Қараталақ ауруы (індет) | туралы қазақша

0

Қараталақ (ұшпа) — малдың қанын қағындырып (септицемия), оның денесінде көптеген үлкенді-кішілі ісіктер барлық мүшелерін, әсіресе талағын зақымдайтын, Вас. anthracis микробтарын тудыратын аса жұқпалы, жіті ауру.

Қысқаша тарихи деректер. Қараталақ — дүние жүзіне кең тараған індет. Мәселен, қараталақ індеті 1965-1967 жылдары жер шарында 21381 рет шықты. Олардың көпшілігі Европа (42,6%) мен Азияда (30,5%) болды. Бұрын, XIV-XVIII, әсіресе XIX ғасырларда қараталақ мал шаруашылығына үлкен зиян тигізетін қауіпті індет болатын. Айталық, патшалық Россияның 60 губерниясының 57-сінде індет жыл сайын болып тұратын. Сібірде жүріп қараталақтың клиникалық белгілерін сипаттап, оның өршуі белгілі бір маусымға бағынышты екеніне назар аударған Абрам Ешке. Кейін, 1788 жылы, қараталақтың адамға жұғатыны анықталды: С. С. Андреевский Челябинскіде өзіне өзі қараталақ жұқтырып, тікелей өзі сезінген ауру белгілерін жазды.

Мал мен адамды індеттен қорғау мақсатымен 1882 жылы Л. С. Ценковский тұңғыш рет қараталаққа қарсы қолданылатын вакцина ұсынды. Вакцина жасау жұмысы кейін біздің елімізде одан әрі жалғастырылды: 1944 жылы СТИ вакцинасы, 1956 жылы ГНКИ гидроокисьалюминий вакцинасы қолданыла бастады.

Қараталақ Қазақстанда да ертеден белгілі болатын, бірақ революцияға дейін індет қай жерде қанша рет шығып, қанша малды қырғынға ұшыратқаны жөніндегі деректер толық сақталмады, олардың көпшілігі ұмыт болды. Алайда, төменде көрсетіліп отырған азын-аулақмысалдардың өздері-ақ, сол кезде қараталақтың шалғай қазақ даласында кең етек алғанына дәлел бола алады. 1839 жылы 709 бас ірі қара қараталаққа шалдығып, олардың 547-сі өлген. 1884 жылдың жазында Қарқаралы округында осы індетке ұшыраған 1903 ірі қараның 1464 басы, яғни 76,9% шығын болған. А. И. Якобль деректеріне қарағанда қазіргі Солтүстік Қазақстанның 69 поселкесінде індет 1864-1868 жылдары 192 рет қайталанған, ал 1870 жылы 8 поселкедегі мал қараталаққа шалдыққан.

Ауру қоздырғышы — ұзындығы 5-8 микрон, ені 1 -1,5 микрон, қозғалмайтын таяқша тәрізді микробтар. Өлген малдың қаны мен тканьдерінен алынған жұғындыда микроб таяқшалары сыңарланып немесе екі-екіден орналасады, кейде қысқа жіп тәрізді тізбектеліп жатады. Жасанды қоректе олар ұзын жіп тәрізденген тізбекке ұқсайды.

Вас. anthracis спора түзеді. Спора қолайсыз жағдайларға төзімді: кепкен теріде ол ондаған жыл бойы өлмейді, тіпті малдың иленген терісінде де тіршілік ете береді. Мал денесінде қараталақ таяқшасы спора түзбейді, өйткені мұнда спора түзуге қажет бос оттегі болмайды. Соймаса, мал өлексесінде де микроб спора түзе алмайды, өйткені шіру процесі барған сайын үдей түседі де, оттегі әдеттегіден бірнеше есе көп сіңіріледі, босап шыққан оттегінің мөлшері тым азайып кетеді. Өлексенің ішін жарса сырттағы ауамен бірге көп болып оттегі енеді де, спора жедел түзіледі. Микробтың осы қасиетін ескере отырып, сондай-ақ мал фермасын, қоражайды, жайылымдар мен суаттарды таза ұстап, адамды осы аурудан сақтандыру үшін қараталақтан өлген малдың ішін жаруға (союға) тыйым салынады. Ашық тастап ит, құсқа да жегізуге болмайды.

Шіри бастаған өлекседе қараталақ микробтары екі күн өтісімен қырылып қалады. Олар пенициллин, стрептомицин сияқты антибиотиктерге төтеп бере алмай тез арада өледі. Тікелей түскен күн сәулесі оларды бірнеше сағатта жойып жібереді. Су ішінде қараталақ бацилласы бірнеше ай бойы тіршілік ете береді. Ол 55°С ыстықта 40 минут өтісімен, 60°С ыстықта 15 минуттан кейін, 75°С ыстықта бір минут ішінде, 100°С ыстықта сол бойда өледі. Ал, бірақ 10°С  аязда екі күн бойы тірі сақталады. Кейбір микробтар тіпті 180°С аязда 3-15 сағат бойы өлмеген.

Спора түзген бацилла аяздың әсерінен өлмейді. Топырақта ол ондаған жыл бойы тіршілік ете алады, ол тікелей түскен күн сәулесіне 4 күн бойы төтеп береді. Суда қайнатса, қараталақ бациллаеы 45-60 минутта, ал 140°С-қа дейін қыздырылған құрғақ ауада 3 сағатта өледі. Формалиннің 1 % ерітіндісімен және күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісі оны 2 сағатта өлтіреді. Терідегі споралы бацилла тұздау және илеу әсерінен өлмейді.

Ауру эпизоотологиясы. Барлық мал түліктерінің ішінде қараталаққа ең бейімдісі — ірі қара. Бацилла әдетте жер қыртысында (топырақта) тіршілік етеді. Шаң-тозаң, ағынды су арқылы бір жерден екінші жерге ауысып, тіршілік етуге қолайлы жағдай тапса, тап осы арада індеттің жаңа ошағы пайда болады. Ауру қоздырғышын ет қоректі аң, жыртқыш құс, қан сорғыш насекомдар тасымалдауы мүмкін. Сондай-ақ ол айналаға ластанған жүн, тері және осы аурудан өлген малдың өлексесі арқылы тарайды.

Микроб мал денесіне әдетте ауыз арқылы, кейде тыныс жолы арқылы енеді. Іштегі төл жатыр арқылы індетке шалдығуы мүмкін. Малға ауру қараталақ бацилласы түскен жайылымда жүргенде, сондай-ақ осы микроб түскен жемшөпті жеп, су ішкен мезгілде жұғады. Індет шыққан жерде Вас. anthracis ауру малдың қиына, несебі мен сілекейіне ілесіп, сыртқа шығады да, айналадағы заттарды ластайды.

Қараталақ қоздырғышының топырақта жиналып қорлануы, онда тіршілік етуі, сақталуы, одан мал денесіне ауысуы сол топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, ауа райына, мәселен, ауаның температурасына байланысты. Аязды күндері (-14°С, одан да төмен) індет өте сирек кездеседі. Күн неғұрлым ыстық болса, індет соғұрлым көп тарайды. Сондай-ақ, індеттің шығуы, өршуі географиялық ендіктерге байланысты: қараталақ оңтүстік аймақта июльде бірден-бір жиі ұшырайды. Індет өршіген кезде, әрине, ауру мал және ауру шыққан шаруашылықтар (пункттер) саны көбейіп кетеді. Індеттің өршуі не бәсеңдеуі ауаның ылғалдылығына да байланысты: ылғал 60 проценттен аспаса аурудың дамуына бірден бір қолайлы жағдай туады.

Қараталақтың шығуында белгілі заңдылық жоқ. Кейбір елді мекендерде ол жыл сайын, екінші бір аймақта оқта-текте шығып отырады. Індет не бары бір-ақ рет байкалған пункттерде кездеседі. Індеттің белгілі бір жерде көп жыл бойы орын тебуі ең алдымен ауру қоздырғышының топырақта қолайлы жағдай тауып, ұзақ жылдар бойы өсіп-өнуіне байланысты. Мәселен, топырақтың физикалық-химиялық қасиеттері белгілі бір деңгейде болуы шарт. Қышқыл топырақта қараталақ бацилласы ұзак уақыт тіршілік ете алмайды, ал бейтарап реакциясы топырақта керісінше, көпке дейін тірі сақталады. Оның тіршілік етуіне қара, қызғылт қоңыр, қара қызыл, қоңыр топырақты жер қолайлы болады: мұнда қараталақ бацилласы көп жыл бойы өлмей, сол маңайды індеттің тұрақты ошағына айналдырады. Қоңыр да қышқыл топырақты жерлерде, шөл және шөлейт далада ол тіршілік ете алмайды, демек мұндай аймақта әдетте індет ошағы кездеспейді.

Патогенез. Ауру қоздырғышы мал денесіне жарақаттанған тері және ауыз бен танаудың кілегейлі қабаттары арқылы енеді. Індеттің барысы, өршуі және бәсеңдеуі мал денесінің ауруға төтеп беру қабілетіне, микробтын қандай жерге енгендігіне, оның уыттылық дәрежесіне байланысты. Ірі қара күйіс мал ретінде жемшөпті жөнді шайнамайақ жұтып жібереді. Осыған орай өсімдік сабақтары, түрлі тікенектер оның қарнының ішкі бетін жарақаттайды да, ауру қоздырғышы тікелей қанға еніп, бүкіл мал денесіне жайылуына, қанның қағынуына (септицемия) мүмкіндік туады. Демек, індеттің өршуі малдың азық қабылдау тәсіліне де байланысты.

Аурудың дамуына бацилла бөліп шығарған уыты, оның түрлері үлкен әсер етеді. Кейбір бациллалар, әсіресе олардың әлсіреген түрлері, көбінесе малды елітпейтін, бірақ оның денесінде ісік тудыратын уыт бөліп шығарады. Осыған орай, микроб енген жерлерде үлкенді-кішілі ісіктер пайда болып, індеттің барысы ұзара түседі. Қараталақ бацилласының екінші бір түрлері, керісінше өте күшті, малды сеспей қатыратын уыт бөліп шығарады. Денесіне осындай микробтар енген мал қатты уланып, тез арада өліп қалады. Оның денесі іспейді.

Мал денесінде микробқа қарсы төтеп беретін негізгі фактор — гуморалдық фактор. Қараталақ кезінде фагоцитоз (микроб қоршау) реакциясы болмайды. Дегенмен лейкоциттер ауру қоздырғышының уытын қайыратын, денеге енген бациллаларды ыдыратып бейтараптайтын заттар (антитела) бөліп шығарады да, індеттің барысына елеулі әсер етеді.

Қараталақ бацилласы ткань ішіне енісімен мұндағы шырыш пен клеткалардың жергілікті қорғаныс күшіне тап болады. Бірақ ол агрессин және экзоуыт бөліп шығарады да, жоғарыда аталған күштің бетін қайырып, тойтарып тастайды және жедел көбейе бастайды. Мұндай микробтар сөл ағынына ілесіп, сөл бездеріне барып тоқтайды да, одан әрі көбейе түседі. Малдың бойына сіңген экзоуыттар өздеріне қарсы шыққан жергілікті реакцияны күшейтеді. Лимфоид тәрізді клеткалар сол уыттардың күшін қайырып, қараталақ бациллаларын балқытып ыдыратады. Мал денесіндегі мұндай құбылыс әсіресе антибиотиктер егілген соң күшейе түседі: бацилла клеткаларында зат алмасу барысы бұзылады, мұның салдарынан микробтың ыдырауына жол ашылады. Микроб ыдыраған кезде босап шыққан экзоуыттар сол микробтардың мекендеген жеріне көп болып жиналады да, қан тамырларының ішкі бетін (эндотелий қабығын) зақымдайды (жидітеді). Мұның салдарьшан қан тамыр қабырғалары селдіреп, сол маңайдағы тканьдерге қан қүйылады, олар қабынып өлі етке айналады.

Біраз уақыттан кейін мал денесіне енген микробтарға жергілікті қорғаныс күштерімен қатар жалпы қорғаныс күштер тетеп бере бастайды. Денеде көп мөлшерде бейтараптағыш заттар (антитела) пайда болады, бұл заттар қараталақ бацилласы өніп-өсіп жатқан жерлерге қарай жөңкиді, сол араларға барып жиналады. Бұл процесс ауру қоздырғышының ету қарқынына, уыттылығына т. б. қарай, 2-4 сағатқа созылады. Бұдан былай ауру барысының екінші сатысы басталады. Мал денесінің ауруға төтеп беру қабілеті күшті болса, індеттің бірінші сатысында бөлініп шыққан экзоуыттар тез арада бейтараптанады да, аурудың беті қайтады: қабынған, зақымданған жерлер табиғи қалпына келіп, ауру белгілері біртіндеп жойыла бастайды, ақыры мал сауығып кетеді. Мұндай малдар айыққаннан кейін   табынға   қосылады. Ал микробтың уыты күшті болса, бациллалар тез көбейе бастаса, оларға әзір аз мөлшерде бөлінген бейтараптағыш заттардың күші жетпейді де, қараталақ асқынады, індетке шалдыққан мал өледі.

#Қараталақ #ауруы #індет

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз