Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан ұйымдастырылған оқу қызметінде Интерактивті әдістерді қолдану ( сабақ

0
244







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан ұйымдастырылған оқу қызметінде Интерактивті әдістерді қолдану ( сабақ

Автор: Захарьянова Гульбаршын Какановна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-19


Материал туралы қысқаша түсінік

Балабақша тәрбиешілеріне жұмыстарына көмек ретінде




Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан ұйымдастырылған оқу қызметінде Интерактивті әдістерді қолдану ( сабақ үлгісі)

Орындаған: Захарьянова Гульбаршын Какановна

Білім беру саласы: ТанымТақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең – тар. Тіктөртбұрышты «өзге фигуралардың арасынан табу».Бөлімі: ҚМТК.Мақсаты:интербелсенді әдістерді қолдана отырып сабақтың мазмұнын ашу,математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру (кең, тар), тіктөртбұрыш туралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.Үлестірмелі материал: әр балаға түрлі түсті 4 жолақ беріледі: 2-еуінің ұзындығы да, ені де бірдей; ендігі бір жолақ енсіздеу, ал төртіншісі алдыңғы екеуінен енділеу болуы керек.Белсенді стратегиялар: топпен жұмыс,«миға шабуыл» әдісі.

Әрекет кезеңдеріТәрбиеші іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- Қозғаушылық

Топқа бөлу

Шаттық шеңбері:Қане, шеңбер құрайықАлақанды ашайықЖүрекке жылу салайықЖиналған бар шуақтыБір- бірімізге сыйлайық

Балаларға дөңгелектің, үшбұрыштың, шаршының суреттерін тарату және дөңгелекті алғандар бір үстелге, шаршыны алғандар бір үстелге,үшбұрышты алғандар бір үстелге бөлініп отырады.«Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны.Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады. Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.

Екі дөңгелегі, екі басқышы бар,Бір орындық, екі мүйізі бар.Ол не?

Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі,Ертегіге арқау болған, кейіпкерлер ғой ізгі.Ойланбай-ақ, балақай, сен де тауып көрші енді.Неге олай деп ойлайсың?Үш көзінде жалын-от,Ал бірақ та жаны жоқ.Кезекпенен ашылар,Кезекпенен жабылар.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің айтқандарын бірге қайталайды және қимыл- қозғалыс арқылы көрсетеді.

3 топқа бөлінеді

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Велосипед.

Үш аю.

Балалар жауабы

Бағдаршам.

Ұйымдастырушылық-Ізденістік

Сергіту сәті:

1 – тапсырма.Тәрбиеші балаларға қазақтың ұлттық ыдыстарының суретін көрсетеді. Балалар оны мұқият қарап шыққаннан кейін, цифрларды тиісті суретпен қосуды сұрайды.. 2 – тапсырма. «Машина жеткілікті ме?» ойыныТәрбиеші балаларға келесі суреттерді көрсетеді. Сұрақ қояды:

– Балалар нешеу?– Машина нешеу?– Ойыншық балаларға жете ме?– Неге?

– Балалардың саны мен ойыншық машиналардың саны туралы не айтуға болады?– Қанша машина болса, сонша машина бояңдар? Қане, балалар, нешеуін боядыңдар?Ортада шеңбер болып тұрады.Тәрбиеші бір геометриялық пішіннің атын атайды да допты бір балаға береді.Допты қағып алған бала сол пішінге ұқсайтын заттың атын айтады.М: тіктөртбұрыш

Үлестірмелі материалмен жұмыс.Тәрбиеші балаларға ені бірдей 2 жолақты табуды тапсырады. Дұрыстығын тексеру үшін оларды бір-біріне қойып тексереді. Балалар тапсырманы орындаған соң, олар неліктен бұл екеуін таңдағанын түсіндіреді және дәлелдеп көрсетеді. 3 – тапсырма.Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:– Балалар, солға бара жатқан көліктер қандай жолмен кетіп барады?– Оңға бара жатқан көліктер қай жолда кетіп барады?– Оңға неше машина, солға неше мащина бара жатыр?Тәрбиеші балаларға тапсырма береді:Кең жолды сары түспен, ал тар жолды қоңырмен бояу керек. 4 – тапсырма. Тәрбиеші балаларға басқа пішіндердің ішінен тіктөртбұрыштарды тауып,бояуды тапсырады.Балаларға сұрақ қояды:– Неше тіктөртбұрыш боядыңдар?– Тіктөртбұрыштардың көлемі қандай?

Балалар цифрларды тиісті суретпен сызық арқылы қосады.

Балалар суретті мұқият қарап шығып, сұраққа жауап береді.Үшеу. Төртеу.Жетпейді.Өйткені төрт үштен үлкен.Машинаға қарағанда баланың саны кем, ал балаға қарағанда машина артық.Үш машинаны бояйды.

Балалар тіктөртбұрышқа ұқсайтын заттарды атайды: есік, тақта, теледидар, үстелдің беті т.с.с.

Балалар жолақтарды бір-біріне қойып салыстырады.

Кең жолмен.Тар жолда.Оңға қарай 3 машина, ал солға қарай 4 машина.

Балалар жолдарды бояйды.

Тіктөртбұрыштарды тауып, бояйды

Үш.Үлкен, кіші, кішкентай.

Қортынды-рефлексиялық

Кері байланыс

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.Тәрбиеші балаларға тапсырмалардың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса – сары шеңбер, ал егер қате көп болса – қызыл шеңбер сызады. Бұл бағдаршамның түстері: жасыл түс – бәрі дұрыс деген сөз, яғни келесі бетке өте беруге болады; сары түс – кішкене мұқияттау болу керек; қызыл түс – кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?Ұнаса алдарыңдағы күннің суретінің күліп тұрғанын, ұнамаса қабағы түсіп тұрғанын көтеріңдер.Тәрбиеші балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмысын педагогтің үлгісімен салыстырады.

балалар өздеріне ұнаған- ұнамағанын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:Біледі: 4 цифрын; геометриялық фигура – тіктөртбұрышты;Игереді: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді; таныс заттарды еніне қарай (кең-тар) сәйкестендіруді;топпен жұыс жасаудыМеңгереді: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.