Қатерлі ісік өсу биохимиясы слайд,презентация

0
266

Қатерлі ісік өсу биохимиясы слайд,презентация

Қатерлі ісік өсу биохимиясы

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы: Қатерлі ісік өсу биохимиясы. Канцерогенездің молекулярлы аспекті. Лейкоздар
 Кіріспе
  Ісіктерге жалпы түсінік
    
  Негізгі бөлім
Қатерлі ісіктерге сипаттама
Қатерлі ісік өсу биохимиясы
Канцерогенездің молекулярлы аспекті
Лейкоздар 

Қорытынды
     Ісік ( лат.-tumor, blastoma, грек-neoplazma, орыс.- опухоль)- тұтас организмнің  жүйкелік-эндокриндік  реттеулеріне  бағынбай, өз бетінше дербес өсетін,  құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан  үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын , дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп –өніп кетуін айтады.
      Ісік дамуының этиологиясына әртүрлі  ( химиялық, физикалық, биологиялық) ықпалдар әсер етеді.
  Өспе дамуына әкелетін химиялық заттар  канцерогендер деп аталады.
  Барлық канцерогендер экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
 Экзогенді канцорегендер:
– көп оралымды хошиісті көмірсутектер: фенантрен, 3,4-бензпирен және т.б;
-оралымды аминдер: нафтиламин, бензидин;
-аминдік азоқосындылар:  диметиламиноазобензол т.б;
-бейорганикалық химилық заттар: хорм, қорғасын, мышьяк, кадмий

Эндогенді канцорегендер:
– стероидтық гормондар: эстероген, эстрадиол
-холестерин туындылары: холестадиендер, карцинолипиндер;
-амин қышқылдарының ыдырау өнімдері: триптофан, тирозин;
-бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары;
-нитроксид және оның асқын тотықтары жатады. Осы эндогендік канцерогенді заттар лейкозбен  ауыратын  сырқаттардың зәрінен табылған. Организмде эндокриндік бездермен гормондар өндіріліуінің  бұзылуы өспелердің кейбір түрлерінің дамуына алып келеді.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!