Қазақ хандығына 550 жыл слайд,презентация

0

Қазақ хандығына 550 жыл слайд,презентация

 

Қазақ хандығына 550 жыл

 

Қазақ сөзі
Қазақ хандығының құрылуы
2015 Қазақ хандығына 550 жыл!
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ата-бабаларымыздан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан шежірелерде  Қазақ Жайыл­ханнан туады, Қазақтан Жұман, одан Әбілхайыр, одан Ақ  Арыс, Бек Арыс, Жан Арыс – үш жүздің балалары туған.
Қазақ сөзі «хас-сақ» деген ұғымнан шыққан. Мағынасы – нағыз сақтар. Сақ елі Орталық Азияны біздің жыл санауымыздан бұрын жайлаған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тайпалар одағы екенін көне грек тарихшылары Геродот, Страбон айтып кеткен 
Қазақ» деген сөздің мағынасы батырлықпен, ерлікпен еркін жүру, яғни, Еуропа тілімен айтсақ, «рыцарь» дегенге келеді деп, бірсыпыра ғалымдар болжам жасайды.
«…көне замандардан байтақ даламызда, алып аймағымызда қоныстанған этникалық  тарихы аса күрделі, байырғы тайпалық бірлестіктер қауымдасуының: сонау Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттері Түрік, Түркеш, Қарлұқ дәуірінің, Қыпшақ ұлысы, кейінгі Алтын Орда, Көк Орда, Ноғай Ордаларының құрамына кірген түркітілдес елдер мен жұрттардың топтасқан одағының ортақ атауы» 
          Қазіргі тарихшы-ғалымдардың тарихи мәліметтерді жан-жақты сараптауы бойынша, 1465 жылы Керей мен Жәнібек өздерінің сөзі мен ісін қолдайтын  өзбек мемлекеті жұртының бір бөлігін, нақтылап айтсақ, 200 мыңдай адамды соңынан ертіп қазіргі Жамбыл облысы Шу атырабының Қозыбасы деген жерінде Моғолстан ханы Есенбұғаның келісімімен Туын тігіп, алғашқы Қазақ хандығын құрады. Қазақ хандығы  уақыт өткен сайын нығайып, жерін кеңейтіп, қазаққа тиесілі аймақтарының басым бөлігін өзіне қаратты. Шекаралас аймақтар үшін  табандасқан күрес үстінде Қазақ мемлекетінің аумағы қалыптасты. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударып келген қазақ ру-тайпаларын ғана емес, сондай-ақ, Жетісу алқаптарын, Алатаудың бөктерін ежелден мекен еткен тайпаларды біріктірді. Биліктің Керей мен Жәнібектің қолына өтуі «көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдай өзгермегенімен, бұл оқиға  «көшпелі өзбектер атының» Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Сөйтіп, Жетісу өңіріне қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады. Бұл атау ХV ғасырдың ортасынан ауған шақта Жетісу өңірін мекен еткен түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!