Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR | сабақ жоспары Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 2-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Ақтамберді жырау«Күлдір

0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі — ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 2-сабақ
Оқу мақсаты: 8.А/И1.Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарманың құрылымын жан-жақты талдайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Конверт сұрақ»
Оқушылар толғау мазмұны бойынша 2-3 сұрақ жазып, конвертке салады. Әрқайсысына екі минут беріледі.Оқушы стикерге атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі. Топ спикері стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқып, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. Оқушылар сұрақты шығарманың композициялық құрылымына сай құрастырып, пікір алмасады.
1.«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауының идеясы қандай?
2. Толғау қандай ойға неге жетелейді? т.б.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарманың құрылымын жан жақты талдайды. • Шығарманың құрылымын ретімен көрсетеді;
• Оқиға желісін өз ойымен байланыстырады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «Сюжеттік кесте»
Оқушылар сандар бойынша төрт топқа бөлінеді.Топ мүшелеріне толғау бөліктері бірнеше бөлікке бөлініп таратылады.
Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелері мәтін бөліктерін біріктіреді:
• Сюжеттің басталуы
• Сюжеттің байланысы
• Сюжеттің дамуы
• Сюжеттің шиеленісуі
• Сюжеттің шарықтау шегі
• Сюжеттің шешімі
Сюжеттік-композициялық талдауда сюжет реттілігі бойынша «сюжеттік кестені» қолдана отырып ойларын жеткізеді.
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге?
3. Мағынаны тану
2-тапсырма «Тақырыптық теннис» әдісі
Оқушылар төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді. Үш ойыншы, бір судья. Ойыншылар толғауды композициялық құрылымға сай қарасөзбен мазмұндап айтуы керек. Топтың төртінші ойыншысы есеп жүргізіп отырады. Төртінші ойыншы әңгімені мазмұндаушы ойыншылардың біріншісін тоқтатқан кезде келесі ойыншы оның ойын жалғастыруы керек. Ойын мазмұндаушының бірі тоқтағанға дейін жалғаса береді.
3-тапсырма «Серпілген сауал» әдісі
Оқушылар Бекболат Тілеуханның орындауындағы «Күлдір -күлдір кісінетіп» толғауын тыңдайды. Сонымен қатар толғау мәтіні де оқушыларға таратылады. Оқушылар естігендері мен оқығандарынан алған әсерлері бойынша пікір алмасады.
Пікір алмасу сұрақтары:
• Толғау туралы ойыңыз қандай?
• Тыңдағаныңыз бен оқығаныңызды қалай байланыстырар едіңіз?
• Қандай әсер алдыңыз?
4. Бекіту
4-тапсырма «Өкіл» стратегиясы
Сынып топқа бөлінеді, топтарға Ақтамберді жыраудың толғаулары туралы айтылған пікірлер таратылады, оны топпен талқылайды. Әр топтан бір адам «өкіл» болып басқа топқа барады. Барған тобына пікірлер бойынша туындаған өз тобының көзқарасын жеткізеді, басқалардың сұрақтарына жауап береді, басқа «өкілдерді» тыңдайды, олардан алған ақпараттарын жинақтайды. Өз тобына қайта оралады. Топ ішінде жинақталған ақпараттар бойынша талқылау жүреді, талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері толғаудың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып ары қарай жалғастырып жазады.
Қабілеті жоғары оқушылар «өкіл» болып сайланады, мұғалім «өкілді» өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды.
5. Салыстыру
5-тапсырма
Жырау заманындағы азат ел болу жайлы арманы мен бүгінгі қазақ елінің дамыған ел қатарына қосылып, «тәуелсіз ел» атануын салыстырыңыз.
6.Бағалау
6 — тапсырма «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы жүзеге асады.
Оқушылар «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы үш адамнан тұратын топқа бірігеді: спикер, интервьюер, хатшы. Әр топқа «Біздің тақырып» атауымен Ақтамберді жырау толғауынан алынған «Атымтай Жомарт, нөкер сайлау, шүлеңгір мырза атану, дұшпаннан кек алу» сөздері мен шығарма үзінділері жазылған үлестірме қағаздар таратылады.
СПИКЕР «Біздің тақырып» бөлігіндегі сөздерді шығарма үзінділерімен салыстырады (немесе шығарма идеясы туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. Бағалау критерийіне сай қорытынды ойын айтып, жауаптар мен сұрақтарға баға береді.
Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды «ИНТЕРВЬЮЕР» рөлін атқаруға бағыттауы қажет.Топ мүшелері спикерлерді сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды……


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com