Қашаған Күржіманұлы слайд,презентация — Әдебиет
Қашаған Күржіманұлы слайд,презентация
«Қазақ әдебиеті энциклопедиясында»: «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен.
Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
Жырау — қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген.
Қазақтың салт-дәстүрлері мен Қашағанның дәстүрге арнаған
өлеңдерін баяндау.
2. Қашағанның байлар мен сопы-молдаларға арнаған өлеңдері туралы айту.
3. Қашаған айтысы мен дастандары туралы әңгімелеу.
Сүйінбай мен Қашаған,
Қара өлеңді матаған.
Атын жаттап балалар
Әлі күнге атаған.
Жамбыл Жабаев