Қатынас ыдыста, су құбыры, қысымның өлшем бірлігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: резеңке түтікпен жалғасқан шыны түтікшелермен тәжірибе жасай отырып, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: тұрмыстан, өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, өмірге бейімділігін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым қалыптастыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгіме, жаттығулар орындау, ашық – ой сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, қатынас ыдыстар, приборлар, тірек схема.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталаймыз.
№1. Тапсырма: Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
Жауабы: Бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тәуелді болады.
№2. Тапсырма: Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Сұйық қабаты неғұрлым төмен болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су алысқа шашырап шығады.
№3. Тапсырма: Қысым дегеніміз не? Қысымның өлшем бірлігі:
Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама р= F/S;
Қысымның өлшем бірлігі: Н/м 2; Па
Қатынас ыдыста. Су құбыры жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/