Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік

0


ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ СТРАТЕГИЯСЫ, ТАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

6M050900 Қаржы

ДИССЕРТАЦИЯ
Экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

Ғылыми жетекші:
э.ғ.д.,профессор _________________

Астана, 2018

МАЗМҰНЫ

І. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
1.1 Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік…
1.2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру және оны іске асыру жолдары … … … … … … … … … … … .
1.3 Қаржы менеджменті стратегиясы, тактикасының шетелдік тәжірибесі..
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БААЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындаы қаржы менеджменті стратегиясы мен тактикасының механизмдері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
2.2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
2.3 Қазақстан Республикасында қаржы менеджменті тактикасы арқылы дағдарысқа қарсы тұру механизмі … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІ МЕН СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Стратегия мен тактиканы жүргізудегі қаржылық менеджменттің отандық мәселелері … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
3.2 Ағымдағы активтерді және пассивтерді басқару кешені және бағалық шешімдерді қабылдау принциптерінің мәселелері … … … … … … . … … … … ..
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Нормативтік сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы. ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданған 2009 жылғы 27 тамыздағы № 32 хаттама.
2. Қазақстан Республикасы бюджетін қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 313 Жарлығы.
3. Қазақстан Республикасының 2012 — 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. — Алматы: ЮРИСТ, 2012 ж.
5. Қазақстан Республикасының кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) — Алматы, 2009 жыл.
6.Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республика-сының Үкіметінің актілер жинағы — Астана, 2012 жыл.

Анықтамалар

Бұл диссертацияда келесі терминдер сәйкес анықтамалармен қолданылған:
Активтер — болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар.
Басқа міндетті төлемдер — уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік меншіктегі объектілерді пайдалану және мемлекет берген қызметті жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рұқсат беру үшін бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақшалай аударымдар (кедендік баждарды қоспағанда, төлемақы, алымдар, баждар).
Есепті қаржы жылы — жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл.
Жалпы сыртқы борыш — алынған (игерілген) және өтелмеген мемле-кеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ ел резидентте-рінің өз бейрезиденттерімен келісім-шарттары бойынша борышқорлық міндет-темелерінің белгілі бір күнге сомасы.
Инвестициялық портфель — бағалы қағаздар рыногы субъектінің менші-гінде немесе басқаруындағы әр түрлі қаржылық құралдардың не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы.
Қаржылық қатынастар — өндірістік қатынастардың құрамды бөлігі; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы ақшалай ны-сандағы экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Қаржылық механизм — шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі; бөлу және қайта бөлу қатынастарының кең жүйесі жүзеге асыратын табыстар мен қорланым құралатын және ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен әдістердің жиынтығы. Қаржылық жоспарлауды, қаржылық басқаруды, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмаларды, ақржылық көрсеткіштерді, нормативтерді, лимиттерді, қаржылық резервтерді кіріктіреді.
Салық мағлұмдамасы — салық төлеушінің, салық агенттігінің Салық ко-дексте белгіленге тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.
Салықтық түсімдер — Қазақстан Республикасының Салықтық кодекс-інде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер.
Ішкі жалпы өнім — аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.
Шығыстар — шетке кету түріндегі есепті кезең ішінде экономикалық пайда немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталда қатысатын тұл-ғаларға бөлуге қатысты азаюдан ерекшеленетін, таза активтердің капиталдың азаюына әкелетін активтердің азаюы мен міндеттемеелерінің туындауы.

Белгілеулер мен қысқартулар

1. ҚР — Қазақстан Республикасы
2. ЖІӨ — жалпы ішкі өнім
3. ЖҰӨ — жалпы ұлттық өнім
4. ОБ — орталық басқару
5. БАҚ — бұқаралық ақпарат құралдары
6. А — А класы
7. [] — сілтеме белгісі

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі — Біздің еліміздің халықтық шаруашылығынан нарықтық экономикаға көшу кезінде кәсіпорындар, фирма басшылығында күрделі өзгерістерді қажет етеді. Бұл осындай іс-әрекетті жасайтындардың барлығына қатысты. Бұл процесте маңызды рөлді кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық қызметіне, ал нақтылай айтатын болсақ, ол — қаржыларды басқару атқарады.
Фирманың қаржылық ресурстарының қозғалысын зерттейтін, кәсіпорынның сыртқы және ішкі процестерін талдайтын экономикалық ғылымның ауданы Батыста қаржылық менеджмент деген атқа ие болды. Қазақстан Республикасында бұл термин кәсіпорынның қаржылық ағым қозғалысын қарастыратын білім саласында мықты бекінді. Осыдан, біз біздің мемлекетімізде қаржылық менеджмент түсінігі Батыстағы сияқты адамдардың қызмет сферасы ретінде (теориялық және тәжірибелік) қалыптасқанын көреміз. Алайда, бізде бұл сала түрі өзіндік спецификалық сипаттамаларға ие.
Қазақстан Республикасының экономикасы әлі бірқалыпты нарықтық түрде емес. Ол — советтік экономика түрінен нарықтық түріне ауыстырылған өтпелі экономика болып табылады. Біздің мемлекетімізде кәсіпорындардың есебі мен статистикасындағы батыстық стандарттарына сәйкес келмейтін нәрселер өте көп. Сондықтан арнайы зерттеулер жүргізбей, біз батыстық үлгідегі қаржылық менеджментінің теориясы мен тәжірибесін қолдануға мүмкіндігіміз жоқ.
Қазақстанның қаржы менеджменті әзірше әлі қалыптасып келеді. Осы жұмыстың көрінісі Қазақстан Республикасында кәсіпорынның статистикасын және есепке алу спецификасын есепке ала отырып, өздігінен қаржы менеджмент теориясын қолдануға талпыныс жасау болып табылады.
Қаржы менеджменті — бұл кәсіпкерлікті үлкен мөлшердегі ақша ағымдарын басқаруда және оптималды қаржылық шешімдерді табуда қаржылық қамтамасыз етудің стратегиясы мен тактикасы.
Қаржылық менеджмент өндірістік процестерге қатысатын құралдардың бағалар құнының жиынтығын басқарудың күрделі жүйесін және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін ақшалық капиталдың жиынтығын өндірумен айналысады.
Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызметтің басымдылықтарын және масштабтарын анықтайтын қаржылық қамтамасыз етуді басқаратын тиімді нысан болып табылады. Мұнда қарастырылған қаржылық менеджменттің концепциясының негізі меншік қатынасына тиген қоғамның экономикалық базасында өзгеріс болып саналады. Тек қана осы өзгерістер кәсіпкерлік құрылымдардың қаржылары және жалпы мемлекеттік қаржылар арасында нақты шек қоюды қамтамасыз ете алуы мүмкін.
Қаржы менеджментпен тек қана кәсіпорындардың және банктердің стратегиясы мен тактикасы туралы ақпараттары бар және олардың клиенттер және бәсекелестермен, жабдықтаушылар және тұтынушылармен, акционерлермен, қаржылық және салық органдарымен, сақтандыру компаниялармен, институтционалды инвесторлармен қарым-қатынастары туралы толық ақпараттары бар профессионалдар айналысуы керек.
Стратегиялық және тактикалық шешімдер ұзақ мерзімді уақыт өткеннен кейін ғана бағаланады және оларға тек өз кәсіпорынның болашағына сенімді кәсіпкерлер мен қызметкерлер ғана қызығушылық танытады.
Кәсіпкерлік құрылымдарда қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасын қолданған кезінде қаржылық жұмыста қаржыландыру мен ұйымдастыруды одан әрі жандандыратын, өндіріс көлемінің және сатудың, пайданың өсуін, шығындардың азаюын қамтамасыз ететін капиталдың құрылымын оптимизациялайтын, активтердің өтімділігін, материалдық және қаржылық ресурстардың тепе-теңдігін жоғарлататын кең резервтер ашылды.
Зерттелімнің мақсаты: Магистрлік диссертацияның мақсаты — Қазақстан Республикасының қаржы менеджментінің стратегиясы, тактикасы және тәжірибесінің теориялық аспектілерін зерттеу және осының негізінде жетілдіру бойынша ғылыми практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі мәселелер қарастырылады:
oo Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыруды ғылыми негіздеу;
oo Қазақстан Республикасының қаржылық менеджментінің стратегиясы, тактикасы және тәжірибесінің бірқатар ерекшеліктерін айқындау;
oo Қазақстан Республикасының қаржы менеджменті,стратегиясы және тәжірибесін қазіргі кезеңде жетілдіру бағыттарын ұсыну.
Зерттелімнің міндеті: Қазақстан Республикасының қаржы менеджменті стратегиясының жүргізілуін талдап, алдағы уақытта тактиканың бағытын, мақсатын анықтау.
Зерттеу объекті: Қазақстан Республикасы.
Зерттеудің пәні: Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жүргізудегі экономикалық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік негізі: Жұмыс қаржы саласында қаржы менеджментінің Қаржы мамандығын игеруде теориялық және практикалық мәнге ие.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасының қаржылық менеджментінің стратегиясы мен тактикасын жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау; Стратегияны жүргізудің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы: Диссертациялық еңбектің негізгі қағидалары көлемі баспа табақ болатын 1 ғылыми мақалада баяндалған.
Зерттелімнің құрылымы: Магистрлік дисссертация кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, атауы 53 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қорытындыдан тұрады.

І. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
1.1 Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік

Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы еш өзгеріссіз қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір күні бәсекелестер пайда болады.
Сондықтан да кәсіпорынның тұрақты дамуы оның экономикалық тірі қалудың, өмір сүрудің ең басты шарты болып табылады. Даму жоспары аз мөлшер уақытқа емес, сондай-ақ, оның ұзақ перспективасына да жоспарлануы қажет.
Сондықтан қаржы менеджменті бірқатар сұрақтарға жауап қайтару қажет және сондай-ақ қаржылық стратегия мен тактиканы қалыптастыру қажет.
Қаржы менеджер қызметі негізіне төрт негізгі функциялар кіреді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.Осы функциялардың қосымша объектісі болып қаржылық кәсіпорындар, ал ынталандыру объектісі болып менеджердің өзі табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметі көптеген факторлармен анықталады.Осы факторлар объективті, кәсіпорынға тәуелді емес және басқарушы команда жағынан бақыланатын ішкі болып негізгі топқа бөлінеді.Бүкіл осы факторлардың әсер етуі жан-жақты бағытта болады, сондықтан фирма басшылығы қызметінің негізгі мотиві болып мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала болжау мен барлық мүмкіншіліктерді қолдану табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметінің үш негізгі мақсаты бөліп көрсетеді: 1)тіршілік; 2)пайда алу; 3)фирма дамуындағы экономикалық өсу.Қаржылық контексте бұл мақсаттар:1)кәсіпорын шаруашылық жүргізуші бірлестік ретінде тіршілік етуіне қажетті шарт-қаржылыққа тұрақтылық; 2)рентабелділік; 3)экономикалық өсу.
Осыған орай кәсіпрынның қаржылық тұрақтылығына жетудің бірінші кезекті мәселесі болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық түсінігі кәсіпорын қызметіндегі тұлғалар топтарының әртүрлі пікірлермен түсіндіріледі, акционерлерді көбінесе кәсіпорынның керекті табыс табу қабілеті қызықтырады, егерде меншік иесі мен басшылардың функцияларын бөлетін болса, онда кәсіпорын қызметіне аз көңіл бөледі.Несие берушілер кәсіпорынға берілген қаражаттарды уақытында қайтару бойынша сұрақтарға көп көңіл бөледі.Фирманың қаржылық жағдайының өзгерістерімен көбінесе басқарушы персонал топтары айналысады.Олар кәсіпорын қызметін көптеген ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындағы басшылық қызметі өте әрқилы болады және де олар күнделікті көптеген әртүрлі сипаттағы шешімдер қабылдайды.Дегенмен, кез келген басқару шешімдері қаржылық ресурстардың өзгеруіне алып келеді — персонал жұмысының қысқаруы мен жұмысқа қабылдау туралы шешімдерге қатысты ма, әлде өндіріс көлемінің ұлғаюы туралы шешімдерге қатысты ма, немесе керісінше, сұранысы жоқ өнімдерді шығару ма… Бұл жерде кері байланыс байқалады:кез келген басқару шешімдерін қабылдау мен оны іске асыру мүмкіншілігі кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен меншіктенушінің қарыз қаражаттар көлеміне байланысты шектеледі.Осы шектеулерге байланысты кәспорынның қайта ұйымдастырылуы немесе жабылуына дейін жағдайы нашарлауы мүмкін.
Алайда, кәсіпорында қаржылық ресурстардың белгілі бір резервтік қоры болуы керек.Олар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру, сондай-ақ, оның күнделікті және ағымдағы міндеттерін орындау үшін қажет.Кәсіпорын активтерін тиімді пайдалану мүмкіншіліктері мен ресурстардың резервтік қорын қалыптастыруға бірқатар факторлар әсерін тигізеді — тұтастай экономика мен әлемдік экономика тенденциялары.
Нарықтық экономикадағы кез келген кәсіпорын, оның қызметінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, басқару шешімдердің көмегімен іске асатын ақша қаражаттар қозғалысы мен қаржылық қатынастар жүйесі ретінде сипатталуы мүмкін.Бұл тәсіл 90 жылдарда ерекше мәнге ие болатын,сондай-ақ фирманың акционерлік құнын құру концепциясы ретінде қолданылған.Акционерлік құнды құру инвесторлар күткен ақша қаражаттар ағынынан көп болуына байланысты.Сәйкесінше, кәсіпорын ойдағыдай басқарылатын жүйе ретінде болашақта да оң ақша ағынын әкеледі.
Бірінші сұрақ былай қойылады: Фирманың перспективті дамуы үшін қанша мөлшердегі ақша қаражаттар қажет?. Керек кезде толық немесе бөлек мөлшерде бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша салымдар қаржысының қажеттілігі және фирманың шаруашылық қызметінің әр түрлі маңызды көрсеткіштері арасындағы тәуелділікті орнату мақсатты болып табылады.
Мысалы, сенімділікпен айтуға болатын жайт, ол дамуға қажетті ақша құралдары өткізу көлеміне байланысты болатындығы туралы. Бірақ бұл әдетте олай бола бермейді.
Егер кәсіпорын бәсекелестерімен шығарылатын өнім сапасын жақсартудың күрес жолын таңдаса, онда сапаның жоғарлауы бағаның өсуімен, яғни өткізу көлемі және инвестицияны қажетсіну аралығында жүреді. Бірақ, егер инфляция жағдайында бәсекелестерге қарсы өнімнің бағасын төмендету немесе тұрақтандыру жолы таңдалса, онда өткізілуден күтілетін түсім мөлшері аз болады.
Шығарылатын өнім өзіндік құнын төмендетуге бағытталған шараларды ендіру және құрастыруға байланысты шығындарды қажет етеді. Берілген жағдайға құралдарға қажетсіну бұл шығындардың шамасымен анықталады.
Қаражатты стратегиялық, тактикалық жоспарлаудың екінші сұрағы инвестициялау қайнар көздеріне қатысты болып келеді.
Мұндай қайнар көздердің үш түрін бөлуге болады:
oo жеке;
oo кірістірілген;
oo қарызға алынған.
Кәсіпорынға жеке ақша құралдары ең тиімді түрі болып табылады, өйткені олар оның тәуелсіздігі мен өз бетімен дамуын қамтамасыз етеді. Жеке капиталды қалыптастыру үшін екі шартты ұстану қажет. Олар:
oo жинау үшін кірістің болуы
oo уақыттың болуы.
Негізінде коммерциялық жобаны іске асыруда бұның біреуі болмайды. Әдетте коммерциялық жобаны іске асыратын адамда қаражат болмайды, ал қаражат кімде бар сол адам оны өзі жалғыз бұл жұмысты атқарғысы келмейді.
Жеке ақша құралдарын қолдану тек ірі компаниялар қолында. Бірақ та олар үшін бизнес жоспар мен қаржы бөлімі еш қызықтырмайды.
Кірістірілген қаражат көздері ішінде бірінші орынды акционерлер қаражаттары жатады. Акциялардың қосымша эмиссиясы немесе фирма басшылығымен жасалған бақылау пакет акцияларының бір бөлігін сату және сол арқылы инвесторларды өзіне тарту болып табылады.
Бірақ та бұл өте қауіпті. Өйткені, біріншіден, фирманы басқаратын тұлғалар фирманы басқару билігінің жарты бөлігінен айырылады. Сондай-ақ халық арасында акцияларды табысты ендіру күрделі мақсат болып табылады.
Ұсақ инвесторды жақсы құрастырылған бизнес жоспарлармен өзіне қарата алмайсын, ал ірі инвестор көп мөлшердегі кемітулерді қажет етеді.
Сондықтан да акционер капиталын өзіне қарату үшін екі негізгі шартты ұстану қажет:
oo ұсақ акционерлерді оларға төленетін дивидендтер жиі төленетінін;
oo олардың бағасы түспейтіндігі туралы жөнінде көндіруге тырысу керек.
Ал ірі компанияларды өздеріне қарату үшін олар үшін сіздің кәсіпорыныңыз мөлдір болуға қажет. Келтірілген ақша құралдары ішкі қажеттілікті өтеу үшін жұмсайды, демек еңбекті төлеу үшін жұмсайды.
Еңбекақыны төлеуде қарыздың оптималды деңгейін орнатып, кәсіпорын еңбекақы қорын автоматты түрде жоғарлатып жіберсе, инвестицияға қолдануға болатын қаражатты орнына қарыз мөлшерін көбейтіп жібереді. Бұл қаражаттар айналым капиталына салынған онсыз ешбір жерде бір коммерциялық жоба бұнсыз өз ісін жүзеге асырылмайды.
Қарыздарды банкирлерден және облигационерлерден алуға болады. Банкирлер қарыз бен оның құнын қайтарылуын қалайды. Ұзақ мерзімді инвестициялық несиені қамтамасыз етеді. Қарыз берушіге кім аманат бола алады.
Бұл және басқа да күрделі сұрақтарға кәсіпорынның менеджерлері жауап бере алады, олар белгілі бір банкке ссуда алуға барғанда, бұл сұрақтарға жауап қайтару қажет екендігі туралы естерінен шықпауы қажет. Корпоративтік облигациялар акциялар сияқты қасиетімен белгілі, бірақ та Қазақстан Республикасында олар қолданылмайды.
Келтірілген несиені жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда оны кеңейту мақсатында қаражаттандыру өте тиімді.
Банкирлер ойы бойынша бұған салынатын қаражаттың тәуекелділігі сонша үлкен емес, демек несие құнын төмендетуге болады деген сөз. Сондай-ақ мұндай кәсіпорында активтердің мөлшері көбірек, олар оның сенімді материалды қамтамасыздандырылуын қамтамасыз етеді, ал жаңадан ашылған кәсіпорындарға ең жақсысы жарналық немесе акционерлік капиталды келтіру болып табылады.
Бұл несие алынған жағдайда несиені өтеу жөнінде қатаң график құрылады, онда несие өтеу мен оның пайыздарын да өтеуге тырысу қажет. Бұндай кредитті жаңадан құрылған кәсіпорындардың өтеуге шамасы да жетпей қалу қаупі бар.
Бұл сұрақты шешу үшін салымдардың өтем уақытын есептеуге арналған арнайы есептеулер мен әдістерді қолдануға қажет.
Қаржылық менеджменттің үшінші сұрағы былай көрсетілген: Жобаға салынған қаражаттардың қайтарылуы қашан күтіледі?. Бұл сұраққа жауап беру үшін салынған қаражаттардың мерзімін анықтай алатын арнайы есептеулер мен тәсілдерді қолдану қажет.

1.2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру және оларды іске асыру жолдары
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлксн өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасы аумағында төтенше мемлекетік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы республика халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-несие және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарға тән болатын, ең алдымен, сыртқы ортаның өзгерісіне серпімді диверсифицирлі реакцияның болуы және өндірістің дамуындағы ғылыми-техникалық зерттеулердің үздіксіз жүруі.
Бұның барлығы кәсіпорын дамуындағы стратегия мен тактиканы құрастырудың негізгі мәселелердің шешімі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның іс әрекетіндегі конверсия — бұл сыртқы орта өзгерістеріне әр түрлі реакциялардың үздіксіз тізбегі күйінде болады, соның ішінде тауарлар және технологиялар нарығына қатысты айтылған.
Конверсия әкелген жаңалықтар әр түрлі дәрежедегі радикалдылықты көрсетеді:
oo өнімді тарату каналын өзгертуден басталады;
oo технологиялық маманданудың түбегейлі өзгеруіне дейін жұмыс атқарады.
Ең тиімді өнімнің ассортиментінің құрылымын өзгертетін стратегия мен тактика және технологиялық мамандылықты өзгертетін стратегия мен тактика болып табылады.
Ол ассортиментке өнімнің жаңа модельдерін құру мен кіргізумен байланысты болып келеді. Бұндай өзгерістер бәсекелестік сипатқа ие.
Ассортиментті толық ауыстырудың стратегиясы мен тактикасы инновациялық реакцияға негізделген. Мұнда технологиялық сұраныстың жаңа өмірлік цикліне өту жүзеге асыруды, технологиялық жүйені қайта құру кезінде өнімнің барлық ассортиментінің жаңа үлгілерін және жаңа құрылымын жоспарлауды қарастырады.
Кең ассортимент кезінде бірнеше этаптарда ассортименттің толық ауысуын және бөлшектеп технологиялық жүйені реконструкциялауға болады.
Технологиялық мамандануды өзгертудің стратегиясы мен тактикасы инновациялық немесе кәсіпкерлік реакцияға сәйкес келеді және өндірістің диверсификация мүдделерінде іске асырылуы мүмкін.
Технологиялық мамандықты ауыстыру аясында шешімдер кешенді сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, қорғаныс өндірісінің конверсиясы біруақытты диверсификация мен біруақытты жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы дамуымен жүзеге асуы мүмкін.
Өндіріс конверсиясының негізгі бағыттарының бірі — сұраныс технология сұранысындағы өмірлік циклінің сатысымен нарықтың талаптарына сай кәсіпорын қызметінің басымдылықтарына бейімделу.
Бастапқы сатысында тұтынушылардың талаптарын түсіну және осы талаптарға сәйкес өнімнің сапасының ассортиментін және параметрлеріне бейімделу. Бұл мақсаттарда кәсіпорындар маркетингтік зерттеулер жүргізеді және жобаларды басқарады.
Сұраныс технологиясының өмірлік циклінің өтпелі сатысындағы өндірістің тиімділігін максималды жүзеге асыру мақсаты технологияны өнім өзгерісіне бейімдейді. Басқаруда ең негізгі назарды еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға көңіл бөледі.
Қарастырылып отырған өмірлік циклінің дамыған сатысында ассортимент құрылымының және сапаның параметрлерінің тұрақтылығына қол жеткізу маңызды болып табылады. Технологияны одан әрі дамыту еңбекті өндірудің артуына және өндірістің қарыздарының қысқаруына бағытталған. Басқару өндірістік процесте жүреді.
Ғылыми-техникалық дамудағы тактика мен стратегия қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған және ол ұзақ кезең ішінде тұрақты болып қала береді.
Ғылыми-техникалық даму капиталды процесс болып табылады.
Оның стратегиялары, саясаттары және тактикалары ұзақ уақыт бойы капиталдың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуі керек.
Даму стратегиясындағы, саясатындағы және тактикасындағы түсіндірілмеген түзетулер және өзгерістер капиталдың жиналымының жоғалуына немесе оның қолдану тиімділігінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық дамуындағы тактика мен стратегияның қалыптасуы акционерлер басқаратын корпорация немесе фирма деңгейінде орындалады. Мұнда ұсақ сериялы өндірістің төменгі шығындары мен жоғары еңбек өнімділігінің бейімделуі және серпімділігінің арқасында жаңа типтегі шаруашылық кешендер қалыптасады.
Өндірістік жүйелердің жаңа түрлері жаңашылдықтарды енгізу тәртібінде жұмыс атқаруы тиіс. Ол өндіріске мына ммүкіндіктерді жүзеге асыруға көмектеседі:
oo жаңа бұйымдарды енгізуге;
oo өнім шығарудағы шығындардың азаюына;
oo бағаны төмендеткен кезде сапаның көрсеткішінің жоғарлауына.
Көшбасшының артынан ерілетін стратегиялар мен тактикалар технологиялық дамудың магистральды жолын көрсетеді. Мұнда кәсіпорынның жағдайларына технологияның бейімделуі және нарыққа шығарылатын тауардың бейімделуі қарастырылады.
Бәсекедегі ұзақ мерзімді басыдылықтарды қамтамасыз ететін технологиялық секірімнің стратегиясы мен тактикасы жаңа қажеттіліктерді және жаңашылдықтарды қанағаттандыру мақсатындағы жаңа техникалық принциптерді іздестірумен сипатталады.
Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия — дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз — ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару — ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия — ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).
Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру.
Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).

Саладағы жағдайлардың өзгеруін қамтамасыз ететін жауапты әрекеттер (тауарға талаптардың өзгеруі, мемлекеттік емес шектеулер, белгіленген мөлшердің өзгеруі, жаңа бәсекелестердің келуі және кетуі)

Саладағы жағдайлардың өзгеруін қамтамасыз ететін жауапты әрекеттер (тауарға талаптардың өзгеруі, мемлекеттік емес шектеулер, белгіленген мөлшердің өзгеруі, жаңа бәсекелестердің келуі және кетуі)

Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану бойынша әрекеттер (шетел нарыктарын ашатын жаңа технологиялар, жаңа тауарлар, бәсекелес компанияны сатып алу мүмкіндігі, жаңа саудалық келісімдер)

Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану бойынша әрекеттер (шетел нарыктарын ашатын жаңа технологиялар, жаңа тауарлар, бәсекелес компанияны сатып алу мүмкіндігі, жаңа саудалық келісімдер)

Қысқа мерзімді табыстылықты жақсарту әрекеттер

Қысқа мерзімді табыстылықты жақсарту әрекеттер

Ұзақ мерзімді бәсекелестік позицияны күшейту үшін жаңа шабуылдық әрекеттер және бәсекелестік басымдьшықты сақтау

Ұзақ мерзімді бәсекелестік позицияны күшейту үшін жаңа шабуылдық әрекеттер және бәсекелестік басымдьшықты сақтау

Шығарылған өнімнің ассортиментін кеңейту және тоқтатуға, тауар сапасын немесе сатып алушыларды модификациялауды өзгертуге күш салу

Шығарылған өнімнің ассортиментін кеңейту және тоқтатуға, тауар сапасын немесе сатып алушыларды модификациялауды өзгертуге күш салу

Компанияның стратегиясын анықтайтын әрекеттер мен тәсілдер

Компанияның стратегиясын анықтайтын әрекеттер мен тәсілдер

Компанияның табыс базасын әртараптандыру бойынша қадамдар және қызметтің жаңа саласына немесе өрісіне бірлесіп ену

Компанияның табыс базасын әртараптандыру бойынша қадамдар және қызметтің жаңа саласына немесе өрісіне бірлесіп ену

Негізгі функциялар мен әрекеттерді анықтайтын қадамдар мен тәсіддер
Негізгі функциялар мен әрекеттерді анықтайтын қадамдар мен тәсіддер

Алға және кейін интеграциялау бойынша күш салу

Алға және кейін интеграциялау бойынша күш салу

Бәсекелестік әрекетіне қарсы қорғану шаралары және сыртқы қауіп-қатерден қорғану

Бәсекелестік әрекетіне қарсы қорғану шаралары және сыртқы қауіп-қатерден қорғану

Географиялық таралудың өзгерістері бойынша күш салу
Географиялық таралудың өзгерістері бойынша күш салу

Ескерту — Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент: Оқулық. — Алматы.: Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, 2011 ж. -312 б.

1 сурет — Компания стратегиясының элементтері

Біздің көзқарасымыз бойынша, стратегия түпкі мақсаттардан ешқандай мәнге ие болмайды. Егер де мақсат түсініктері болмаса ешқандай стратегия және ешқандай стратегиялық жоспарлау көмектесе алмайды (немесе мақсатты таңдауда — метанияның бар болуы). Мақсаттарға әдетте пікір-талас барысында және болашақ компанияны бүгінгі күн жағдайымен талқылау арқылы қол жеткізуге болады.
SWOT — талдау (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатер) бүгінгі күнмен түсінуге негізделіп жүргізіледі.
Автордың пікірі бойынша, мақсаттарды барлық мүмкін тәсілдермен реттілікпен және тұрақты түрде талқылау қажет. Түсіндірулер, диалогтар, дискуссиялар әртүрлі сөздер тізбегінсіз түсінікті әрі анық тілде жазылуы қажет.
Менеджерлер өздерінің жүктерін ауыртпашылық енгізу қажет деп есептейміз (өз түсініктерін қалған персоналдарға жеткізуі). Шамасы бойынша адам ретінде түсінушілікке келеді және көзге түсетін менеджерлер мақсатын қабылдайды, менеджер ауыртпашылықты басқа қызметкерлермен бөлісуі мүмкін. Менеджер түсінудің сақтаушысы болады және оны мерзім сайын бекітуі қажет.
Бірінші мүмкіндік — қозғаушы күш тәсілі, екіншісі — пәндердің маңыздылығы тәсілдерін қолдану. Қосымша құн тізбегі негізінде талдап, пайдалануға ешкім кедергі жасамайды. Нақты қажеттілікке құрылған барлық тәсілдер комбинациясын қолдануға болады.
Сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша, стратегия немесе көптеген басқа факторлар анықтамасына байланыссыз корпоративтік немесе бәсекелестік стратегияны таңдауға әсер ететін жауабын білуге тиіс сұрақтар бар (1-сурет):
Стратегия — ұйымның перспективалық даму бағыттарын, сонымен бірге қоршаған орта өзгерісі жағдайында оның жұмыс жасауының әдістері мен тәсілдерін анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі. Басқарудағы стратегиялық тәсілдер оның орындалуын ұзақ мерзімді перспектива бойынша ұйым қызметі мен нарық талаптарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуден тұрады.
Ұйым қызметіне әсер ететін факторларды бағалау барысында ұйым жүйе ретінде қарастырылады және кәсіпорынның келесі параметрлері бар:
1. Кәсіпорынның перспективалық дамуы мен нақты жетістікке жету туралы көрсеткіштер: рыноктың ұлғаю географиялық динамикасы; кәсіпорын өніміне сұраныстың қанығу деңгейі; басқа кәсіпорындармен іскерлік байланыс; кәсіпорын өнімінің қоғамдық қолайлылығы; өнімді сатуөткізу көлемі; өнімдерге тапсырыс портфелінің жағдайы; жаңа өнімдер ассортименті мен ағымдық ассортименттегі өнімдердің өзара ара қатынасы.
2. Кәсіпорынның ғылыми-техникалық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: ескірген өнім түрлерінің деңгейі; өнімдерді жаңарту дәрежесі; өндірістегі техникалық олқылықты сипаттайтын бұйымның үлес салмағы; бұйымның өмірлік циклын қысқарту деңгейі; ҒЗТҚЖ-ды жүзеге асыру барысында техникалық жетістіктің ықтималдылығы; ғылыми-техникалық ресурстар саны; ағымдық өңдеу бағыттары; өнім сапасының деңгейі.
3. Кәсіпорын қызметінің қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейі; шығынды төмендету саясаты; жаңа өнімдер үшін бастапқы шығындар; алынған пайданың тұрақтылығы мен өсуі.
4. Өндірістік потенциал көрсеткіштері: өндіріс көлемінің өсу шегіне жету деңгейі; өндірістік қуаттылық (жаңа өнімдердің өндірістік талаптар арасындағы алшақтық дәрежесі) (2 — сурет).

Сыртқы талдау
Сыртқы талдау
Ішкі талдау
Ішкі талдау
Ішкі күштері және нашар жақтары
Ішкі күштері және нашар жақтары
Негізгі стратегиялық бағыттар
Баламаны бағалау және стратегияны таңдау
Іске асыру және менеджмент стратегиясы
Сыртқы мүмкіндіктер және қауіптер

Негізгі стратегиялық бағыттар
Баламаны бағалау және стратегияны таңдау
Іске асыру және менеджмент стратегиясы
Сыртқы мүмкіндіктер және қауіптер

Ескерту — Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент: Оқулық. — Алматы.: Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, 2011 ж. -312 б.

2 сурет — Кәсіпорынның стратегиясын қалыптастыру процессі

Сыртқы орта жағдайында келесі параметрлер бар:
1. Нарықты сипаттайтын көрсеткіштер: өнімді тұтынушылар санының өсуі; мемлекеттік тапсырыстың кері қайту (төмендету) ролі; нарық көлемі; саудадағы ынталандыру мен тосқауылдар; өнімді тұтынуда болашақ тұрақсыздық деңгейі; өндіруші монополистер немесе тұтынушылар қызығушылығының алғы шарттары.
2. Сыртқы ортаның ғылыми-техникалық қызығушылығын сипаттайтын көрсеткіштер: өнім сапасының деңгейі; өнімді жаңарту дәрежесі.
3. Сыртқы ортаның қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: валюта тенденциясы; инфляция тенденциясы; баға белгілеу тенденциясы.
Аталған көрсеткіштер кәсіпорынның даму стратегиясын салыстырмалы түрде құруда өзара қарым-қатынасы мен даму перспективасының жағдайын экономика-статистикалық бағалауға мүмкіндік береді.
Жүйеден шығу стратегиялық бағыттарды (сәйкес саласы бойынша кәсіпорынның даму жоспары: нарық, ғылыми-техникалық деңгей, қаржы, өндіріс) дайындау болып табылады.
Стратегиялық басқарудың этаптары:
1-этап. Сыртқы ортаны талдау.
2-этап. Ішкі мүмкіндіктерді бағалау.
3-этап. Негізгі стратегия мен стратегиялық баламаларды таңдау.
4-этап. Функционалдық стратегияны таңдау мен бағалау.
Қоршаған ортаны талдау барысында көп вариантты ситуациялар жоспарлау қолданылады және ол мыналардан тұрады: ішкі және сыртқы ортадағы жағдайларды болжау; кәсіпорынның болашақ дамуының әрбір ситуациясы үшін сценарий дайындалған.
Әдетте сценарийдің алдын-ала 3 түрі құрылады: әлдеқайда қолайлы (оптимистік); әлдеқайда қолайсыз (пессимистік); әлдеқайда ықтималды. Ситуациялық жоспарлау процесінде шешімдердің варианттылығы келесі басталған мезеттерге негізделеді: мақсаттың әртүрлі құрылымында; тәуекелділіктің әртүрлі дәрежесінде; ресурстарды бөлу барысында өзгешеліктерін табу; кепілді нәтижелер мен тәуекелділік қатынастарының бірдей еместігі.
Сыртқы ортаны талдау өзінің құрастырулары бойынша өткізіледі (экономикалық, әлеуметтік-саяси, өндірістік және технологиялық орта). Ол үшін кәсіпорын екі жүйеде қарастырылады: 1) өнім-нарық жүйесі; 2) кәсіпорынның циклдық даму жүйесі.

1.3 Қаржы менеджменті стратегиясы, тактикасының шетелдік тәжірибесі
Қырғызстан Республикасының инвестициялық стратегиясы мен тактикасын қолдану тиімділігі 1991-2004 жылдардағы период шегіне дейін өткен.
Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы мен тактикасы — бұл экономикада инвестициялық ресурстарды қалыптастыру және тарату процесі болып табылады. Ол ең маңызды механизм болғандықтан, сол арқылы мемлекет ендігі халық шаруашылығының құрылымының дамуына және қалыптасу тиімділігіне әсер ете алады.
Белгілі болатын 1991-2004 жылдардағы кезеңде де Қырғызстанда инфляция мөлшері аса көп болған жоқ, әсіресе 1991-2004 жылдардың басында инвестиция көлемі күрт төмендей бастады. Бұндай жағдай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде де болды. Ғалымдар бірнеше себеп түрі айқындайды:
1. Деорталықтандыру жағдайында маңызды шешімдер қабылдау және өндірістің күрт төмендеу салдарынан экономикалық агенттер өз көңілін өздері тіршілік ететін жағдайларға аударады. Сондықтан да болар инвестициялық құюлар күрт төмендеп кетті.
2. Инфляция жағдайында бағалардың күрт және бірқалыпсыз өсуі, соның нәтижесінде болашақ сұраныстардың түсімдерін жоспарлау және инвестициялық жоспардың шығындары мүмкін болмады.
3. Жоғары инфляция — нақты пайыздық ставканың шектен тыс болжанбаған өзгерістеріне ұшыратты.
4. Негізгі қорға және жер иемдену құқықтарының анықталмағандығына.
5. Салық ставкалары жиі өзгеріп және жоғары болады.
6. Шенеуніктердің жемқорлығы және олардың криминалды құрылымдарымен күресуде бейәрекетсіздігі.
7. Мемлекеттік инвестициялық саясатта нақты басымдылықтардың болмауы.
Жоғарыда аталған себептердің барлығы инвестиция динамикасының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Сонымен қатар олар капиталдың шетелге шығарудың процесінің себепшісі болды. Олардың масштабтары Қырғызстанда бағаланбаған, бірақ маңызды және де экономиканы инвестициялауда экономика субъектілерінің талабы мен қабілеттілігін төмендетеді.
Қырғызстанда 1995 жылдан бастап ішкі инвестициялардың динамикасы жалпы өсу тенденциясында. 1998 жылы Ресейдегі экономикалық дағдарысы ішкі инвестициялардың деңгейіне әсер етіп, оны 1997 жылмен салыстырғанда төмендетті. Сонымен қатар 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы ішкі инвестициялардың көлемінің төмен мәні белгіленген. Бірақ та жалпы ішкі инвестициялардың динамикасы оң, тағы бір ескере кететін жайт, олардың көлемі 1991 жылдың деңгейіне әлі жетпеген.
Қырғызстан Республикасының инвестициялардың мультипликаторы 1992жылдан 2004 жылға дейінгі периодта теңбе-тең емес мағынаға ие болған, яғни мультипликатордың мағынасы максималды артқан, не теріс мағынада болған. Мультипликатордың бұндай мағынасын келесі факторлардың көмегімен түсіндіруге болады:
1. 1991-1994 жылдар реформалардың басы болып табылады, яғни сол кезде республиканың көптеген кәсіпорындары пайда болған гиперинфляцияға қарсы тұра алмады. Тұрғындардың табыстары күрт қысқарды, өндірілетін көптеген өнімдерге сұраныс төмендеді. Нәтижесінде, экономикада жалпы өнімдерді шығару да қысқарды, яғни ол жалпы ішкі өнім.
2. 1995 және 1997 жылдары мультипликатордың теріс мағынасы инвестициялардың өсу қарқынының теріс мағынасының нәтижесі болып табылады.
Көріп отырғанымыздай мультипликатор мағынасы теңбе-тең емес болған. Макроэкономикалық теорияға сәйкес мультипликатор мөлшеріне үш негізгі макроэкономикалық құралдар әсер етеді:
1. тұтынудың шекті нормасы
2. экономикада пайыздың ставкасы
3. салықтардың деңгейі
Мысалы, тұтынудың шекті нормасы жоғары болғанда, сәйкесінше мультипликатор мөлшері де өседі. Осы норма жоғары болған сайын, экономикада сұраныс жоғары болады және фирмалар өнімдерді көп өндіре бастайды.
Қырғызстанның шарттарында қысқа мерзімді пайыздық ставка басқа шет мемлекеттердің пайыздық ставкаларымен салыстырғанда жоғары болып келеді. Ұзақ мерзімді пайыздық ставка сәйкесінше одан да жоғары болуы тиіс және ол экономикаға маңызды қаржылық ресурстарды тартуы керек. Жоғары баға жоғары ұсынысты қалыптастырады. Бірақ та нақты Қырғызстандағы инвестиция жағдайларында олар түспейді. Бұндай құбылыстың себебі — жоғары тәуекелдің әр түрлі сипаттамасының болуы.
Экономикада пайыз нормасының әсері факторы Қырғызстан экономикасының мультипликатор эффектісінің өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сонымен бірге Қырғызстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің табыстарының негізгі құрылымы ретінде жанама салықтар қызмет атқарады. Осылай, салықтардың мультипликатор мөлшеріне әсері кері.
Қырғызстан Республикасының инвестициялық стратегиясы мен тактикасы үшін инвестициялық стратегия мен тактикасының тиімділігінің төменгі көрсеткіші көрсетілген. Жоғарыда айтылғандардан республикада инвестициялық стратегия мен тактиканың тиімділігін арттыру мақсатында шаралар қолдану керек екендігін көреміз.
Сонымен, Қырғызстанның инвестициялық стратегиясы мен тактикасының тиімділігінің бағалық интегральды критерийі мемлекеттің экономикасының қолданылатын және потенциалды мүмкіндіктерін бағалауға болады. Оны қолдану кезінде мемлекетте болып жатқан инвестициялық процестердің сипаттамасын анықтауға, инвестициялық ресурстардың қалыптастыру және қолдану тиімділігін арттыру жолын таңдауға, экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕ ТАКТИКАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БААЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржы менеджменті стратегиясы мен тактикасының механизмдері

Әлемнің экономикалық тарихы күні бүгінге дейін талай қиын-қыстау заманды, сан түрлі дағдарысты, қиялап шарықтай көтерілуді де, терең құлдырауларды да бастан кешірді.
Қазақстан да қаржы дағдарысының толқынына ілікті. Ипотекалық дағдарыс белең алған тұста еліміздегі құрылыс саласы кібіртіктеп қалды. Үлескерлер қаржысына салынуы тиіс тұрғын үйлер құрылысы тоқтады. Банкілер ипотекалық несие беруді қойды. Біртіндеп қаржы мекемелері орта және шағын бизнеске беретін несиелерін де қысқартты. Сыртқа шикізат өндіретін өндіріс орындары өнімінің бағасы төмендеп, шығындары көбейді.
Ал, 2010 жылы Қазақстанның өнеркәсібі тұрақты өсу қарқынын көрсетеді. 2010 жылдың 1 жарты жылдығында жалпы ішкі өнім (бұдан әрі — ЖІӨ) көлемі 8 733 001, 3 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,0%-ға өсті. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісі мен қызметтер өндірісінің үлесі тиісінше 40,5%-ды және 56,8%-ды құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті — 32,0%-ды өнеркәсіп құрайды.
Тамақ өнімдері мен мұнайды қайта өңдеу, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, металлургия, химия өнеркәсібінің өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірлерінде байқалады.
Құндық мәндегі Республиканың … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!