Қарыз алушының анкетасы | Скачать Дипломдық жұмыс
ЕДБ несиелік операциялары
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. …4
1-тарау. Несие туралы ұғым
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі … … … … … … … … … … .5
1.2. Несинің қызметтері … … … … … … … … … … … … . … … …7
2-тарау. ЕДБ несиелік несиелік операциялары
2.1. Несиенің формалары және олардың
жіктелуі … … … … … … … 1 4
2.2. Несиелік саясаты және оның
элементері … … … … … … … … . 19
2.3. Несиелік механизмнің мазмұны … … … … … … … … … … …2 1
2.4. Банктік несиенің түрлері … … … … … … … … … … … … …2 3
2.5. Несиелеу субъектілері мен
объектілері … … … … … … … … .. 24
2.6. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері … … … … … … … … ..25
2.7. Несилеу әдістері … … … … … … … … … … … … … … … …30
2.8. Несиелу механизмі және несиелік
процесс … … … … … … … …4 2
2.9. Несиелік тәуекелді басқару … … … … … … … … … … … …45
3-тарау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
Жүйесі
3.1. Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
… … … … … … … … … 49
3.2. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін
бағалау
көрсеткіштері … … … … … .. … … … … … … … ..
… … … …53
3.3. Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
… … … … … … … … 60
3.4. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы
шетел тәжірибесі
… … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … .70
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … .. … … … 72
Қолданылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … … 76
Кіріспе
Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық
субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те сондай ақ жеке азаматтар да
пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес,
олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір
қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас
кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынаң қарағанда
бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шруашылықта қарыз көбіне ақшалай
түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі қатынастарды
түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да
аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни
қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал
қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы:
дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
1.Несие туралы ұғым
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша
пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар.
Несие — бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ
олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.
Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элемнеттерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынстар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы.
Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып
табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер , мемлекет,
шаруашылық субъектілері және халық жатады .
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті ,
несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен
жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға,
кәсіпорын немесе жеке азаматтардың каммуналдық қызметке, салықтарға т.б.
байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік
қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-
ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды
ұғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының
элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі — бұл құнның
ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
2. Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде
мынадай қызметтерді атқарады:
• қайта бөлу;
• айналыс шығындарын үнемдеу;
• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру ;
• капиталдың шоғырлануын жеделдету;
• ғылыми – техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы
несиенің экономикалық мәнінең туындайды. Шаруашылық субъктілеріндегі
ақшалай қаражаттардың түсіуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын
алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті
туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық
категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орның
толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын
қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын унемдеуге де мүмкіндік
жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орның
уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар
айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып,
ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар:
чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады.
Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар,
айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайтып отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми –
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да
несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай
— ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де
аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның
қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен
қаржыландырылады.
2. ЕДБ несиелік операциялары
2.1. Несиенің формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар
түрінде берілетін несиені — комерциялық, ал ақша түріндегі несиені
банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан
туады .
Ко ммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді.
Комарциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты — тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай —
ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме — вексель
қолданылады .
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола
алады;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен
байланысты;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы
тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несилік шарт немесе несилік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер
береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы — несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау — сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
ІІ. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатың;
• айналым қаражатына жұмсалатын;
ІV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
• кепіл хатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелеріш інара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2- санатты күмәнді, 3- санатты күмәнді, 4- санатты
күмәнді, 5- санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
VІ. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VІІ Берілу шартына қарай:
1. Тутыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие
2. Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үй,
өндіріс ғимаратын, жерді және т.с.с.).кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге бершлетін несие.
3. Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру,
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің
формасы.
4. Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бщйынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие — банктердің бір-біріне бертін несиесі.
7. Ломбардтық несие — таз іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие — құрал- жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнідерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдалынатын несие.
10. Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен
түсімді алу мерзімі арсындағы уақыт бойынша экспорттау мен
импорттауға;алшақтықты жабуға арналған несие.
VІІ. Несиелеу объектісіне қарай:
• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды
• тез азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүлікткер алуына;
• ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығындары
арасындағы маусымдық үзілістерге;
күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
өтелетін тиімділігі жоғары шараларға;
Тұтыну несиесінің басты тағандайылыуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан, таур айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай
тәелділік, әсіресе бүгінгі таурлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде
қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол
елдің ішкі жиынтық өнімінің 10 %-ын, Германия мен Францияда — 30 % -ын, ал
Ұлыбритания мен АҚШ- та 60 %- ын құрайды екен.Бұл елдердің тәжірибелерінде
тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық
құралдарды, жиқаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл
елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату
үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің
бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей
байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы
дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі,
субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық
игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объетивті, яғни
кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі — бұл дайын
өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге
мүмкіндік береді.Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды
рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді
түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және
пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды
ынталандыруға тиіс.
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері
қолданылуда:
— автомобилдік несие;
— ұзақ мерзімде пайдалынатын тауарлар сатып алуға
берілетің несие;
— тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие
— кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу,
демалу және т.с.с) берілетін несие.
Мұнда автомобиьлдік несие бойынша жаңа және жүрілген
автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
• жиһаз;
• сантехника;
• аудио- видео және тұрмыстық техникалар;
• компьютер және оргтехника;
• басқада да тұтыну таурлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс
және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті
құжаттар тізімі мынадай:
1. Қарыз алушының анкетасы.
2. Жеке күәлігі (көшірмесі).
3. СТТН (көшірмесі).
4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары
туралы жұмыстан анықтама.
5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма).
7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы күәлік,
жұбайыңыздың жеке күәлігі).
8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге ипотекалық несиені жатқызуға
болады . Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
• Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 85% -на
дейін.
• Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан
15% –ға дейін.
• Несие үшін төлем: айына: 1,3% (АҚШ долл. ), 1,7 % (теңгемен)
• Несие валютасы: АҚШ долл. немесе теңгемен (егер 1 жылдан аспаса).
• Несие мерзімі: 10 жылға дейін.
• Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алған тұрғын үй.
Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуын қолдау мақсатында соңғы
жылдары Қазақстан Ипотекалық компаниясы ЖАҚ бірқатар жұмыстар жасап
жатыр.
2.2. Несиелік саясаты және оның элементері
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл
коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде ссуданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк несиенің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қарыз алушының қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырсу қабілеті
қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын
білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
— нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
— несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік
береді;
— нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
— оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады.Несиелік саясат несиелік
қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
• несиенің берілүіне және несиелік портфельді басқаруға жауап
беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын
объективтік
стандарттар мен критерийлері;
• несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын
тұлғалардың басты іс- әрекеттерін;
• сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік
қызметтің сапалығын;
• ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс- әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лаузымды
міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір
тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін
емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске
асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін
құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру
мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай- ақ, несиелік саясат банктің
бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік
өнімдермен анықталды. Мысалға, кәсіпорындағы қысқа мерзімді несиелер
(айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық
несиелер (өндірісті кеңейтүге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта
қаруландыруға, ғылыми- техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру
болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы
сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау;
жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау;
банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық
несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын
қалыптастыруды жыне бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен
стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді.
Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк
қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін
банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік
нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі
аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі
қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және
ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе
директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес
нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимттерін, тәртібін, кейде несиелу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз
алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта
барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсатарға сай берілуі де
қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады.
Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге
байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетің
мәселелері мынадай:
— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызмет
кердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
— несиелік тәуеклдерге байланысты несиелеу формаларын
анықтайды;
— несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
бекітеді;
— несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
белгілейді;
— несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі
);
— берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекідеді;
— банктің несиелік стратегиясын жасайды;
— несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
— несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды
және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үирету, банкте несиелік саясатты
енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды.
Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру
жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер
көрсетілуге тиіс:
• несилік қызметті ұйымдастыру;
• несиелеуге бақылау жасау;
• несиелік портфельді басқару;
• құзыретті бөлу принциптері;
• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
• несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін
белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде
көруге болады:
1) несиелеу саясаты;
2) несиелеу стандарты;
3) несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай – ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – Несиелік саясат
бойынша жетекшілік ету біріктіріледі.
Нсиелеу саясатында несиелеудің жүзеге асыратын бөлімшелер
жұмыскерлердің қезметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу
стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын
барлық қызметкерлердің жетекшіліке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
• қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
• несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілүіне
қойылатын талаптар;
• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру
ережелері;
• қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
• құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
• несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға,
ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында
несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай
құжаттарға: несиелік келісімшарт, кепіл туралы шарт, кпілдеме туралы шарт
және т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы
алгоритімін бекітетін кезктіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің ңақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау
және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит,
несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік птоцестің
барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады
• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз
ретінде болу;
• несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін
анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың
талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлердің тексеруді
жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде
проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша
бақылау жасалуға тиіс.
2.3. Несиелік механизмнің мазмұны
Экономикалық түсініктегі механизм белгілі бір кызметті жандандыруға және
бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдереді. Бұл мағынасында
механизм термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық,
оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатың
объектеге баскаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып
келеді.
Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді
дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен,
несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан
тұратын экономикалық механизмнің кұрамдас бөлігі.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде
бола отырып, іс жүзінде несие кызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде
бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі
үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша
объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық
категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-
ақ оның козғалысының объективті негізінен айырылып калар еді.
Несиелік механизм сипатынің объективтігін айта отырып, екі элементті:
несиені және несиелік механизді бір бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы
несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір
қабатын құрайды.
Ниселік механизм несиелеуді экономикалық ұймдастыру қатынастарының
белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдереді.
Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды
ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс
әрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін
сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және
формалары жатады. Сонғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де,
олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде
қалыптасады.
Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік
сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-карсы тұрады. Осы тұрғыдан,
кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле
отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін
талдаудан несиелеу механизмне өтеді.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, оның бір
элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне
ықпал ететін элементтер жиыңтығынан тұрады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай
құрылымдық элементтері болады:
— несиенің түрлері;
— несиелеу объектілері;
— несиелеу субъектілері;
— несиелеу әдістері
— несиелеу процессі(несиелеу механизмі);
— несиелеу принциптері;
— несиелік тәуекелді басқару
2.4. Банктік несиенің түрлері
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негзгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арсындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1.Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
— мақсатты қорларға;
— банктерге;
— қаржы – несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
— өнеркәсіп салаларына;
— ауыл шаруашылығына;
— саудаға;
— дайындау ұйымдарына;
— жабдықтау- сату ұйымдарына;
— кооперативтерге;
— жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
— қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
— орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейн);
— ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
— негізгі қорларға жұмсалатын;
— айналым қаражатына жұмсалатын.
ІV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1.Қамтамасыз етілген:
— кепіл хатпен;
— кепілдемемен;
— кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
— сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандарты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел тұғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3- санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді,
5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.
VІ. Валютамен берілуіне қарай:
— ұлттық валютамен;
— шетел валютасымен.
5. Несиелу субъектілері мен объектілері
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай- ақ қарыз
капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік
мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп
атауға болады. Осы тараптардың беруі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.
Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк
типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары
да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне
байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал
қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды
және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі — бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске
асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс
шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде
де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік
шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар,
сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер және басқа да материалды
құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және
сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды
жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз
байланысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен
жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары,
материалдары, құралдары және басқада мүліктері, ломбардтық операциялар,
шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық
жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мындай түрлерге
бөлінеді:
— өндіріс объектілерінің құрылысы;
— өндіріс объектілерін қайта қуру, техникалық жағынан қайта
қаруландыру, кеңейту;
— техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
— жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
— өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
2.6.Несиелеуді ұйымдастыру принциптері
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.Несиелеу
принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары:
несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде
қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа
бөлінеді:
І топқа – жалпы экономикалық тәртптегі принциптер:
— несиенің мақсаттылығы;
— несиенің дифференциялдығы.
ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
— несиенің мерзімділігі;
— несиенің қайтарымдылығы;
— несиенің төлемділігі;
— несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциялдық принципінің мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алтын шаруашылық органдарына беріледі. Екіншіден, бұл
принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға
деген сұранысын оқып- үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың
несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын
және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу
ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін
іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол яғни несие берушінің қарыз
алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытындылады. Осыдан келіп, несиенің
қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің қайтармдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да
тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
еркшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да,
қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл
принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты
ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттарымен бірқалыпты қамтамасыз етіліуі
тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің
өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру
принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға
салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл
принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі — бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
(пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды.
Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі
несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде
ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
— орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері
(мүдделендіру) бойынша блгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
— банк аралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
— өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы
мөлшері;
— банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар
үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуы тиіс);
— несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан
болады);
— несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін
оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәукел дәрежесі;
— еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны
қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары
болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздауынан банктің
ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Сонымен қатар , пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық,
сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, занды және
жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе,
соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді. Банктік тәжірибеде несие бойынша
жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады:
Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:
І = i x P x n
360 x 100
мұндағы:
і — сыйақы мөлшері;
Р — қарыз қалдығы;
n — сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
І — несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы мынадай:
__i___
І = P x [ ( 1 + 1200 ) – 1 ],
мұндағы:
і — сыйақы мөлшерлемесі;
Р — несиенің бастапқы сомасы;
І- несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;
n — аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егер де несиелеу мерзімі кезңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі
өткен несиелер шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен несиелік қарызға
сыйақыны есептеу мынадай формулаға байланысты жүргізіледі:
Ig = Qx [ ( 1+ 1200 ) -( 1+1200 ) ],
мұндағы:
Ig — мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сый ақы сомасы;
G — мерзімі өткен қарыз сомасы;
ig — мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл);
t1 — несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы
есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;
t2 — несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға
дейінгі уақыт мезгілі.
Несиелеудің келесі бір принципі — берілетін несиелердің материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен
экономикалық категория ретінде шығумен бірге келеді. Бірақ та уақыт келе
бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан
қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы –материалдық құндылықтармен жүзеге
асырылып келді. Бұл әрине сол кезден экономикамыздағы өндірісті
ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және
өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл
аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген
құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етіліуін
тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Ал бүгінгі несиенің
қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру
міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық .
Кепілге берілетін несие — бұл қарыз алушының активте рімен қамтамасыз
етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігнде қалып,
оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып
келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай
шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құның анықтау барысында несие
мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді
іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет,
екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын,
құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын
қамтасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының
иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап
отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты
болып келеді.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері
кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынадай сипатта
болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін
жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін
үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды,
басқаша айтсақ , кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға
тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын
немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер
басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құның тез жоғалтады.
Кепілхат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір
жақтын қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда
кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді
кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтын маңыздылығын ескеру
қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану,
кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепілхат — күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге
бөлінеді:
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып
келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат
бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей
алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз
етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме — бұл нақты бір қарыз алушының
несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл
түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке
тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады.
Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір корпорациялардың алған несиелерін
қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер
тәжірибесінда кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың бертін
кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына
сенімсіздік танытуда.
Несиелердің қамтамасыз етудің келесі бір жолы — несиелерді
сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның
айналысында көптеген мәселелер орын алуда.
2.7.Несиелеу әдістері
Несиелеу әдстері — несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің
екі әдісі қолданылған:
— қалдық бойынша;
— айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру
және қайтару) несиеленетін құндылықтар қалдықтармен тығыз байланысты болды.
Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы- материалды құндылықтар (шикізат,
негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.),
аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және
жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге
деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын
талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды,
өйткені, несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының
нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға
бағытталды.Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша берілді.
Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен
жүзеге асырылады.
Айналым бойынша неселеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілүі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша
ұштасып қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілүі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнйы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған. Бұл жерде
несиенің қайтарылыуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен
банктік несиелік шотқа түсу арқылы жузеге асқан.
Демек, … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz