Қазақ хандығы слайд,презентация — Тарих

0

Қазақ хандығы слайд,презентация

 

 

 

 

1428 жылы  Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті келді. Ол кезде Дешті-қыпшақты Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. 

Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп  Әбілқайыр  хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Түркістанды, Сығанақты біресе қазақ хандары біресе Мұхаммед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ,Сығанақ,Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.Дешті Қыпшақта  қазақ хандары билігінің орнығуы,Мұхаммед Шайбани  Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!