Қатерлі ісік өсу биохимиясы слайд,презентация
Қатерлі ісік өсу биохимиясы слайд,презентация
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы: Қатерлі ісік өсу биохимиясы. Канцерогенездің молекулярлы аспекті. Лейкоздар
Кіріспе
Ісіктерге жалпы түсінік
Негізгі бөлім
Қатерлі ісіктерге сипаттама
Қатерлі ісік өсу биохимиясы
Канцерогенездің молекулярлы аспекті
Лейкоздар
Қорытынды
Ісік ( лат.-tumor, blastoma, грек-neoplazma, орыс.- опухоль)- тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын , дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп –өніп кетуін айтады.
Ісік дамуының этиологиясына әртүрлі ( химиялық, физикалық, биологиялық) ықпалдар әсер етеді.
Өспе дамуына әкелетін химиялық заттар канцерогендер деп аталады.
Барлық канцерогендер экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
Экзогенді канцорегендер:
— көп оралымды хошиісті көмірсутектер: фенантрен, 3,4-бензпирен және т.б;
-оралымды аминдер: нафтиламин, бензидин;
-аминдік азоқосындылар: диметиламиноазобензол т.б;
-бейорганикалық химилық заттар: хорм, қорғасын, мышьяк, кадмий
Эндогенді канцорегендер:
— стероидтық гормондар: эстероген, эстрадиол
-холестерин туындылары: холестадиендер, карцинолипиндер;
-амин қышқылдарының ыдырау өнімдері: триптофан, тирозин;
-бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары;
-нитроксид және оның асқын тотықтары жатады. Осы эндогендік канцерогенді заттар лейкозбен ауыратын сырқаттардың зәрінен табылған. Организмде эндокриндік бездермен гормондар өндіріліуінің бұзылуы өспелердің кейбір түрлерінің дамуына алып келеді.