Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 3-сабақ (6 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім — аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Төмендегі мақаланы оқы. Ертегіге тән ерекшеліктерді өз сөзіңмен дәптеріңе түртіп ал (конспектіле)
Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады.
Халқымыз ертегілерді өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Ондағы алуан түрлі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, олардың тапқырлық, айлакерлік, адамгершілік, ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де ертегілердің тәрбиелік мәні зор болған.

Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Сұраққа жауап бере отырып, көтерілген мәселені анықта.
Сұрақтар Менің жауабым Көтерілген мәселеле немесе ертегі идеясы
Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті?
Хан оларды табуға қанша уақыт берді?
Тастың ішінде қандай неше құрт бар?
Хан Жаманды қайда жұмсады?
Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?
Хан Жаманға қандай тағам бергізді?
Жаман тұлпардың неге шатыс екенін
айтты?
Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң
бітеді?
Байлығы мен елдігі ханға парапар кім?
Қырық уәзір Жаманды неше күншілік
жолға шығарып салды?
2- тапсырма
Төменде берілген пікірді оқы.
Қай елде болмасын, жалпы ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі. Оның мақсаты – тыңдаушыға өмірдегі жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен сұрқиялық, ізгілік пен жауыздық, олардың өзара күресі, бастабында ылғи да жамандық, сұрқиялық, жауыздық жеңгенімен, түптің түбінде жақсылық жарқырап көрініп, әділеттілік салтанат құрып, ізгілік жеңіс тұғырына көтерілетіндігі туралы ғибрат беру. Яғни ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөл атқарады. Басқаша айтқанда ертегі жанрының функциясы өте кең. Сондықтан қандай ертегі болмасын, оның ең басты мақсаты – сюжетті барынша қызықты да таңғажайып етіп ала отырып, оны көркемдеп, әрлеп баяндау. Қазақ халық ертегілерінің ішінде мұндай үлгідегі ертегілер өте мол.
Солардың бірі – «Аяз би» ертегісі. Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.
Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.
Д.Мәсімхан
Мақаладағы үш маңызды пікір
______________________________
Мақаладан мен түйген ойлар
______________________
Ертегілердің идеясы___________________
3- тапсырма
Кестені толтыр. Бұл кесте «Сегіз қырлы ой кестесі»деп аталады. ойыңды ертегі мәтінімен байдланыстырып дамытып айт.
Ертегіде кездесетін сандар
Нені білдіреді?
— Бұл оңай жұмыс емес. Бастарың өлімге байланған екен. Жақсы енді болмас, тағы да бір амал табайын. Сендер бір ат қалдырып, басқа аттарыңды сойыңдар, киімдеріңді өртеп, сонымен бір аттың етін пісіріңдер, мен мына қалған атқа мініп сендерді ханға жалаңаш айдап барам. Егерде сендер, арланып, қастық етпейтін болсаңдар, мен сендерді хан алдында құтқарып алам, Кімнің сөзі? Сөзіне қарай мінездеме бер.
Қай кейіпкер? Уәзірлерімнің күнәсін кешірдім. Неше рет екеуміздің арамызға от салып, қоныс аударып, көшіп кетуге себеп болып еді. Сонысына ызаланып: «Өздері әбден жеңілсін, кінәларын мойнына алсын!» — деп едім. Менің тілегім орындалды. Ал, халық, мен де біраз хан болып, қызық көрдім. Ендігі хандығымды мынау досыма берем.
Көңіл күй Меңді қыз көңіл күйіндегі алаңдаушылықтың себебі неде?
Әрекет Қырық уәзір әрекеті қандай?
Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма
Төмендегі дәйексөздерді (цитата) пайдалана отырып, ертегі идеясын ашып жаз
• ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік қүру тәжірибесіне байланысты туған;
• ертегілерден адам баласының түрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады;
• ертегілерден адам баласының түрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық-мәні бар мәселелер көтеріледі;
• Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танымы мен көзқарасы, т.б. көрініп отырады;
• Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше қорытынды жасап, әділ бағасын беріп отырады; нені ұнататындығын, нені жек көретіндігін …..
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com