Қазақ әдебиетінің тарихы | туралы қазақша

0

Қазақ әдебиетінің тарихы жайында, оның түп-төркіні жайында не айтуға болар еді. Әдебиеттану ілімі күнделікті әдебиет үлгілерін ғана тәптіппен қоймай, ол сонымен бірге әдебиет құбылысының әргі-бергі тарихын кеңінен, терең зерттеуге тиіс. Қазақ әдебиетінің тарихын жеке бір дәуір аумағында ғана емес, коғамдық формациялар эволюциясымен тұтастыра зерттеу әдеби процестің қалыптасу, даму заңдылықтарын толық ашып береді. Демек, әдебиет, мәдениет тарихы халық тарихымен тығыз әрі табиғи байланыс тұрғысында карастырылуы керек.

Егер біз қазақ халкының басынан кешкен қоғамдық формацияларға зер салсақ, онда сол әрбір дәуірдің өзі тудырған мәдениет, әдебиет үлгілерін аңғарып таныған болар едік. Ол үшін тіпті әріге бармай-ақ, заманымыздың VII ғасырында дүниеге келген Түрк кағанаты кезеңінен бергі жерді қысқаша шолып карайықшы…

Ежелгі жазбаларда, тарихи ескерткіштерде бұл дәуірдің ірі мәдениет ошағы, ғылым ордасы ретінде Қазақстанның Отырар (Фараб), Тараз, Исфиджаб (Сайрам), Сүткент, Сығанақ, Сауран, Баршынкент, Янгикент, Алмалық, Қойлық, Екіөгіз, Ілебалық, Ясы, Баласағұн, Меркі, Құлан тағы басқа қалалалары аталады. VII-IX ғасырларда шеберлік, сәулет өнерлері кең өріс алады. Мұны дәлелдейтін бірсыпыра ғаламат ескерткіштер бізге дейін жетіп отыр. Олардың ішінен Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи мазар-мавзолейі өзінің архитектуралық шешімімен, әсем ою-өрнектерімен тамсандырып, таңдандырады.

Жазба деректемелер мен жер астынан табылған өнер бұйымдары сол кездердің өзінде-ақ профессионал шеберлердің-ұсталардың (теміршшердің), зергерлердің, тас қалаушылардың, қолашылардың, тас оюшылардың (бәдізшілердің) — болғандығын көрсетеді. Бұл жайында Византия елшісі Земархтың жазып қалдырған құнды деректері де өте қызықты.

Аталған кезеңнің шеберлік өнері сонау біздің заманымызға дейінгі сақ, үйсін, каңлы дәуірлерінде туған ертеректегі мәдени дәстүрлер негізінде дамиды. Сол кездердің сакталып бізге жеткен тарихи аңыздарында халықтың ұғымына сәйкес қасиетті жерлер, соғыста қайрат көрсеткен ерлер дәріптеледі. Мұның мысалы ретінде көне жазуларда ерекше аталатын тамаша «Отыкен» қойнауы мен ғажап тау алқабын, Ергенекөң жайындағы жыр жолдарын, басқа да әсерлі аңыз-ертегілерді айтуға болар еді. Сол аңыз-ертегілерде аталған жерлер ыдырап тозған елдің құтты мекені, шапқыншылықтан қажыған ердің панасы ретінде суреттеледі.

Осындай аңыз-әңгімелердің негізінде келіп VII-IX ғасырларда халық ауыз әдебиеті ерекше дамыды, мұнда халық бұқарасының мұң-мүдделері, езгі көрген ауыр тұрмысы, олардың еткен енбегі, бостандык сүюі, жат ел жаулаушыларына өшпенділігі бейнеленген».

Сөз болып отырған дәуірде казақтың Асан қайғы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Кадырғали Қосынұлы Жалайри сияқты ойшылдары, тарихшылары; Сыпыра жырау, Шалкиіз, Қазтуған, Ақтанберді, Бұкар сиякты ақындары мен жыраулары өмір сүрген, көл-көсір дастандар, эпостар, салт жырлары туған. Осыған карағанда бұл дәуірде, көпшелілік жағдайға байланысты, казақ халқының ауыз әдебиеті, соның ішінде эпостык, салттық жыр-дастандары, ақындық, жыраулық өнері кеңірек дамығаны байқалады.

Казақ хандығы дәуірінде шығарылған әдебиет туындылары, көбіне, бұрынғы кьшшак тілінде шығарылды да, гылыми еңбсктер бұрынғы кітаби, шағатай тілі деп аталатын ортақ әдеби тілде жасалды. Осылар негізінде қазақтың әдебиеті қалыптасты.

Қазақ халқы XIX ғасырда Россияға қосылып болды. Осыдан бастап алдынғы катарлы орыс ойшылдарының игі әсерімен казақ халқының саяси-әлеуметтік тұрмысы, шаруашылығы мен мәдениеті өсе түсті; казақ тілінде көптеген кітаптар басылды, газет-журналдар шығып тұрды; қазактың жаңа окығандары, озат идеялы орыс мәдениетімен үлгі алған зиялы адамдары — Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт, т.б. шықты. Сөйтіп, бұл дәуірде қазақ халқының жана әдебиеті — демократтық-ағартушылық идеялы сыншыл-реалистік әдебиеті туып өркендеді. Онда әдебиет жанрларының жаңа түрлері, көркем проза, публицистакалық шығармалары пайда болды, бірді-екілі драмалық шығармалар көріне бастады. Жырдың өзі де заманға сай жаңа сипатқа көше бастады.

#Қазақ #әдебиетінің #тарихы