық театр негізінде Абай атындағы тұңғыш ұлттық опера және балет театры ашылды, 1938 жылы Өзбекстанға бірінші рет гастрольдық сапарға шығып, «Ер Тарғын» операсын көрсетті. Басты партияларды Күләш Байсейітова, Қаныбек Байсейітов және Құрманбек Жандарбековтар орындады.

Қазақ халқының музыкалық бай мәдениеті кәсіби қазақ музыкасының дамуына негіз қалады. М. Әуезов пен Л. Собелевтің «Абай» пъесасы бойынша қойылған спектакль республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Абай рөлін талантты әртіс Қаныбек Қуанышбаев өте нанымды әрі жарқын ойнады.

Театр өнері астанада ғана емес, сонымен бірге облыс және аудан орталықтарында да дамыды: екі үйғыр (кәсіби — Алматыда, әуесқой — Жаркентге), Шымкентге — өзбек, Петропавлда — татар, Қызылордада — кәріс театрлары пайда болды.

Әртістер республиканың өзінде даярланатын, 1937 жылы Алматы театр-музыкалық училищесін бітірген алғашқы топ (16 адам) түгелдей Ақтөбе облыстық қазақ драма театрына, ал 1938 жылы Ленинград театр училищесінің Қазақ студиясын бітірген 30-дан астам жастар Шымкентте жұмыс істей бастады.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1936 жылы Мәскеуде өткен бірінші онкүндігі — ұлттық өнердің жаңа замандағы гүлденуінің шеруі болды: сахна шеберлері талғамы жоғары Мәскеу көрермеңдері тарапынан жоғары баға алды. Әсіресе Күләш Байсейітова бәрін таң қалдырды. «Оның тамаша дауысы мен нәзіктігі барша жүртты баурап әкетті», — деп жазды «Советская музыка» журналы.

Халық аспаптар оркестрі де зор табысқа ие болды. «Сарыарқа» күйінің орындалуы жайында орталық «Правда» газеті былай деп жазды: «Мүнда жел тербеткен гүлдер, биік шөптің сыбдыры, кең далада желдіртіп келе жатқан салт аттының әні, сылдырап аққан бүлақтардың үні мен шарықтап үшқан бүркіттің саңқылы — бәрі-бәрі бар».

Қазақ халқьщың әдебиеті мен өнері қайраткерлерінің таланты мен шеберлігі жоғары бағаланды, жазушылардың, әртістердің мәдениет қайраткерлерінің үлкен тобы — Жамбыл, С. Сейфуллин, А. Жұбанов және басқалар мемлекеттің жоғары наградаларына ие болды, Күләш Байсейітоваға КСРО Халық әртісі атағы берілді. Онкүндікке қатысқандардың бірқатары Қазақстанның халық әртісі және еңбек сіңірген әртісі атанды.

Бейнелеу өнері. Қазақтың кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасуында орыс суретшілерінің жәрдемі тиді, олар алғашқы қазақ қыл қалам шеберлерінің үстаздары ретінде көп еңбек сіңірді. Әсіресе суретші Н. Г. Хлудовтың (1850-1935) алатын орны айрықша. Ол Қазақстанда 60 жылдан астам тұрып, суреттерінің бәрін дерлік біздің елге арнады. 1921 жылдан өмірінің ақырына дейін (1961) театр суретшісі, бояушы (живописші) болды. Жастардың қамқоршысы әрі ақылгөй ұстазы Н. И. Кругликовтың сіңірген еңбегі өте зор.

1926 жылы Қызылордада Бүкілқазақстандық бірінші сурет көрмесі ашылды. Бұдан кейін басқа қалаларда болған көшпелі көрмелерде танымал суретшілермен қатар Мәскеуде суретшілік жоғары білім алған жас қыл қалам шебері Г. Ысмайылованың, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтардың, А. Шекбековтың туындылары көрсетілді.

1933 жылы республика суретшілер Одағының құрылуы және 1935 жылы Алматыда ашылған сурет көрмесі — ондағы таңдаулы экспонаттар Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік Көркемөнер галереясының негізін қалады.

Ә. Қастеевтің «Жаңа мен ескі тұрмыс» атты еңбектерінің сериясы — республиканың мәдени өміріндегі тамаша қүбылыс. Автор қазақ еңбекшілерінің өткендегі ауыр тыныс-тіршілігін («Молда зекет жинауда», «Кедей мен бай құдық басында» т.б.) және халықтың қазіргі жаңа өмірін («Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы») асқан шеберлікпен бейнеленген.

Сол жылдары графика неғұрлым тез дамыды. Сахна өнерінің табыстары театр живописінің қалыптасуына да көмектесті. Суретшілер А. Зверев, А. И. Ненашев, Қ. Қожықов, О. Таңсықбаев осы жанрдың бастаушылары және ең танымал өкілдері еді.

1938 жылы Алматы театр-көркемөнер училищесі алғаш абитуриенттер қабылдады, онда көрнекті кәсіби суретшілер дәріс берді. 1939 жылғы қаңтарда тұңғыш рет ашылған бейнелеу өнері шығармаларының көрмесіне республиканың 32 суретшісінің 200 туындысы қойылды.

1940 жылғы маусымда өткен суретшілердің I съезінде Қазақстан қыл қалам шеберлерінің кәсіби дәрежесінің жоғары деңгейге көтерілгендігі атап көрсетілді.

Кино. Осы өнердің дүниеге келуі республикада көркем мәдениет өрлеуінің айқын көріністерінің бірі болды. Шетелдердің көптеген экрандарында көрсетілген «Түрксіб» кинотаспасы 1930 жылы Қазақстан материалы негізінде түсірілген алғашқы елеулі фильм еді. 1934 жылы Алматыда хроникалы-құжатты фильмдердің республикалық студиясы ұйымдастырылды. Ол Мәскеулік режиссерлер мен операторлардың көмегімен негізінен киножурналдар, қүжатты-публицистикалық очерктер шығарып тұрды. Дыбысты «Аманкелді» көркем фильмінің экранға шығуын (Ленфильм, 1938 ж.) ұлттық кино өнерінің бастамасы деуге болады. Рөлдердің бәрін дерлік қазақ әртістері — Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков, К. Байсейітова, Ш. Жиенқүлова, Қ. Қуанышбаев т.б. орындады.    .

Сол жылдары «Чапаев», «Ленин қазанда», «Ленин 1918 жылда» және басқа фильмдер қазақ тіліне аударылып, көрсетілді.

Мәдени-ағарту жұмысы. Баспасөз. Егер 30-жылдардың басына дейін мәдени-ағарту жүмысы көбінесе көлік үстінде жүргізіліп келсе, енді оларды мәдениеттің тұрақты ошақтары ығыстыра бастады. Мысалы, 1925-1936 жылдары Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ғана колхоздардың қаржысына 129 клуб, 210 оқу үйі салынды. 1939 жылы республикада 5309 клуб болды, олардың 4965-і ауылдар мен селоларда жүмыс істеді. Көгапілік кітапханаларының саны 3933-ке жетті, кітап қоры 5 млн. данаға дерлік көбейді.

Бүқараны тәрбиелеуде мәдени-саяси ағартау жүйесіндегі оқу үйлері мен қызыл отаулар маңызды орын алды. Олар көркемөнер үйірмелерін, ғылыми-техникалық және ауыл шараушылық қоғамдары мен үйірмелерін ұйымдастырды.

Баспасөз одан әрі дамыды. Газет-журналдар еңбекшілерді әлеуметтік-экономикалық және мәдени құрылыс жоспарын орындауға жүмылдыруда көп іс тындырды. 30-жылдардың аяғына қарай таралымы 10 млн. данадан асатын 337 газет (193-і қазақ тіліңде) және таралымы 1 млн. данаға жуық 38 журнал шығып түрды. 1940 жылдың басында әрбір тұрғын күн сайын екі газет пен журнал алып отырды. Кітап шығару ісі де біршама жақсы дамыды, 4 кітап баспасы жұмыс істейді, адам басына жылына үш кітаптан сатылды.

1939 жылы республикада дыбысты 268 киноқондырғы болды. Алматыда байланыс үйі салынғаннан кейін республикалық радио төрт тілде хабар тарата бастады.

24 мүражай халық арасында едәуір мәдени-ағарту жүмысын жүргізді. Село еңбеккерлерінің түрмысында, ауыл мен деревняның сыртқы келбетінде де үнамды өзгерістер одан әрі жалғасты. Селолық электр станциялары, мәдени-тұрмыстық және коммуналды мекемелер сальшьш жатты. 1940 жылы селолық жерде 5 мыңға тарта клуб, 984 киноқондырғы, 8,7 мың сауда кәсіпорны, 3,4 мың кітапхана бар еді.

Медициналық қызымет дамыды, соғыс алдындағы үш жылда 320 амбулатория мен аурухана үйі салынды. 1940 жылы 627 аурухана үйі мен 996 амбулатория-емхана және 1876 фельдшерлік-акушерлік пункт болды, оларда орта арнаулы білімі бар 12 мыңға тарта адам жүмыс істеді.

Мемлекет ана мен баланы қорғауға қамқорлық жасап отырды. Әйел еңбегін және ана мен баланың мүддесін қорғау жөнінде бірқатар заң актілері шықты, арнаулы медицина мекемелері қүрылды. 1940 жылы дәрігерлік және акушерлік мекемелерден басқа 269 әйелдер консультациясы, балалар емханасы мен амбулаториялар жұмыс істеді. Тұрақты жұмыс істейтін сәбиханаларда 16 мың, балалар бақшаларында 21,2 мың бүлдіршін тәрбиеленді. Көптеген балалар санаторийлерде сауықты. Осылар және басқа онды факторлар туып-өсуді көбейтіп, өлімнің едәуір азаюына мүмкіндік жасады.

Соғыс алдындағы жылдары бүкіл елдегі сияқты. Қазақстанда да дене шынықтыру және спорт кең өріс алды. Спортшыларды даярлауға баса назар аударылды, спорт құрылыстарын — стадиондар, спорт аландарын және т.б осындай құрылыстарды салуға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көбейтілді.

1938 жылдың жазында республикалық бірінші колхоз Спартакиадасы өткізілді, оған 600-ден астам спортшы қатысты. Онда 33 республикалық және I одақтық рекорд жасалды. 1940 жылы спорт қоғамдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарында 19 мың шаңғышы, 20 мың гимнаст, 1 мың автомобиль мен мотоцикл жүргізушісі, 600-ден астам альпинист және басқа да көптеген спортшы даярланды.

Алайда 20-30 — жылдары мәдениет саласы да экономика, мемлекеттік құрылыстағы сияқты күрделі қайшылықтарға толы құбылыстарға тап болды. Мәдениетті жасау мен құрту құбылыстары қатар өрістеді. Бір жағынан, мәдениет қауырт өркендеді; екішиі жағьшан, әсіре қызыл террор ешкімді аямады, ұлттың зиялыларын қынадай қырды деуге болады. Барша өмірді жаппай идеологияландыру халықтың мәдениетіне, адамдардың ой өрісінің еркін дамуына орасан зор нұқсан келтірді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Рысбай К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 2005. – 368 б.

#Қазақ #өнерінің #өркендеуі