Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: №1 практикалық жұмыс
«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал — жабдықтармен танысу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 1. 1. 2 — химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
Сабақтың мақсаты: Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну.
Бағалау критерийі
— Химия лабораториясында және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі, түсіндіреді.
— Лабораториялық жұмыстарды орындағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану.
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ма, оқушылар.
Тренинг «Көңіл күй»
— Оқушылар орындарымыздан тұрып бір — бірімізге көңілді кұй сыйлаймыз. Балалар орындарынан тұрып бір — біріне жымия күледі.
Үй тапсырмасын тексеру
мақсатында химия ұғымына анықтама беру үшін «Домино» әдісі бойынша кесінділерді беремін. Берілген сөздер жинағын қолдана отырып, «Химия» ұғымына анықтама құрастырады..
ЖЖ
1. Тапсырма Берілген сөздер жинағын қолдана отырып,
«Химия» ұғымына анықтама құрастырыңыз.
Дескриптор берілген сөздер жинағын дұрыс ретімен
орналастыра отырып химияны ғылым
ретінде сипаттама береді.
Дұрыс анықтамасы тақтада жазылады
«Химия пәні — заттардың басқа заттарға айналып олардың түрленуін қасиеттерін қарастырады.»
БТ
Мұғалім ауызша үй тапсырмасын жақсы немесе толықтыру керек екенің айтады. Дұрыс орындаған оқушыларды
мадақтайды.
Топқа бөлу
Мұғалім
— Балалар сіздер қандай лабораториялық құрал — жабдықтарды білесіздер. Олар атай бастайды: сынауық, тамызғы, құты, спиртшам.
— Енді стол үстіндегі қиықшаларды алып топқа бөлінеміз. бірінші сынауық тобы, екінші спиртшам тобы, үшінші тамшуыр тобы.
Осы атаулар бойынша үш топқа бөлемін.
Мұғалім
— Бүгін біздің сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал — жабдықтармен танысу» Мақсатың химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және сақтау керек екенің дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы,
Новоселовка ауылы, Новоселов орта мектебі КММ.
Химия — биология пәнінің мұғалімі Касеинова Айнаш Рахметоллина