Қасқыр, түлкі, кісі ертегісі балабақшадағы ашық сабақтар

0

Бекіту: сахналау.
Сабақты қорытындылау кубизм стратегиясы бойынша жүргізіледі.
Балаларға кубик беріледі. Кубикте әр түрлі түстер бар. Балалар сол кубикті лақтыру арқылы қай түс түссе, сол түстің сұрағына жауап береді. Осы ойынды ойнау арқылы бала түс таниды, ойын толық айтуға мүмкіндік алады.
Мадақтау.

12.12.2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі. 
Сабақтың мақсаты: балаларға осы ертегі жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері: а) Балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, оларға жеке-жеке тоқталу.
б) Балалардың ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар беру.
в) Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қуыршақтар, карточкілер.
Барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңбері
    Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.
    Біз сіздерге сәттілік тілейміз
Балаларға үш түрлі карточкі таратылады.
1)    Жүрек белгісі
2)    Қолдың белгісі
3)    Смайлик
Қай балаға қолдың белгісі түссе амандасады, жүрек белгісі түссе құшақтасады, смайлик түссе күлімсірейді.
        Топ-топ басайық
        Жалаудан күн жасайық
        Жаса-жаса жарқын күн
        Жаса-жаса алтын күн.
Жарайды, балалар, ендеше бүгінгі сабағымызды көтеріңкі көңіл-күймен бастайық.
Балалар, біз қандай ертегілермен таныстық? 
«Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Жеті лақ» жарайсыңдар, балалар.
Осы жерде слайдтан ертегілер көрсетіледі. Сол ертегілер бойынша балаларға сұрақ қойылады.
Актуалдау: Қасқыр, түлкі, кісі туралы жұмбақ жасырылады.
Бейғам  елді  іздейді  
Малдан күдер үзбейді (Қасқыр)
Өзі айлакер , өзі  қу
Жүрген жері  айқай-шу. (Түлкі)

Ақыл ойдың иесі, ол-  кім? (кісі)
Жарайсыңдар, балалар. 
Жаңа сабақ: 
Міне, балалар, бүгін біз тағы бір ертегімен танысамыз.
«Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі.
Ертегі балаларға диктафон арқылы тыңдатылады.
Ойын:
Тақтаға қора мен орманның суреті ілінеді. Балаларға аңдар мен төрт түліктің суреттері беріледі. Әр бала өздері рет-ретімен барып орналастырады. 
Мысалы: аю орманға, сиыр қораға т.б. 
Сергіту сәті:
    Ормандағы аюдың
    Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық 
Қалтамызға салайық.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!