Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі | Скачать Курстық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе
1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Несиенің маңызы мен функциясы
1.2. Несие берудің негізгі принциптері
2 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнеске
несие беруді талдау
2.1. Еуропалақ құру және даму банкінің бағдарламасы бойынша Қазақстанда, шағын және орта бизнеске екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелер
2.2. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау
3 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнестің МӘСЕЛЕЛЕРІ жӘне ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Қазақстандағы шағын және орта бизнеске несие беру мәселелері
3.2. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
«Коммерциялық банк» термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Несие өндіру күштерінің өркендеуін ынталандырады, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері негізінде ұдайы жаңғыруды кеңейту үшін капитал көздерін қалыптастыруды тездетеді.
Несиелік қолдаусыз, ішкі мемлекеттік және сыртқы экономикалық кеңістікте шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, кәсіпкерлік қызметтердің басқада түрлерін енгізудің тез және өркениетті қалыптасуын қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Кәсіпорындарды несиелендірудің объективті қажеттілігі капиталдың ауыспалы айналымының ерекшеліктерімен шартталған, оған кіретіндер: ақша резервтерінің тұрақты пайда болуы, шаруашылықтағы қаражат айналымының әртүрлі ұзақтығы, қолма-қол ақшалы және ақшасыз айналымдардың тығыз шиеленісуі, экономикалық субъектілер шеңберіндегі қаражаттарды оқшауландыру. Ауыспалы айналым процесінде бір шаруашылық буындарынан қаражат босатылып алынады, ал екіншілерінде оларды қолдану қажеттілігі туады. Несиелендіру қажеттілігі нарық жағдайларында басқарудың коммерциялық ұйымдастырылуыменде шарттасылған, бұл кезде әрбір кәсіпорында капиталдың ауыспалы айналымы жағдайында қаражаттың қосымша қажетсінуі пайда болады. Несиелендіру механизмі көмегімен кәсіпорындар өздерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті қаражаттарды алады.
Несие салалар мен аймақтар арасындағы экономикалық байланыстардың өркендеуінде, өндіріс тиімділігінің жоғарылауында, табыстар мен пайдаларды құру мен қолдануда үлкен маңызды орын алады. Несие ақшалық массаның көлемі мен құрылымына, төлем айналымына және ақша айналысы жылдамдығына белсенді ықпал етуге қабілетті.
1 ТАРАУ. БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Несиенің маңызы мен функциясы
Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.
Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.
Негізгі капитал құнының ақша нысанында біртіндеп қайта құрылуы, босатып алынған ақшалай қаражаттың кәсіпорынның есеп шотында тұрақталып қалуына әкеледі. Сонымен қатар, басқа полюсте тозығы жеткен еңбек құралдарын алмастырудың және жеткілікті ірі бірмезгілдік жұмсалатын қаражат қажеттілігі пайда болады. Сипаттамасы бойынша ұқсас процестер айналымды капитал қозғалысындада жүреді. Одан өзге, бұл жерде ауыспалы айналымдағы және айналымдағы ауытқулар өздерін әртүрлі айқындайды. Мысалы, өндірістің маусымдылығына, жеткізудің әркелкілігіне және басқаларға байланысты, өнімдердің құрылуы мен айналу уақыты дәл келмейді. Бір субъектілерде қаражаттың уақытша артықшылығы пайда болады, ал екіншісінде керісінше — олардың жетімсіздігі. Бұл несиелік қатынастың пайда болу мүмкіндігін туғызады, яғни несие қаражаттың уақытша тұрақтап қалуы мен қажеттілігі арасындағы, олардың шаруашылықта қолданылуының салыстырмалы қарама-қайшылығын шешеді.
Экономикадағы несиелік қатынастар белгілі бір әдістемелік негізге орналастырылады, оның бір элементі болып несиелік капиталдар нарығындағы кез – келген операцияны практика жүзінде ұйымдастыру кезінде қатаң сақталатын принциптер табылады. Бұл принциптер несиенің өркендеуінің бірінші кезеңінде жағдайлық тәртіпте құралды, содан соң жалпы мемлекеттік және халықаралық несиелік заңдарында тікелей бейнеленді:
Несиенің қайтарымдылығы
Бұл принцип несиегерден алынған қаржылық ресурстардың, оларды қарызгер қолданып болғаннан соң уақытылы қайтару қажеттілігін анықтайды. Ол, ақшалай қаражаттың сәйкес сомасын өзіне несие берген ұйымның (немесе басқада несиегердің) есеп шотына аудару жолымен, нақты несиені өтеудің өзіндік практикалық анықтамасын табады, бұл банкінің жарғылық қызметін жалғастырудың қажетті шарты ретінде, оның несиелік ресурстарының жаңғыртылуын қамтамасыз етеді.
Несиелендірудің отандық практикасында орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайларында “қайтарылмаған несие” деген ресми емес ұғым болды. Несие берудің бұл нысаны барынша кең таралды, әсіресе аграрлық секторда, жәнеде қарызгердің дағдарысты қаржылық күйіне байланысты, қайтарымы ең басынан жоспарланбаған несиелердің мемлекеттік несиелік ұйымдармен беруі анықталды. Өзінің экономикалық маңызы бойынша, қайтарылмайтын несиелер мемлекеттік банк делдалдығы арқылы жүзеге асатын, бюджеттік қаражаттандырудың қосымша нысаны болып табылады, бұл несиелік жоспарлауды дәстүрлі күрделендірді және бюджеттің шығыс бөлігін тұрақты түрде бұрмалауға соқтырды. Нарықты экономика жағдайында қайтарылмайтын несие ұғымына жол берілмейді, мысалы, “жоспарланған – залалды дербес кәсіпорын” ұғымы секілді.
Несиенің мерзімділігі
Ол, несиені қайтарудың қарызгер үшін кез-келген ыңғайлы уақытта емес, несиелік шартта немесе соны алмастыра алатын басқа құжатта белгіленген анықталған мерзімде дәл қайтару қажеттігін көрсетеді. Көрсетілген шарттың бұзылуы несиегер үшін қарызгерге, алынатын процентті өсіру нысанындағы экономикалық ықпалшараны қолдануға, ал ары қарай мерзімі ұзарғанда (біздің елімізде – үш айдан жоғары) – қаржылық талапты сот арқылы шешуге жеткілікті негіз болып табылады. Бұл ережелерден жекеше шығып қалатыны, ол онкольдық несие (талап етілмелі),оның борышты өтеу мерзімі ең басынан несиелік шартта анықталмайды. Бұл несиелер, XIX ғ. — XX ғ. басында барынша кең тараған (мысалы, АҚШ аграрлық кешендерінде), қазіргі жағдайларда практика жүзінде қолданылмайды деуге болады, бәрінен бұрын несиелік жоспарлау процесіндегі олардың күрделілігіне байланысты. Одан өзге, онкольдық несие туралы шарт, оның өтелуінің белгіленген мерзімін анықтамай-ақ, қарызгердің банкіден бұрын алған қаражатын қайтару туралы хабарламаны алу кезеңінен бастап, ондағы иеленуде мерзімді айқын орнықтырады, бұл қарастырылып отырған принциптің қандайда бір дәрежеде сақталуын қамтамасыздандырады.
Несиенің ақылылығы. Несиелік процент.
Бұл принцип қарызгердің банктен алған несиелік ресурстарын тікелей қайтару қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар оларды қолдану бойынша құқығына ақы төлеудіде қайтару қажеттілігін көрсетеді. Несие үшін ақы төлеудің экономикалық мәні — қарызгер мен несиегер арасындағы оны қолдану есебінен қосымша алынған пайданың нақты бөлінуінде айқындалады. Қарастырылып отырған принцип өзінің практикалық көрсетілуін келесідей үш негізгі функцияны орындайтын банк процентінің шамасын орнықтыру процесінен табады:
заңдық тұлғалар пайдасы мен жеке тұлғалар табысының жеке бөлімдерін қайта бөлу;
өндірісті реттеу және несиелік капиталды бөлу жолымен салалық, салалар аралық және халықаралық деңгейлердегі айналым;
экономиканың өркендеуінің дағдарысты кезеңдерінде – банк тапсырыскерлерінің ақшалық қорларын инфляцияға қарсы қорғау.
Несие капиталынан алынған жылдық табыс сомасының берілген несие сомасына қатынасы ретінде анықталатын несие процентінің мөлшерлемесі (немесе мөлшері), несие ресурстарының бағасы ретінде алынады.
Тауарлардың мамандандырылған нарығына ұсынылатындардың бірі ретіндегі несие ролін қуаттай отырып, несиенің ақылығы қарызгердің несиені өнімді қолдануына ынталандырады. Тура осы ынталандыру функциясы, несие ресурстарының үлкен бөлігі мемлекеттік банк мекемелерімен өте аз ақыға (жыл бойынша 1,5 – 5 %) немесе процентсіз негізде берілген кезде, жоспарлы экономика жағдайында толығымен қолданылмады.
Несие бағасы, тауарлар өндірісінде еңбектің қоғамдық қажетті жұмсалуы анықтаушы элемент болатын, басқа тауарлар түрінің баға белгіленуінің дәстүрлі механизмінен принципті ерекшелене отырып, сұраныстың жалпы қатынасын және несие капиталы нарқындағы ұсыныстарды кескіндейді және бірқатар факторларға тәуелді болады, оның ішінде таза конъюктуралық сипаттағы:
нарықты экономиканың өркендеуінің айналсоқпалылығы (құлдырау кезеңінде несие проценті, қағида бойынша, артады, ал тез көтерілу кезеңінде – төмендейді);
инфляциялық процесс қарқындылығы (практикада несие процентінің жоғарылауынан бірнеше қалып отырады);
орталық банктің коммерциялық банктерге несие беру процесінің есептелу саясаты арқылы жүзеге асатын мемлекеттік несие беруді реттеудің тиімділігі;
халықаралық несие нарықындағы жағдайлар (мысалы, АҚШта 80 жылдары жүргізілген несиені қымбаттату саясаты шетелдік капиталды америка банктеріне тартуды шарттады, бұл сәйкес ұлттық нарықтар жағдайына әсер етті);
жеке және заңдық тұлғалардың ақшалай қорларының динамикасы (оларды қысқарту тенденциясы кезінде, несие проценті, қағидалы, артады);
әлеуетті қарызгерлердің сәйкес категорияларының тұтынушылық және несиелік ресурстарын анықтайтын өндіріс пен айналым динамикасы;
өндірістің мерзімділігі (мысалы, Ресейде несие процентінің мөлшерлемесі тамыз және қыркүйек айларында дәстүрлі жоғарылайды, бұл Қиыр Солтүстікке тауарлар жеткізуге арналған несиелер және аграрлық несиелер беру қажеттілігімен байланысты);
мемлекет беретін несиелер мөлшері мен оның қарыздары арасындағы қатынастар (несие проценті ішкі мемлекеттік қарыздың жоғарылауы кезінде тұрақты түрде артады).
Несиенің қамтамасыз етілуі
Бұл принцип қарызгердің өзіне алған жауапкершілігін бұзу мүмкіндігі болғанда, несиегердің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыздандыру қажеттілігін айқындайды және несиелендірудің кепілзат алып несие беру немесе қаржылық кепілдеме алып несие беру сияқты, нысандарының практикалық көрсетілуін табады. Бұл әсіресе жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде актуалды, мысалы, біздің отандық жағдайларымызда.
Несиенің мақсатты сипаты
Несие операцияларының көптеген түрлеріне таралады, несиегерден алынған қаражатты мақсатты қолдану қажеттілігін айқындайды. Берілетін несиенің нақты мақсатын орнықтыратын несие шартының сәйкес бөлімінде орын табады, сонымен қатар қарызгердің осы шартты сақтауын банк жағынан бақылау процесінде де орын алады. Бұл міндеттеменің бұзылуы, несиені мерзімінен бұрын қайтарып алу үшін немесе айыппұлды несиелік процент (жоғарылатылған) енгізу үшін негіз бола алады.
Несиенің сараланған сипаты
Бұл принцип әлуетті қарызгерлердің әртүрлі категорияларына несиелендіретін ұйымдар жағынан сараланған тәсілді анықтайды. Практика жүзінде оны іске асыру нақты банктің жеке мүддесінеде, мемлекет жүргізетін орталықтандырған саясаттың жеке салаларды немесе қызмет әрекеті аймақтарын (мысалы, шағын бизнесті және т.б.) қолдау жағдайынада тәуелді болады.
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі несиенің алатын орыны мен ролі, бәрінен бұрын, олар орындайтын функциялардың жалпы және селективті сипатымен анықталады.
Қайта бөлуші функция.
Нарықты экономика жағдайында несие капиталдарының рыногі, уақытша еркін қаржылық ресурстарды шаруашылық қызметінің бір аймағынан, жоғары пайда келтіруді қамтамасыз ететін екінші аймаққа бағыттаушы, айдаушы сорғы ролін атқарады. Әртүрлі салалардағы немесе региондардағы оның сараланған деңгейін бағдарлай отырып, несие экономиканың жағдайлы макро-реттегіші ролінде байқалады, жәнеде қосымша қаржылық ресурстарға капитал беріп, динамикалық өркендеуші объектілердің қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, кейбір жағдайларда көрсетілген функцияның практикалық жүзеге асуы нарық құрылымының үйлесімсіздігінің тереңдеуіне ықпал етеді және капиталдардың өндіріс аймағынан айналым аймағына қайта ағуы қатерлі сипатты қабылдайды, оның ішінде несие беру ұйымдарының көмегімен. Сондықтанда несие жүйесін мемлекеттік реттеудің бірден-бір маңызды мәселесі – экономикалық басымдылықты тиімді анықтау және несиелік ресурстарды, ұлттық мүдде тұрғысынан қарағанда, шаруашылықтың жеке субъектілерінің ағымды пайдасы үшін емес, керісінше қарқынды өркендеуі объективті қажетті салаларға немесе региондарға тартуды ынталандыру.
Айналым шығынының үнемділігі.
Бұл функцияның практикалық жүзеге асуы, өнеркәсіптік және саудалық капиталдардың ауыспалы айналым процесінде уақытша босатылып алынатын қаржылық ресурстар көзі болып табылатын, несиенің экономикалық мәнінен шығады. Шаруашылықты жүргізу субъектілерінің ақша қаражаттарының түсімі мен шығыны арасындағы уақытша айырым артықшылықты ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың жетімсіздігінде анықтайды. Сондықтанда қарызгерлердің барлық категорияларымен қолданылатын және капиталдың айналымының қарқындылығын, демек жалпы айналым шығынының үнемделуін қамтамасыз ететін, меншікті айналым қаражатының уақытша жетімсіздігін толықтыратын несие кеңінен таралды.
1.2. Несие берудің негізгі принциптері
Несие берудің негізгі алты принципі (алты Си ережесі)
Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты, болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.
Қабілеттілік (Capacity) Тапсырыскердің және кепілдіктердің түпнұсқалылығы. Қарызгердің заңдық статусы туралы жарғының, шешімдердің және басқа құжаттардың көшірмесі. Иегердің заңдық статусының тарихының баяндалуы; жүзеге асырылатын операциялар, өнім, негізгі тапсырыскерлер және қарызгердің жеткізіп берушілері.
Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері. Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым қорының болуы. Дебиторлық және несиегерлік қарыздар. Өтеу мерзімдері, тауарлы – материалдық қордың айналымдылығы. Капитал құрылымы. Шығынды бақылау, жабу көрсеткіштері. Акциялар бағасының динамикасы, басқару сапасы. Аудиторлық қорытынды мазмұны. Бухгалтерлік есептеудегі соңғы өзгертулер.
Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың қалдықты құны. Активтер бойынша мамандану дәрежесі. Тыйым салу құқығы, қарыздар және шектеулер. Лизинг бойынша міндеттеме және кепілхаттар. Тапсырыскердің сақтандырылуы, кепілдемелер, несиегер ретіндегі банктің салыстырмалы орны; соттық қуынымдар және салық салу жағдайлары; келешекте қаржыландыруды керек ету мүмкіншілігі.
Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру. Өнімнің бәсекелестік қабілеті, іскерлік циклінің кезеңінің ауысуына және технологияның өзгеруіне тапсырыскер мен саланың сезімталдығы. Жұмысшы күші рыногіндегі шарт. Фирма балансына инфляцияның ықпалы және тапсырыскерлердің болу ағымы. Ұзақ мерзімді салалық болжаулар. Қоршаған ортамен байланысты, құқықтық, саясаттық факторлар.
Бақылау (Control) Банк қызметіндегі сәйкестікті заңдар және несиенің сипаты мен сапасына қатысты ережелер. Бақылаушыларға арналған сәйкес құжаттар. Қарызды мойындау туралы қол қойылған құжаттар және несиені алу үшін дұрыс құрастырылған құжаттар. Несиелік тапсырыстың банктың баяндалған несиелік саясатына сәйкес келуі. Несиені өтеу процесіне ықпал ететін факторларға қатысты жақтық тұлғалардың (экономистердің, саясаткер эксперттердің) ақпараты.
1. Қарызгер сипаты. Несие инспекторы, тапсырыскердің несиені алу мақсатын жеткілікті дәл көрсете алатынына және оны өтеуге байыпты, парасатты ыңғайы бар екеніне көз жеткізуі керек. Егер инспектордың несиені сұрау мақсатына қатысты қажетті сенімділігі болмаса, онда ол тағыда нақтылануы керек. Тіпті бұл жағдайда несие инспекторына келесі жағдайларды орнықтыруы керек: тапсырыскер қарыз қаражаттарына жауапкершілікпен қарайтынына, банк сұрақтарына шындықты жауап беретініне және несие бойынша қарызды өтеу үшін бар күшін салатынына. Бүкіл қарызды өтеудегі тапсырыскердің жауапкершілігі, шыншылдығы және байыптылығы, несие инспекторының қарызгер сипаты деп атайтын түсінікті береді.
Егер несие инспектордың, қарызгермен берілген құжаттарды оқып болған соң және онымен сұхбаттасқаннан соң, тапсырыскердің сенімділігіне қатысты, оның несиені өтеу тілегі мен қабілеттілігі туралы күмән туса, онда тапсырыскерге несие беруден бас тарту керек. Ондай болмаған жағдайда, банк өтелуі күмәнді мәселелі несиемен істі болады.
2. Қаражаттарды қарыз алу қабілеттілігі. Несие инспекторы несие сұраушы тапсырыскердің несиелік тапсырыс беруге және несиелік шартқа қол қоюға заңдық құқығы бар екеніне сенімді болуы керек. Тапсырыскердің берілген сипаттамасы оның несиелік қаражатты қарызға алу қабілеттілігі ретінде белгілі. Көптеген елдерде кәмелетке толмағандар (яғни 18 жасқа немесе 21 жасқа толмағандар) несиелік шарт бойынша жауап беруге құқығы болмайды. Ондай несиені өндіріп алар кезде банк қиындықтарға кездеседі. Несие инспекторы, несие шартына қол қоюға қандай тұлғалар уәкілетті екенін анықтау үшін, несие алуға тапсырыс берген компанияның (банктың) жетекшісінің немесе өкілінің, оған компанияның (банктың) атынан несиелік шартқа қол қоюға және келіссөз жүргізуге құрылтайшылармен немесе директорлар Кеңесіменен берілген сәйкес уәкілеттілігінің бар екеніне сенімді болуы керек. Уәкілетті емес тұлғалар қол қойған несие шарты бойынша қаражатты сот арқылы өндіріп алу мүмкіндікті болмайды және банк едәуір залал көреді.
3. Ақшалай қаражат. Кез – келген несиелік сұраныстың өзекті кезеңі қарызгердің несиені өтеу мүмкіндігін анықтаудан тұрады. Жалпы қарызгерде өзі алған несиелерді өтеудің үш көзі бар: — қолма – қол ақшаның ағымы, активтерді сату немесе жою, қаржыларды тарту
Көрсетілген көздердің кез – келгені несиені өтеу үшін қаражаттың қалдықты сомасын қамтамасыз ете алады. Дегенмен, банкирлер қарызгердің несиені өтеуінің негізгі көзі ретінде оған түсетін қолма – қол ақшаның ағымын таңдауды жөн көреді, өйткені активтерді сату қарызгер балансын төмендетуі мүмкін, ал оны қосымша қарыз алу несиегер ретіндегі банк жайғасымын әлсіретеді. Қолма – қол ақша ағымының жетімсіздігі, фирманың қаржылық күйінің және несиегерлермен өзара қатынастың төмендеуінің маңызды көрсеткіші болып табылады Бухгалтерлік есептеу тұрғысынан қарағанда қолма – қол ақша ағымы келесідей түрде анықталады:
Қолма – қол ақша ағымы = Таза пайда + Амортизация + Несиелік қарыздың жоғарылауы — Тауарлы-материалдық бағалылықтар қорының жоғарылауы және дебиторлық қарыздар.
Бұл теңдеудің бірден – бір артықшылығы, оның көмегімен банктің несие инспекторы тапсырыскер қызметінің біліктілігін көрсететін және оның менеджерлерінің тәжірибесін көрсететін жақтарын анықтай алады, сонымен қатар тапсырыскер жұмыс істейтін жағдайлардағы рынок күйін біле алады. Коммерциялық несиені (несиелік қарыздарды) артықшылықты қолдану арқылы “ағымда ұсталушы” қарызгер, банк үшін мәселелі тапсырыскер болады. Көптеген банктер оған несие берудің тиімділігіне қатысты күмәнді болады.
4. Қамтамасыз ету. Несие тапсырысы бойынша қамтамасыз етуді бағалау кезінде несие инспекторы келесі сұраққа жауап алуы керек: тапсырыскер несие бойынша қажетті қамтамасыз етуді беру үшін жеткілікті капиталға немесе сапалы активтерге иелігі барма? Несие инспекторы келесідей сипаттамаларға ерекше көңіл аударады: қызмет мерзімі, қарызгердің активтерінің күйі мен құрылымы. Егер қарызгердің активтері – бұл тозығы жеткен жабдықтар мен технология болса, онда олардың несиені қамтамасыздандырғыш ретіндегі бағалығы жоғары емес, өйткені мұндай активтерді, несие бойынша қарыздарды өтеу кезінде қарызгер табыстары жеткіліксіз болған жағдайда, қолма – қол ақша қаражатына айналдыру өте қиын болады.
5. Шарттар. Несие инспекторы қарызгердің жұмысының қалай жүріп жатқанын немесе сәйкес саладағы болып жатқан жағдайды біліп отыруы керек, сонымен қатар несиені өтеу процесіне экономикалық және басқа жағдайлардың қалай ықпал ететінін білуі керек. Құжаттар бойынша, қамтамасыз ету тұрғысынан, несие сенімді болып көрінуі мүмкін, бірақ инфляция салдарынан пайда болатын проценттік мөлшерлеменің экономикалық құлдырау немесе өсу жағдайларында, сату немесе табыс көлемінің қысқаруы нәтижесінде оның сенімділік дәрежесі төмендеуі мүмкін. Салалар күйін және экономикалық жағдайларды бағалау үшін, көптеген банктер деректер қоры бар ақпараттық орталықтар құрады, әртүрлі ақпараттық материалдар жинайды және олардың негізгі қарызгерлері салалар бойынша ғылыми зерттеулер туралы қорытынды құжаттар жинайды.
6. Бақылау. Қарызгердің несиелік қабілеттілігін бағалаудың соңғы факторы болып бақылау табылады, ол келесідей сұрақтарға жауап алады: қарызгердің қызметіне және оның несиелік қабілеттілігіне заңдық құқықтық, экономикалық және саясаттық жағдайлардың өзгерісі қаншалықты жағымсыз ықпал ете алады.
Алты Си ережесі деп аталатын көрсеткіштер сұлбасы, қарызгердің несиелік қабілеттілігін және сенімділігін бағалаудың көп тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикасы өркендеген елдердің банктері, тапсырыскердің несиелік қабілеттілігін бағалау үшін көрсеткіштері үлкен мөлшердегі күрделі жүйені қолданады. Бұл жүйе қарызгердің ( фирма, жеке тұлға, қызмет түрі) сипатына тәуелді сараланған, сонымен қатар тапсырыскердің есеп беруінің айналымды көрсеткіштерінеде, сальдолық көрсеткіштерінеде негізделеді.
2 ТАРАУ. Қазақстандағы шағын жӘне орта бизнеске несие беруді талдау
2.1 Еуропалақ құру және даму банкінің бағдарламасы бойынша Қазақстанда, шағын және орта бизнеске екінші деңгейдегі банктермен берілетін несиелер
Еуропалақ қайта құру және даму банкісі бағдарламасы шеңберінде банктік қарыздың үш типі беріледі:
1) жеке тұлғаларға және жекеше кәсіпкерлерге (патент бойынша немесе куәлік бойынша жұмыс істеуші), жеке тұлғаларға тұтынушы несие ретінде рәсімделген микронесиелер:
— максимал сомасы 10 мың АҚШ доллары (ерекше жағдайларда 20 мың АҚШ доллары);
— несиелер АҚШ долларымен немесе тенгемен беріледі;
— несиенің максимал мерзімі — 12 ай.
2) жекеше кәсіпкерлерге (патент бойынша немесе куәлік бойынша жұмыс істеуші) және заңдық тұлғаларға коммерциялық несиелер ретінде берілетін микронесиелер:
максимал сомасы 30 мың АҚШ доллары(ерекше жағдайларда 50 мың АҚШ доллары);
— несиелер АҚШ долларымен немесе тенгемен беріледі;
— несиенің максимал мерзімі — 12 ай (ерекше жағдайларда 24 айға дейін).
3) куәлік бойынша жұмыс істеуші жекеше кәсіпкерлерге және қызмет көрсетумен немесе өндіріспен айналысатын заңдық тұлғаларға (сауда қызметі үшін – тек қана инвестицияны қаржыландыру) коммерциялық несиелер ретінде берілетін шағын несиелер:
— максимал сомасы 125 мың АҚШ доллары (ерекше жағдайларда 200 мыңға дейін АҚШ доллары);
— несиелер АҚШ долларымен немесе тенгемен беріледі;
— несиенің максимал мерзімі — 24 ай (ерекше жағдайларда 36 айға дейін).
Банкілік қарыздардың мерзімі және валюта бойынша шектелуі басты Банктің Несиелік Комитетінің шешімі бойынша өзгере алады.
Еуропа жаңғыру және даму банкісі бағдарламасы шеңберінде банкілік қарыз Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана беріледі.
Банктік қарыздар, тапсырыскердің ағымдағы шотына ақшаны есептеу арқылы немесе депозиттерге (салымдар) қарызды валютада талап еткенге дейін салынады.
Банкіде шот ашу несиені берудің міндетті шарты болып табылады.
Еуропа жаңғыру және даму банкісі бағдарламасы шеңберінде банкілік қарыз алу үшін, тапсырыскер Еуропа жаңғыру және даму банкісінің секторынабөліміне жүгінуі керек. Тапсырушымен алдын – ала сұхбаттасу нәтижесінде несие эксперті бизнес — тапсырыскер Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша несие беру шарттарына сәйкескестілігін анықтайды, және шешім оң болған жағдайда тапсырыскерге банк қарызын алуға тапсырыс бланкісін толтыруға ұсыныс жасайды:
— Жеке тұлғалар және жекеше кәсіпкерлерге арналған нысан;
— заңдық тұлғаларға арналған нысан (қосымша № 2)
Тапсырысқа қосымша, тапсырыскер Қосымша №1а және 2а көрсетілген құжаттарды беруі қажет.
Берілген құжаттар пакетін несие эксперті түпнұсқамен салыстырады, “көшірме сенімді” деген жазумен және өзінің қолымен растайды. Несиелік комитетте оң шешім қабылданғаннан соң, құрылтайлық құжаттар мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің барлық көшірмелері, заңды түрде расталған (нотариалды) құжаттар көшірмелерімен алмастырылады. Егер Операциялық басқармада қарызгердің құрылтайлық құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері болса, онда несиелік құжаттамаға операциялық басқарма қызметкерімен расталған олардың көшірмесі тіркеледі. Банк қарызын алу үшін тапсырыс түскен кезде несие эксперті тапсырыскер туралы мәліметтерді компьютер қорына енгізуге міндетті.
Экономикалық талдау.
Несие эксперті тапсырыскердің бизнес орынына барып, оның қызметінің қаржылы – экономикалық талдауын жүргізеді. Одан өзге, егер тапсырыскер жеке тұлға немесе жекеше кәсіпкер болса, несие эксперті тапсырыскердің мекен – жайына баруы қажет. Қалған барлық жағдайларда, тапсырыскердің мекен – жайына бару қажеттілігін несие эксперті өзі анықтайды. Несие эксперті тапсырыскердің бизнесінің нақты көрінісі мен қатар жүретін тәуекелдікті бағалау үшін қажетті ақпаратты алуда жауапкершілікті болады. Жиналған мәліметтер резюмеге шоғырландырылады, ол Еуропа жаңғыру және даму банкісі Бағдарламасы бойынша филиалдың Несиелік Комитетіне қаралуға беріледі:
— резюменің қысқаша нысаны жеке тұлғалар мен жекеше кәсіпкерлерге берілетін микронесиелер бойынша құрастырылады
— резюменің толық нысаны, қысқаша нысан қарастырылмайтын, заңдық тұлғаларға және жекеше дербес кәсіпкерлерге берілетін несиелер бойынша құрастырылады, оның мөлшері 30 мың АҚШ долларына дейін
— егер несие инвестицияны қаржыландыруға берілетін болса, резюмеге қаржыландырылатын жобаның сипаттамасы енуі керек.
Талдауды жүргізу және ақша қозғалысының болжамын құру (Cash Flow) 30 мың АҚШ долларынан жоғары банк қарызы бойынша қажетті (қосымша)
Қалған жағдайларда Cash Flow құру қажеттілігі Еуропа жаңғыру және даму банкісінің несие экспертімен және оның өкілімен анықталады.
Заңдық экспертиза
Сомасы 10 мың АҚШ долларынан жоғары тапсырыстарды қарау кезінде экономикалық талдауды жүргізумен бірмезгілде, тапсырыскермен өткізілген барлық құжаттарды несие эксперті Филиалдың заңдық бөліміне бағыттайды, ол жерде құжаттардың заңдық экспертизасы жүргізіледі. Құжаттардың Заңдық бөлімде қаралуы, тексеру үшін қажетті барлық құжаттарды және қызмет хатын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспауы керек. Тексеру нәтижесі бойынша Заңдық бөлім жазбаша қорытынды рәсімдейді және оны осы тапсырыскер бойынша істі жүргізуші несие экспертіне бағыттайды. Несие эксперті 10 мың АҚШ долларына дейінгі банк қарызы бойынша құжаттар пакетін, қажет болған жағдайда, заңдық экспертиза жүргізу үшін Заң бөліміне бағыттай алады. Заңдық қорытындыға кіретіндер:
— қарызгердің құрылтайлық құжаттарын тексерудің нәтижелері, банктік қарыз шарттарын және қамтамасыз ету шарттарын жасасуға уәкілдік тұлғалардың құқығы;
— жоғарыда айтылған мүлік бойынша ауыртпалығы және қарызы жоқтығын растайтын құжаттар мен банк қарызын қайтаруды қамтамасыз етуге берілетін мүлікке құқықтық орнататын құжаттарды тексеру нәтижелері;
— тапсырыскермен өзінің іс әрекеті үшін қолданылатын контрактілерін тексеру нәтижелері (несие экспертінің талап етуімен);
— негізгі қаражаттарға меншіктену құқығын тексеру нәтижелері (несие экспертінің талап етуімен).
Мөлшері 10 мың АҚШ долларынан аспайтын банктік қарыздар бойынша жазбаша заңдық қорытынды талап етілмейді. Банкілік қарыз шартында және кепілзат щартында заңгер қолының болуы, берілген құжаттар пакетінің Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылудағы нормаларына сәйкес екендігіне көз жеткізеді. Заңдық қорытындыда көрсетілген, филиалдың Заңдық бөлімінің ескерпелерін жойған немесе болмаған жағдайда, заңгер банкілік қарыз шартының және кепілзат шартының бір данасына қол қояды. Заңдық қорытындыда көрсетілген ескерпелерді жойған кезде, жаңа заңдық қорытынды құрастыру талап етілмейді. Алдыңғы құрастырылған қорытындыға, заңгер ескерпелердің жойылғаны туралы белгі қояды. Кепілзат ретінде жылжымайтын мүлік қойылған кезде, жылжымайтын мүлік орталығында теркелгендігі туралы белгі қойылған, құқық орнатушы құжат ұсынылады (шарт, сот шешімі, мұрагерлік туралы куәлік және т. б.). Жылжымайтын мүлік орталығы берген жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы куәлік, жоғарыда айтылған құжаттар болмаған жағдайда ғана қажет. Коммуналдық қызмет көрсетуді және кепілзат ретінде қабылданған жылжымайтын мүлік салығының төленгені туралы құжаттар талап етілмейді. Несие эксперті қаржы – экономикалық талдау жүргізу кезінде, сәйкес шоттарды, анықтамаларды және қиыптарды тексеру жолымен коммуналдық қызмет көрсетудің салықтардың төлемі туралы қарыздарының жоқтығын тексеруі керек. Айналымдағы тауарлар, тауарлар қоры, жеке мұлік, жабдықтар немесе басқада техникалар түрінде қосымша қамтамасыз ету берілген кезде (қажетті минимал соманың үстіне), және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несиелік Комитетімен басқадай шарттар анықталмаса, кепілзатқа құқық орнатушы құжаттар талап етілмейді. Егер банк қарызын қайтару бойынша қамтамасыз етуші болып жылжымайтын мүлік табылса, оның барлық меншіктенушілері, және ерлі – зайыптылар кепілзатқа және кепілзат болушы мүліктің соттан тысқары өткізімділігі туралы нотариалды расталған келісім берулері керек немесе осы келісім жылжымайтын мүліктің кепілзаттылығы туралы шартта белгіленеді. Жылжымайтын мүліктің меншіктенушілері болып табылатын, кәмелетке жасы толмаған балалар үшін бұл келісім қамқоршылық органымен беріледі. Осы тұрғыналаңында тұратын басқа тұлғалардың жазба келісімі қажет етілмейді. Несие эксперті қарызгердің қызметін қаржы – экономикалық талдау процесінде және банк қарызын қамтамасыз етуші құжаттар бойынша туатын сұрақтарға заңгер кеңесін алуына құқығы бар.
Филиалдың экономикалық қауіпсіздігі Қызметін тексеру.
Экономикалық қауіпсіздік Қызметінің қорытындысы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы, барлық банкілік қарыздар бойынша міндетті болып саналады. Қалған барлық жағдайларда қорытынды несие экспертінің немесе Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің талабына бойынша ғана құрастырылады. Сұрау салуды рәсімдеу кезінде несие эксперті экономикалық қауіпсіздік қызметіне келесі құжаттарды береді:
Қызметтері тіркеуді қажет етпейтін жеке тұлғалар мен жекеше кәсіпкерлер үшін:
— тапсырыскер тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі
— салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН)
— анкеталық мәліметтер мен тапсырыс көшірмесі
Қызметтері тіркеуді қажет ететін жекеше кәсіпкерлер үшін:
— тапсырыскер тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі
— салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН)
— кәсіпкердің тіркелуін мақұлдайтын құжат көшірмесі (куәлік, патент)
— анкеталық мәліметтер мен тапсырыс көшірмесі
Заңдық тұлғалар үшін;
— заңдық тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
— кәсіпорынның салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН)
— кәсіпорынның құрылтайшыларының, жетекшілерінің, бас бухгалтерінің паспорттық мәліметтері және СТТН
— анкеталық мәліметтер мен тапсырыс көшірмесі
Экономикалық қауіпсіздік Қызметінің қорытындысы сұрау салуды және барлық қажетті құжаттарды алғаннан соң екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайын болуы керек. Банктің экономикалық қауіпсіздік Қызметі қарызгермен кездеспестен тексеру жүргізеді. Жеке жағдайларда (күрделі, даулы) экономикалық қауіпсіздік Қызметінің өкілі мен тапсырыскердің, несие эксперті келісімімен, кездесулерін ұйымдастыруға болады. Қорытынды жазба түрде құрастырылады және міндетті түрде тапсырыскердің азаматтық дәулеттілігі туралы, оның несиелік тарихы туралы, байланыстағы компаниялардың және қарыздардың болуы туралы, тапсырыскердің соттық талқылануда қатысы туралы, тапсырыскер туралы жағымсыз ақпараттардың айқындалуы туралы, қарызды беру туралы шешімге ықпал ететін кез – келген басқада ақпараттар туралы мәліметтер кіреді. Экономикалық қауіпсіздік Қызметі кепілзатқа берілетін мүлікке бағалау және экономикалық және заңдық экспертиза жүргізбейді. Несие эксперті екінші деңгейдегі басқа банкілерде қолданбалы, Қазақстанның шағын бизнесі Бағдарламасы шеңберіндегі әлуетті қарызгердің алдыңғы несиелік тарихын тексеру үшін жауап береді. Заңдық бөлімнің және экономикалық қауіпсіздік қызметінің қорытындылары ақпараттық сипатта болады және Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінде талқыланады .
Берілетін банктік қарыздың қайтарымдығын қамтамасыздандыру
Берілетін банктік қарыздың қайтарымдығын қамтамасыздандыруда қабылданады: жылжитын және жылжымайтын мүлік кепілзаты, кепілдемелер, үшінші тұлғалардың кепілгерлігі, жеке және заңдық тұлғалардың депозиттері (салымдары), жәнеде Қазақстан республикасының қолданудағы қаңына қайшы келмейтін, қамтамасыз етудің басқада түрлері. Қарызгердің немесе үшінші тұлғаның жеке мүлігі қосымша қамтамасыздандырғыштар ретінде қабылданады. Банктік қарыздың берілуі бойынша шешім, бәрінен бұрын, тапсырыскердің қаржылық жағдайының талдамасына негізделуі керек. Банктік қарыздың шарты бойынша қарызгер міндеттемесі қамтамасыз етілген болуы керек. Қамтамасыз етудің минимал жиынтық құны қарыз және сыйақы сомасы бойынша оның міндеттемесін жабуы керек.
Қамтамасыз ету құрамы бойынша соңғы шешім Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетімен қабылданады және келесідей факторларды есепке алады:
— қарызгердің жалпы қаржылық жағдайы;
— несиелік тарихы ;
— қамтамасыз етудің әртүрлі әдістері мен нысандарын қолданумен құрама құрылым қалыптастыру, ынтымақты жауапкершілікке үшінші тұлғаларды тарту;
— банк қарызын өтеу үшін ынталандыру ретінде, қарызгерге арналған кепілзатқа берілген мүліктің құндылығы;
— кепілзатқа берілген мүліктің өтімділігі.
Банк қарызын қайтаруды қамтамасыз ету бойынша құжаттарда қарызды беру процесін жылдамдату үшін, минимал талаптарды ұстану керек:
— міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктерден өзгесіне, жылжитын мүлік кепілзатының мемлекеттік тіркелуі талап етілмейді;
— банк қарызын қайтаруды қамтамасыз етуде қабылданған жылжымайтын мүлікке және автокөліктерге құқық орнатушы құжаттарды беру міндетті. Басқа жағдайларда қамтамасыз етуге мүлікті құқық орнатушы құжаттарсыз, келесі шарттарды сақтаумен қабылдауға рұқсат беріледі:
Несие мөлшері
Құқық орнатушы құжаттармен қамтамасыз етілген сома,
Қамтамасыз етудің минимал қажетті кепілзат құнына проценттік қатынаста
10.000 USD дейін
50% кем емес
10.000 USD дан 30.000 USD дейін
70% кем емес
30.000 USD жоғары
85% кем емес
Банк қарызын қайтаруды қамтамасыз етудің минимал қажетті құны банк қарызы және сыйақы бойынша оның міндеттеме сомасынан төмен болмауы керек.
Кепілзат заттарын сақтандыру міндетті емес, сақтандыру қажеттігі туралы шешімді Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетімен қабылданады; Несие эксперті Еуропа жаңғыру және даму банкісінің Бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетіне қамтамасыз етуді бағалау туралы жазбаша қорытынды береді. Сомасы 30 мың АҚШ долларына дейінгі банк қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде ұсынылған мүлікті, Банк атынан, несие эксперті өз бетінше бағалай алады, бағалау туралы жазбаша қорытынды дайындайды.
Банк қарыздары бойынша 30 мың АҚШ долларынан асатын сомада кепілзат мүлігін бағалау, байқау, қорытынды жасау, Банк атынан, қамтамасыз етуді бағалау бойынша банк маманымен, несие экспертінің қатысуымен 1 жұмыс күні үшінде жасалады. Мұндай банк қарыздары бойынша пәтерді, автокөлікті, айналымдағы тауарларды, жеке мүліктерді және қосымша қамтамасыз ету мүліктерін, банк маманының келісімі бойынша, несие эксперті жүргізе алады. Егер несие эксперті объектіні бағалауда және кез – келген күрделі (даулы) жағдайларда бағалау, несие экспертінің сұранымы негізінде, қамтамасыз етуді бағалау бойынша банк маманымен, 1 жұмыс күні үшінде жасалады.
ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің құрамына ЕҚДБ жағынан, шешуші дауыс және тыйым салу құқығы бар, ЕҚДБ өкілі кіреді.
Сомасы 5 мың АҚШ доллары (Алматы Обласының филиалы бойынша 10 мың АҚШ долларына дейін) болатын банк қарызын беру бойынша шешім қысқарған құрамменде қабылдануы мүмкін: несие беру Басқармасының басшысы және ЕҚДБ өкілі.
ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің мүшелерінің қолының үлгісі Филиал директорымен бекітіледі. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің дербес құрамы, сонымен қатар олар болмаған кезде орынын басатын тұлғалардың тізімі Филиал бойынша шығарылатын бұйрықпен бекітіледі.
ЕҚДБ өкілі Қазақстанның шағын бизнесі Бағдарламасының Үйлестірушісімен Банкке бағытталатын хатпен тағайындалады, онда осы өкілдің өкілеттігі көрсетіледі.
Қазақстанның шағын бизнесі Бағдарламасы Банк қызметкеріне ЕҚДБ өкілінің өкілеттігі мен фукнциясын табыстай алады.
ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінің мәжілісіне берілетін құжаттар:
— несие экспертімен дайындалған резюме;
— заңдық қорытынды (қажет болған жағдайда);
— қамтамасыз етуді бағалау бойынша қорытынды;
— экономикалық қауіпсіздік қызметінің қорытындысы (қажет болған жағдайда).
Банктік қарыздарды беру тәртібі
ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде бір қарызгерге екі паралель банктік қарыздар беру мүмкіндігі бар, бұл кездегі бір қарызгердің міндеттемесінің максимал сомасы 200 мың АҚШ доллары болады. “Бір қарызгер” терминімен әрбір жеке тұлға немесе заңдық тұлға (оның ішінде жекеше кәсіпкерде), немесе 3 п. Берілген анықтамаға сәйкес байланысқан қарызгерлер тобы қабылданады. (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының үкімімен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер, 23.05.97ж. № 219 сәйкес өзгерістер мен қосымшалармен).
Банктік қарыз берудің тапсырысын қараушы Несие эксперті, оны ЕҚДБ бағдарламасы бойынша филиалдың Несие Комитетінде бекіткен соң, банктік қарыз және кепілзат шарттарын рәсімдеу үшін Back-офис функциясын орындаушы қызметкерге, қарызгер бойынша толық құжаттар пакетін бағыттайды.
Back-офис функциясын орындаушы қызметкер (яғни банктік қарыз және кепілзат шарттарын жасау бойынша барлық техникалық жұмыстарды, олардың заң қызметтерімен келісімін, несиелік шоттарды ашуға, банктік қарыз беруге және филиал қоймасына банк қарызы бойынша құжаттарды кіріске алуға өкім құрастыруды орындайды) ретінде Бас банкке есеп беруді құрастырумен айналысатын, Филиалдың несие бөлімшесінің қызметкері тағайындала алады. ЕҚДБ өкілімен келісу бойынша Back-офис функциясын орындау үшін Банк қызметкерлеріде, сонымен қатар арнайы оқытылған ЕҚДБ қызметкерлеріде бола алады.
Несие эксперті және Back-офис қызметкері қарызгердің несиелік құжаттамасын толық қалыптастыру үшін жауапкершілікті болады.
Банк пен қарызгер арасындағы барлық шарттар тексеріледі, егер ескертпелер болмаса, Филиал заңгерімен осы шарттар мен барлық қажетті құжаттардың берілген уақытынан бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылады.
Барлық … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz