Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі — ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе
8.Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Сабақ барысы:
Мағынаны тану
Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
«Сұрақтар жаңбыры»
• Эссе деген не? Өзге жазылымдардан қандай ерекшеліктері бар?
• Эссе қалай жазылады?
• Эссе қандай түрлерін білесіздер?
• Тезистік пікірде нені қамту керек?
• Негізгі бөлімді неліктен бірнеше азатжолдарға бөлеміз?
• Қорытынды бөлімде нені тұжырымдау керек?
1 -тапсырма Ж.
• Оқушылар Қорқыттың «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыры» мен нақыл сөздері бойынша оқығандарын жинақтап, ментальді карта жасайды;
• «Қорқыт ата кітабы – адамзатқа ортақ игілік» тақырыбында шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Дескриптор:
— Қорқыт шығармалары бойынша ментальді карта жасайды;
— гуманизм тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
— әдеби эссеге қойылатын талаптарды сақтайды;
— грамматикалық сауаттылықты сақтап жазады.
3-тапсырма «Еркін микрофон»
Бір-бірінің жазғандарын алмасып оқып шығады. Өзіне ұнаған эссенің маңызы бөліктерінен үзінді келтіріп, ойын «Еркін микрофонда»ортаға салады……


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com