Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні | Скачать Материал

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




Мәдениет ұғымы
Мәдениет дегеніміз не? — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің
этимологаясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне
тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият — қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан тусінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады.
Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты культура мен
натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді еңдеу
деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде
(б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды
білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру,
даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы; ә) міәдениет — адамзат қауымының белгілі бір
тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,
критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.; б) мәдениет — адамдық
әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек
мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро — мәдениет (дәнді өсімдіктер
мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.)
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның
тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи
қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан
анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға,
яғни Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-
ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір
мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың
синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, мәдениет
ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап
көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-
баптаумен тығыз байланысты болды. Демек мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-
бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда,
егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса
бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен
байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және
тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақихат, ендеше білім
мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады.
Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық
деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық.
Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың
санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен
бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала
заңдары мен кала азаматтарын бәле – жаладан қорғады. Міне, сондықтан да
болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше
дәріптейді. Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары
сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды,
қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен
борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да
мекемелерінің жұмыстарына және т.б. қатысу) мүлтіксіз орындап отырды.
Мұндай қалаларда медениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі
жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала
азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл
процесті пайдейя (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу,
окыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет
деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана
байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның
өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды
тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға
деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік кұндылық бар, оның негізінде
мәдени процестердің мақсаты үшін күресетің адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде
В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: Грек мәдениетінің
идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал
Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді (Г.В. Драч.
Культурология. Ростовна-Дону, 1995, с. 26). Грекияда негізінен мәдениеттің
аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең
генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттермен қатар, адамзаттық
қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар хол білім жолы
болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: Көп жылдық Афин мектептеріндегі
білім берудің түпкі мақсаты — оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі
екендігін толық сездіру болып табылады (Г.Е. Жураковский. Очерки по
истории античной педагогики. Москва, 1940, с. 42). Балаларды мектепте жазып-
сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка
сабактары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу
арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, пшнастихамен
айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын
жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі
кене пайдейяның гуманитарлық қызметімен қатар, кене мәдениеттің дамуына
ықпал жасағандығын керсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұндай білім беру
жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей,
жастарды қоғамдық өмірге де дайындада. Демек, грек коғамның белсенді мүшесі
болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды
толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер даналық
табыстар — нома (зандар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында
ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды.
Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің табиғатымен байланысып ешуақытта
жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.
Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм
дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек
пайдейясының идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей
берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім
берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті.
Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан
мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған
ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне
мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық
мәдениет политеизмге монотеизмді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге
(сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және
логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі
қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды.
Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының
қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай
политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы
өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші
кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен
өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда
мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті
адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын
мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық аспандық
дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше
ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған
ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың,
ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы ақыл-ой мен ең жоғарғы
әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз
мүмкіндіктерін жетілдіру, оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда
табиға бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды жетілдіру
тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне
көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашыдды, қоршаған ортаға басқа
рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы
жаңа өлшемдер — махаббат, үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді. Адам
өзінің өлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол езінің дәрменсіздігіне
қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның
мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда.
Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның
Құдайтағаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін
мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, оз
мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық
мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес,
шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты
қалыптасуымен сипатталады.
Жана заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің
көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен
ортағасырлар мәдениетін нақты-түсіну және оған шындық тұрғысынан
қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта
құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең
рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше
үлес косқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда — Тоиланд, Францияда —
Вольтер мен Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете, Шиллер және т.б.) дүние
мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың
ақыл-ойының … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

Дереккөз: https://stud.kz