Қазақ халқының рухани мәдениеті слайд,презентация
Қазақ халқының рухани мәдениеті слайд,презентация
Мәдениет. Рухани мәдениеттің теориялық әдіснамалық-негіздері
Қазақ халқының рухани мәдениеті
Тіл және жазу.
Діни нанымдар.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі.
Қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз.
Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды.
Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:
— Көкке түркі тәңірісі,
— Тәңірі қуат берген соң,
— Тәңірі жарылқағандықтан.