Қарлығаш пен дәуіт ертегісі балабақшадағы ашық сабақтар
Шымкент қаласы
2012 ж
Ұйымдастырылған іс — әрекеттің тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт ертегісі»
Ересек тобы: «Аққу»
Игиликова Г.М.
№ 70 мектеп – балабақшасының тәрбиешісі
Шымкент қаласы
Ұйымдастырылған іс — әрекеттің мақсаты: Балаларға табиғатты сүюге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Ертегіні сахналау арқылы, тақпақ — өлеңдер арқылы тілдерін дамыту. Ертегі арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу.
Әдіс- тәсіл: Қуыршақ театры, ойындар, сурет, мнимакесте, ребус анаграмма.
Ұйымдастырылған іс — әрекеттің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Арайлап бүгін атты күн
Шашып бізге шапағын
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын, шаттығын
Қайырлы таң, Қайырлы күн
Қуанышты күн бүгін
Сәлеметсіздер ме! Қош келіпсіздер!
Балалар табиғат дегеніміз не?
— Бізді қоршаған орта
Табиғатқа нелер жатады?
— адам, жер, су, күн, бұлт
— тас, жануар, ағаш, гүл т.б.
Балалар Қазақстанның табиғаты сұлу! Асқар таулары, шалқар көлдері, ну ормандары бар әсем табиғат тек қана біздің елімізге тән!
Балалар ендеше атап беріңдерші «Табиғат тіршілігі» дегеніміз не?
1. Табиғат тіршілік тұнып тұрған
2. Сен күнсің көтерілген күліп қырдан
3. Сен көлсің
4. Сен ормансың
5. Сен бұлбұлсың адамды сұлулыққа құнықтырған
6. Сен жарықсың
7. Сен жерсің
8. Сен гүлсің
9. Сен адамның өмірісің
10. Сен ауасың
11. Сен жұлдызсың аспандағы жарқыраған
12. Сен бақсың жайнаған
13. Сен шөпсің құлпырған
14. Сен сусың, сен тіршілік нәрісің
15. Сен анамсың осы өмірдің бәрін маған сыйлаған.
«Жер, су, ауа» ойыны
«Күн мен түн» ойыны
«Көк көлдің сәулеті, құс пен ақ ердің дәулеті» дегендей қазақ халқы құстарға ерекше мән берген. Өздерінің жақсы көретін адамдарын құстарға теңеп отырған, Әнші, жезтаңдайларын – бұлбұлға, әдемі, сұлу қыздарын – аққуға, Отанын, елін қорғайтын ерлерін – қыранға теңеп отырған. Бүгін біз сендермен құстарға тереңірек тоқталамыз.
Слайд: «Құстар»
Компьютерден құстарды бақылау.
Мнимакесте «Аққу» «Қарға»
Дидактикалық ойын: «Қай құстың тұмсығы?»
Тосын сый: «Табиғат ана»
Табиғат ана: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен табиғат анамын. Сендер сондай ақылды, тәртіпті, білімді балалар екенсіңдер. Мен бәрін көріп тұрдым, тапсырмаларға дұрыс жауап бердіңдер.
Тәрбиеші: Табиғат ана, сіздің келгенінің қандай жақсы болды, бүгін біз табиғат, құс жайлы айтып отырмыз.
Қане, төрлетіп біздің балардың өнерін тамашалаңыз.
1 – бала: Торғай, торғай торғайлар
Жерден тары шоқып ап
Бөтегесі томпайып
Шиқ – шиқ отырмақ.
2 – бала Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Бір томардан томарға
Секең – секең ауысқан.
3 – бала Келеді ұшып тырналар
Үшкілденіп тізіліп
Қайтқан сайын жылда олар
Қараймыз біз қызығып.
4 – бала Кезек- кезек шөп әкеліп
Ұлпа жүнді көп әкеліп
Таңдап алып қия жарды
Қарлығаштар ұя салды.
Табиғат ана: Ой, бәрекелді құстарды, табиғатты жақсы көреді екенсіңдер. Ал, енді мен де сендердің білімдеріңді сынап сусындайын.
Анаграмма
(шағала, бүркіт, торғай)
Ойын: «Ұшты- -ұшты»
Ребус шеш (Қарлығаш)
Табиғат ана: Қарлығаш жайлы ертегі айтып берейін.
«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін қуыршақтар арқылы сахналап көрсету.
Ертегі жайлы сұрақтар қою.
Балаларға алғыс білдіріп, жүрекше тарату.
Табиғат ана қоштасып шығып кетеді.
Қорытынды:
Суретпен жұмыс: «Тыйым сөздер»
Балаларға сұрақтар қойып, мадақтап, алғыс білдіру
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!