Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алып Ер Тұңға» жыры 1- сабақ (6 сынып, I тоқсан ) | сабақ жоспары «Алып Ер Тұңға» жыры 1- сабақ 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, «Алып Ер Тұңға» жыры 1
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім — аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Алып Ер Тұңға» 1- сабақ
Сабақ мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
«ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ОЙЛАНУ». әдісі
1. Берілген суреттердің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойласыздар?
2. Суреттерді не байланыстырады?
3. Тәуелсіздік монументінде неліктен «Алтын бекзада» мүсінделген?
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Берілген ақпараттарды топтарға бөліп, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі негізінде өз ойын білдіру. Топпен орындалатын жұмыс түрі.
1. Алып-Ер Тұңға – аты аңызға айналған тарихи тұлға ,түрік мемлекетін ұйыстырған көсем. Ол — біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, «Алып» — сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.
2.Алып-Ер Тұңға – Иранның ұлы жазушысы Фирдоусидің «Шаһнама» кітабына кейіпкер болған. Онда Афрасияп, Тұран патшасы болып суреттеледі. «Тұран» – Тұр елі – түріктер елі деген сөз. Ол замандағы түріктер Енесай мен Ертіс, Дунай бойлары, Ауғанстан мен Иран, Сирия, Түркия жерлерін мекендеген. Көк Тәңіріне табынып, түрік жазуымен жазған.
3.Алып – Ер Тұңға – тарихи адам. Ақыл-айласымен, күшімен, айтса сөзін өткізіп, тірессе жеңіп, елді — ел қылған батыр әрі көсем. Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау ауыздан-ауызға тарап, одан ХІ ғасырда түрік ғалымы Махмұт Қашқаридің «Түркіше сөздігіне» кірген, сөйтіп біздің дәуірімізге жеткен.
4.Алып Ер Тұңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин т.б. аса құнды пікірлер айтқан. Бұлардың бәрі де дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңғаны сақтар дәуірінде өмір сүрген мемлекет қайраткері ретінде сөз етеді. Олар, әсіресе, Тұран мен Иран арасындағы соғыста Алып Ер Тоңға өзін аса дарынды қолбасшы ретінде танытқанын ерекше атап көрсетіп отырады
5.“Алып ер Тұңға” дастанының негізгі идеясы — Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл дастан Алып Ер Тоңғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. Алып – Ер Тұңғаға арналған жоқтау – ежелгі түрік әдебиетінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептелген.
Оқыған және тыңдаған деректерің арқылы төмендегі сұрақтарға жауап бер.
Ақ қалпақ. Фактілер, сандар және ақпараттар. Қандай ақпартпен таныстық? Қай ақпаратты Ең маңызды деп танисың?
Қызыл қалпақ. Эмоциялар, интуиция және болжам. Оқыған ақпараттар маған қалай әсер етті? Неліктен?
Қара қалпақ. Негативті ойлар Берілген ақпарттар қаншалықты шындыққа жанасымды? Айғақ па, әлде пікір ме?
Сары қалпақ. Позитивті ойлау Бұл ақпараттар қазіргі заманда маңызы,себебі қандай? 2 факті келтіру
Жасыл қалпақ. шығармашылық ойлау қалпағы. Алып Ер Тоңға ерлігінің өміршеңдігі неде? Тәуелсіздіктің бастау алар бұлағын Алып Ер Тоңғамен байланыстыра аламыз ба?
Көк қалпақ. Барлық ақпартты қорытындылау біріншіден — басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, екіншіден — өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
2-тапсырма. «Алып Ер Тұңға» өлеңін оқыңыздар. Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер. Сұрақтарға жырдан үзінді келтіре отырып негіздеңіз.
1. Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма?
2.Жыр жоқтауда адамның қандай сезімі бейнеленген?
3. Алғашқы 6 жолдағы іс – әрекетке анықтама беріп, ондағы ойды түсіндіріңіз. Риторикалық сұрақты пайдаланудағы мақсат неде?
4. Өлең жолдарындағы халықты өкінішке душар ететін мәселені анықтаңыз, түсініктеме беріңіз.
5.Өлең жолдарынан адам бейнесіне тағар сынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді білдіріңіз.
6. Жырда заман мәселесі(проблемасы) қалай көрініс тапқан?
3-тапсырма. Тапсырма жеке/жұппен/топпен орындалады.
Тапсырма «Алып Ер Тұңға» өлеңін талдаңыз. Талдау келесі үлгі бойынша жүргізіледі. Өлең талдау
Өлеңінің тақырыбы_________________________________________________
Идеясы___________________________________________________
Қолданылған әдеби құралдар
1.Аллитерация_____________________________________________
2. Риторикалық сұрақ_____________________________________________________
3.Теңеу___________________________________________________
4. Эпитет_________________________________________________
5.Тұрақты сөз тіркестері
Көркемдегіш құралдың өлеңге берер әсері (Бұл тәсіл неліктен қолданылғанына талдау жүргізу) __________________________________________________________
Маған ұнаған өлең жолдары. Неліктен?____________________________________
Өлеңде көтерілген тақырыптың заманмен байланысы___________________________
Өлеңге берер ….
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!