қасиет, жұрт, сенім, алдану, масқара, сенім туралы нақыл сөздер

0
Саған шынымен ең жақын адам — ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам.
Федор Достоевский

Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
Бернард Шоу

Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі.
Ілияс Есенберлин

Сенімсіз — иман жоқ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өзіне сенбеу – біздің көптеген сәтсіздіктеріміздің себебі.
Кристиан Боуви

Сейсенге сенсең — маған сен.
Тоқсары

Сеніңіздер, сенім бізді сақтаған.
Александр Пушкин

Оптимизм жетістікке әкелетін сенім. Сенім және үмітсіз ештеңе болуы мүмкін емес.
Хелен Адамс Келлер

Бойыңыздағы сенімсіздікті жою үшін өзіңізді әрдайым сенімді ұстаңыз.
Сергей Довлатов

Біз өзіміздің аяулы қасиеттеріміз жайында неғұрлым көп айтсақ, соғұрлым оған жұрт аз сенеді.
Пьер Бошен

Өзіне — өзі сенбеген жанның жақ ашпағаны жөн.
Франсуа де Ларошфуко

Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды.
Дмитрий Менделеев

Гауһар жоғалмасын десең — сенімсізге сеніп тапсырма.
Құтып

Алданып қалғаныңнан гөрі досыға сенбегендігің — масқаралық.
Франсуа де Ларошфуко

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын — қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш — қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!
Дінмұхамед Қонаев

Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жаннан артық сенімді дос таппадым,
Құпиямды тек жүрекке сақтадым.
Захир ад — дин Мұхаммед Бабыр

Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен — үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.
Назым Хикмет Ран

Егер әркім әлемде бәрі жақсы болады деп сенсе, бұл ғаламда қорқыныш жойылады.
Харуки Мураками

Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді.
Пауло Коэльо

Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан — кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.
Пауло Коэльо

Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.
Мағжан Жұмабаев

Өзіңе, өзіңнің күшіңе деген сеніммен қаруланып алу керек, ал бұл сенімге кедергілерді жеңу арқылы, ерікті тәрбиелеп, оны «жаттықтыру» арқылы жетеді. Өз бойыңдағы және өзіңнен тысқары жердегі өткеннің, түкке алғысыз мұрасын жеңуге үйрену қажет… Өзін — өзі сәл ғана жеңудің өзі адамды ана ғұрлым күшті етеді.
Максим Горький

Талантқа қанат болар сезім емес, сенім болуы керек.
Ғабит Мүсірепов

Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.
Дінмұхамед Қонаев

Кімге мына бес нәрсе берілсе, ол адам бақытты:
— деннің саулығы,
— сенімді болуы,
— ризықтың көптігі,
— мейірімді және сенімді жар,
— сабырлылық сезімі.
Молла Жами

Егер сіз бірдеңені жасауға қауқарлымын немесе қауқарсызбын деп ойласаңыз — екі жағдайда да сіздікі дұрыс.
Генри Форд

Бай болып кететініне сенбейінше, бай болуға ешкім дайын емес.
Наполеон Хилл

Уәдені орындамау сенімсіздік тудырады.
Дейл Карнеги

Біреуге риясыз сену оның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқаның. Лыпып тұрған қанжармен ол сені қорғауы да мүмкін, бауыздауы да мүмкін.
Омар Хайям

Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Дереккөз: http://bilimsite.kz/