Қарапайым физиотерапия түсінігі – Әр түрлі – Bilim

0
336

Қарапайым физиотерапия түсінігі

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

Оқытушы Базарғалиқызы Айжан

Пән:« Мейіргер ісі негіздері »

Тақырыбы: Қарапайым физиотерапия түсінігі. Мұзды мұйық, жылытқыш, қыша қағазын қою алгоритмі. Компресс түрлері. Сумен емдеу. Сүлікпен емдеу.

Мамандығы: 0305000 «Зертханалық диагностика»

Семестр: V

Курс: ІІІ

Семестр: V

Оқу жылы: 2018-2019 ж.

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Қарапайым физиотерапия түсінігі. Мұзды мұйық, жылытқыш, қыша қағазын қою алгоритмі. Компресс түрлері. Сумен емдеу. Сүлікпен емдеу.

Сабақ  түрі: тәжірибелік

Өткізу әдісі: түсіндіру-иллюстрациялық, тәжірибелік машықтану.

Сабақтың типі: практикалық іс-машықтықты және біліктілікті қалыптыстыру

Сабақтың мақсаты:                                                                                     

Білімділік: Білім алушыларға қарапайым физиотерапия түсінігін, мұзды мұйық, жылытқыш, қыша қағазын қою алгоритмін, компресс түрлерін, сумен емдеу, сүлік пен емдеу жөнінде түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Білім алушыларда оқушыларда жылытқыш, мұзды мұйық, қыша қағазын, сүлікпен емдеуді, компресс қолдануды, пациенттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: – стандарттар, алгоритмдермен жұмыс істей алу, науқастың өміріне жауапкершілікті түсіну, өз тәртібін талдай алу сияқты маңызды тұлғалық,  кәсіптік қасиеттерді дамыту; – өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну, мамандығына тұрақты қызығушылық таныту; – кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру; командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауды тәрбиелеу;

Пәнаралық байланыстар.

Пәнішілік байланыс:

— медициналық этика, деонтология;

— асептика және антисептика;

— зарарсыздандыру және залалсыздандыру;

— ауруханаішілік инфекция мәселелері;

— жеке бас тазалығы;

— науқастың функционалды жағдайын бағалау

Қамтитын пәндер:

— Қалыпты анатомия — Жүрек-қантамыр жүйесінің құрылысы.

— Ангиологияға кіріспе.

— Микроциркуляциялық арна.

— Қалыпты физиология  — Сыртқа шығару  физиологиясы .

— Латын тілі — Медициналық терминдер.

Қамтылатын пәндер:

— Медициналық психология

— Психогигиена, психопрофилактика, психотерапия. Соматогения, психогения, ятрогения туралы түсінік.

Уақыты: 180 мин.

Сабақтың жабдықталуы:  плакаттар: Жылытқыш қою. Компресс түрлері. Сүлікпен емдеу.

Көрнекіліктер:

Фантомдар:

— науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған манекендер;

— муляж;

Сабақты жүргізуге қажет заттар: презентация,графологиялық структуралар, буклеттер,жылытқыш, мұзды торсық, бинт салфеткалар, компрестік қағаз, қыша қағазы, лоток, жылы су 37-40ºС, сүлгі, дәке немесе жайма (2 дана), салқын су, зарарсыздандырылған лотоктар.

Үлестірме материалдар: Тесттер, тапсырмалар.

Техникалық оқу құралдары: Мультимедиалық кешендер: (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ).

1. Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

Негізгі әдебиет:

1. Г.Т.Бекетаева,Н.К. Сейтмамбетова,  Әкімниязова Н.К «Мейірбике ісі негіздері»

2. С.М.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбике ісі негіздері пәніне арналған басшылық»

3. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» – Кокшетау, 2012г 2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы 2005г.).

3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р. «Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г.

4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г. 5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина, ГЭОТАР – Медиа, 2009 г

6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» – Москва 2007г

7. Мухина С.А Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела:– 2 издание М., ГЭОТАР – Медиа, 2010 г.

8. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.

9. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г. 10.Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы»,2012 ж.

Қосымша әдебиет:

11. Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа,2012 г.

12. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М., 2009 г.

WEB сайттар тізімі:

1. www.yandex.ru

2. www.rambler.ru

3. www.mail.ru

4. www.medeponim.ru

5. www.med.ru

6. www.doctor.ru

7. www.info-health.kz

8. www.medstudent.ucoz.kz

9. www.medcenter.kz

10. www.svsmedical.kz

11. www.medmedia.kz

Сабақтың хронокартасы:










Сабақ бөлімдерінің атауы

Сабақтың ұзақтығы

І

Ұйымдастыру сәті

5 мин

ІІ

Тірек білімдерін актуализациялау

15 мин

ІІІ

Үй тапсырмасын қорытындылау

10  мин

ІV

Манипуляциялардың орындалу техникасын  демонстрациялау және түсіндіру

45  мин

V

Оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына және бағалау критерийлеріне әдістемелік нұсқау жүргізу

10 мин

Студенттердің өзіндік жұмысы

90 мин

VІІ

Сабақты қорытындылау

10 мин

VІІІ

Үйге тапсырма

5 мин

Сабақ құрылымы

І. Ұйымдастыру сәті – 5 минут

Білім алушылармен амандасу. Білім алушылардың сыртқы бейнесіне және аудиторияның сабаққа дайындығына қарау. Кезекшіні анықтап, сабаққа келмегендерді түгелдеп себептерін сұрау. Үй тапсырмасынан сұрақтары бар ма сұрау. Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Тірек білімдерін (теорияда алған) актуализациялау – 15 минут

1. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын алдыңғы өткен тақырыпқа байланысты білім алушылардың алған білімдерін тексеру жүргізіледі.

Білімді тексеру тәсілі:

Студенттерді шағын 2 топшаға (1 топшада 4 студент) бөліп, әр топшаға 3 тілшеде (қазақша,ағылшынша,латынша) глоссарий жаздыру.

Білімді тексеру материалдары және бағалау кретирийлері Қосымша 1-ге  тіркелді.

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау-10 мин

Білім алушылармен бірге үй тапсырмасында кездесетін терминдерді ағылшын тілінде қайталау.

ІV.Жаңа сабақ

Манипуляциялардың, лабораториялық жұмыстардың орындалу техникасын демонстрациялау және түсіндіру – 45 минут

Жаңа тақырыпты меңгерту төменде көрсетілген сұрақтар бойыша жүзеге асырылады:

1. Қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі.

2. Қарапайым физиопроцедураның түрлері .

3. Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары.

4. Жылытқыш көрсетілімі, кері көрсетілімі, асқынулары.

5. Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары.

6. Компресс түрлері.

7. Сумен емдеу.

8. Сүлікпен емдеу.

Жаңа тақырыпты меңгерту материалдары және бір жүйеге келтірілген дәріс мәтіні қосымша 2-ге тіркелді.

Оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына және бағалау критерийлеріне әдістемелік нұсқау жүргізу – 10 минут

А. Тақырыпқа сәйкес меңгерген дағдыларды күнделікке түсіру;

Оқушылардың өз бетінше жұмысы – 90 минут.

Оқушылар бір-бірімен жұптасып стандартталған пациент болып жұмыс жасау /60 минут уақыт беріледі/

1. Мұзды торсықты қою;

2. Жылытқышты қою;

3. Қыша қағазын қою іс- әрекеттері;

4. Қыздырма компресс қою алгоритмі;

5. Сүлікті қою іс-әрекет алгоритмі;

6. Салқын компресс қою алгоритмі.

Білім алушылардың өз бетінше орындайтын тапсырмалары және орындалу тәртібі жөніндегі материалдар қосымша 3- ке тіркелді.

Келесі 30 минутта топ студенттеріне теориялық білімін тексеру амалдары арқылы интерактивті тақтадан сандар таңдалады.Ұяшықтарда жеңілінен қиынына қарай сұрақтар жасырылған .Әр студент 2 ұяшық таңдап,сұраққа жауап беруі тиіс.

V.Сабақты қорытындылау, білімді бағалау – 10 минут

Білім алушылардың білімін бағалау материалдары қосымша №3 (тест тапсырмалары) және қосымшаға тіркелген.

Сабақты қорытындылау үшін «Socrative Students» бағдарламасы арқылы тестпен  бағалауды қолдану.

Берілген тапсырмалардың нәтижелері бойынша оқушыларға комментарий айта отырып  бағалау. Студенттер берілген тапсырмалардың нәтижесі бойынша Excel-бағдарламасы арқылы бағаланады.

  “5” – барлық тапсырмаларға жауап берген және белсенді қатысқан оқушыға   қойылады.

  “4” – бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген, бірақ аздаған       қателіктер жіберіп, өзі жөндеген оқушыларға қойылады.

  “3”- стандарттарды, тапсырмаларды  толыққанды орындамаған, қателерді оқытушының өзі жөндейді.

  “2”– сабаққа дайындықсыз келген, тапсырмаларға мүлдем жауап бермеген  оқушыларға қойылады.

VII. Үйге тапсырма беру – 5 минут 

Дәрілік заттарды жаздырып алу, сақтау, қолдану түрлері. Энтеральды және сыртқа қолданылатын дәрілік заттар.Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, көктамырға  дәрі енгізу алгоритмі. Көктамырға тамшылатып дәрі құю.Тақырып бойынша 10 термин сөздер жазу.

Пән оқытушысы: Базарғалиқызы Айжан

Қосымша №1

Глоссарий


















Қазақша атауы

Ағылшынша атауы

Түсініктеме

1.

Гирудотерапия

Leech therapy

сүлік салып емдеу

2.

Компресс

Compress

емдеу үшін салынған көп қабатты байлау

3.

Физиотерапия

Physiotherapy

әр түрлі табиғи физикалық факторлармен ағзаға мақсатты әсер беру

4.

Гирудин

Girudin

сүлік сілекейіндегі қан ұюына қарсы биологиялық белсенді зат

5.

Қызба

Fever

дененің кейбір ауруларға қарсы қорғаныш реакциясы

6.

Термометрия

Thermometry

дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеу тәсілі

7.

Тахикардия

Tachycardia

жүрек соғысының 100-ден жиілеуі

8.

Инфильтрат

Infiltrate

инъекциядан кейін дәрінің таралмай қатып қалуы

9.

Артериалды қан қысымы

Arterial blood pressure

қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы:

10.

Мұзды мұйық

Ice bootle

резеңкеден жасалған тығыны бар мұз салуға арналған ыдыс

11.

Жылытқыш

Space heater

резеңкеден жасалған тығыны бар жылы суға арналған ыдыс

12.

Метаболизм

Metabolism

ағзадағы зат алмасуы

13.

Сүлік

Leech

тұщы суда тіршілік ететін қос жынысты жәндік

14.

Тромбоз

Thrombosis


тірі организмнің қан тамыры қуыстарында қанның ұюы. 


15.

Дәрігер- гирудотерапевт

Doctor hirudotherapist

сүлік салуға рұқсаты бар,арнайы маман.

16.

Оксигенация

Oxygenation

қанды оттегімен қоректендіру

Қосымша №2

Қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі

Қарапайым физиотерапияның әсер ету механизмі капиллярлардың кеңейіп, патологиялық аймақта қан айналымның күшеюіне байланысты.

Физиотерапия – адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл – күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.

Физиотерапияны қолдануға көрсетілімдер, физиотерапиялық әдісі беткейлі региональді және орталық қан айналуды жақсартады, ұлпаның трофикасын жақсартады, нейрогумаральдық регуляцияны қалыптастырады, және иммундық жүйенің бұзылуын қалыптастырады. Физиотерапия әдетте қызбалы жағдайда кері көрсетілім береді, аурудың тез таралуы, ағза – инфекциялық аурудың ең жоғары сатысында, туберкулездің актив кезеңінде, жаңадан пайда болған жаман сапалы және олардағы өзгерістерге көз қарас, қан жүйесінің ауруы, қан кетуіне дағдыланған және қан кетуі; қан айналымының жүрек тамырларының жетіспеушілігі ауруы қан айналымының ІІ сатысынан жоғары аортаны аневризмасы және үлкен тамырларда олар ауруға шалдығуы тез қозудан пайда болады. Емдеуде және профилактикада физикалық факторларды пайдалануда физиотерапиялық кабинеттерде және емхана, поликлиника бөлімдерінде жүргізіледі. Поликлиникада және басқа да емдеу – профилактикалық, қажет кезде емханалық палаталарда және үйлерде жүргізіледі. Физиотерапиялық бөлімшелер емханада жұмысты орындайды, және поликлиникада 10 дәрігерден кем болмаған жағдайда. Профилактикалық ұйымдар жас балдардың арасында жүргізледі, (өндірістік, демалыс үйлерінде санаторияларда). Физиотерапиялық бөлім ірі емхана және поликлиниканы басқарады. Дәрігер – физиотерапевт, арнайы дайындықтан өтпеген кезде орта медбике жұмысшы физиотерапиялық жұмысқа жіберілмейді, тек қана арнайы дайындықтан өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі.

Қарапайым физиопроцедураның түрлері

Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.

Қарапайым физиопроцедураның түрлері:

— Мұзды мұйық;

— Жылытқыш;

— Қыша қағазы;

— Қыздырма компресстер;

— Салқын компресстер;

— Ыстық компресстер;

— Сүлікпен емдеу.

Мұзды мұйық көрсетілімі және кері көрсетілімі, асқынулары.

Мұзды мұйықты қолдану

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.

Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

— Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

— Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

— Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

— Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

— Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

— Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

— Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

— 0,015 % деохлор  ертіндісімен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

— Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Жылытқыш көрсетілімі, кері көрсетілімі, асқынулары.

Жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып, ішкі мүшелерге  қанның толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді. Жылытқышты ауырған және көгерген жерге қойса, жылудың әсерімен ауырғаны басылады. Медицинада резеңке қалтадан жасалған және электр жастық жылытқыштары қолданылады.

Көрсеткіштері:

— Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін

— Жалпы жылыну үшін

— Созылмалы гастрит және колит ауруында(ауырсынуды басу үшін)

— Гипертоникалық кризде

— Бүйрек ұстамасында

— Гематоманы емдеу үшін

— Радикулитте

— Буындардың қабынуында

— Тері және майлы қабаттың қабынуларында

Қарсы көрсеткіштері:

— Іштің түсініксіз ауырсынуы

— Жедел аппендицит

— Жедел холецистит

— Жедел панкреатит

— Перитонит

— Қан кету

— Терінің зақымдануы

— Іріңді жаралар

— Мастит

— Дене қызуы көтерілуі

— Қатерлі ісіктер

— Ессіз пациенттерге

Асқынулар: күйік, денеде дақ болу

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық еті, оң жақ қабырға асты.

Жабдықтар:резеңке жылытқыш(1.5-2), су температурасы (60-70 С), жеке орамал, 0,015 % деохлор  ерітіндісі бар ыдыс, жылытқышты өңдейтін екі дәке, су температурасын өлшейтін термометр.

Процедура барысы:

1.  Пациентпен сенімділік қарым қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру.

2.  Керекті жабдықтарды дайындау.

3.  Ыстық суды (600С) жылытқышқа құю.

4.  Жылытқыштың жоғарғы бөлігін қысып ауаны шығарып бұрандасын жабу.

5.  Жылытқышты аударып көру.

6.  Төмен ұстап құрғатып сүрту.

7.  Жылытқышты орамалмен пациентке беру.

8.  Жылытқышты керекті жерге 20 минутқа қою.

9.  Жылытқышты алып, суын төгу.

10.  Пациенттің терісін қарап, ыңғайлап жатқызу жылы көрпе жабу.

11.  Қолды жуып, резеңке қолғапты кию.

12.  Жылытқышты 0,015 % деохлор  ертіндісімен өңдеу (екі рет аралығы 15 мин).

13.  Сумен жуып, құрғату арнайлы жеріне қою.

14.  Қолғапты шешу, қолды жуып құрғату.

Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары. 

Қышаны дененің жапсырылған тұсы қызарғанша (әдетте 5-10 минут) ұстайды. Алғаннан кейін денеге жабысып қалған қышаны жылы сумен шайып, содан кейін ептеп сүртіп тастайды, тері қатты қызарған болса, ол жерге вазелин жағады. Қышаны қолдан дайындау үшін оның құрғақ ұнтағын (балалар үшін оны жартылай бидай не картоп ұнымен араластырады) жылы су қосып, қою ботқа болғанға дейін араластырады. Дайын ботқаны нығыздау матаға 0,5 см қалындықпен жағады. Содан кейін бетіне шүберек салып денеге жабысқанша саусақпен басып ұстайды не бинтпен таңып тастайды. Тыныс жолдары қабынғанда қышаны кеуде тұсқа (кеуденің дал ортасына) және балтырға, бронхит кезінде кеуденің бір не екі жағына, гипертонияда желкеге қояды. Тері ауруларымен ауырғанда қышаны пайдалануға болмаңды.

Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы.

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), лоток, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

— Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).

— Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

— Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

— Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

— 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

— Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

— Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

— Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

— Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:

— қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

— қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;

— емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.

2.6. Компресс түрлері.

Компресс — дегеніміз — көп қабаттап орау.

Компрестің түрлері:

Құрғақ суық

Дымқыл ыстық

Жалпы жылы

Жергілікті дәрілік

Суық компресс — теріні суытып, тамырларын жіңішкертеді, бұны жарақаттың бірінші сағатында, мұрыннан қан кеткенде, дене қызуының екінші кезеңінде қолданады. Суық компрессті қою үшін бірнеше қабатты суық суға малынған дәкені сығып салатын жеріне салып 2 – 3 минут сайын ауыстырып отырады. Мұндай жағдайда екі компресспен қолданады. Біреуін салады, ал екіншісін дайындап отырады.

Ыстық компресті — тамырларын кеңейтіп тінге қанның баруын жақсартады, сол себептен тіннің ісігі азаяды және ауру жерін басу үшін қолданады.

Қыздырма компресс көрсетілімі, қарсы көрсетілімі;

Қыздырушы компресс қою

Мақсаты: Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.

Көрсетілімі: Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.

Қарсы көрсетілімі: Қан кетулер, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.

Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ерітінді, (бөлме температурасымен бірдей су (20-25ºС), 40% спирт немесе 6% сірке суы (жарты литр суға 1 кіші ас қасық сірке суы) клеенка немесе компресті қағаз, мақта, бинт, қайшы.

Дәрілік компресс көрсетілімі, қарсы көрсетілімі;

Қыздыру және дәрілік компрестерді қою

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

— Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

— Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

— Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

— Дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

— Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

— Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

— Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

— Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

— 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

— Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

— Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.



Ескерту:

— егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

— спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

— компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

Суық компресс

Суық компресс қан тамырларын тарылтып, нерв талшықтарының сезінгіштігін азайтады.

Суық компресс қойылатын аурулар:

1.  дене жаңадан зақымданғанда (травма, ушиб);

2.  буын немесе сіңір зақымданғанда;

3.  мұрыннан қан кеткенде;

4.  бас ауырғанда.

Суық компресті әрбір 2-3 минутта ауыстырып тұру керек. Әдетте суық компресті екі дана етіп дайындаған дұрыс. Біреуін қойған кезде екіншісі мұздай суда тұруы керек.

Салқын компресті қою

Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.

                                         Іс-әрекет алгоритмі:

— Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

— Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

— Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.

— Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.

— Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.

— Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.

Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

Сумен емдеу;

Сумен емдеу (гидротерапия) – аурудың алдын алу және емдеу мақсатында сыртқы тәсілмен қолдануды айтады. Механикалық, химиялық және термиялық әсеріне байланысты тері рецепторлары арқылы жүйке, жүрек – қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту, бұлшық етке және т.б. ағза жүйелеріне әсер етеді.

Келесі түрлерге бөлінеді: ванналар (гигиеналық және емдік ), душ, сүрту, су құю, жуыну, суға түсу т.б.

Су процедурасының ішінде кең таралған түрі — емдік ванналар.

Ванналар келесі түрге бөлінеді:

— Жалпы — суға денені  толығымен батыру;

— Жергілікті — суға дененің жеке бөліктері батырылады.

— Жартылай — суға дененің төменгі бөлігі ғана батырылады.

Судың температурасына байланысты ванналар бөлінеді:

— Индифферентті —су температурасы 34 – 370С

— Салқын — су температурасы 33 – 230 С

— Мұздай — су температурасы 200С дейін

— Жылы — су температурасы 37 – 390С

— Ыстық — су температурасы 40 – 420С

Индифферентті ванналар – организмге «сергектік» әсерін тигізеді, басқа әсері байқалмайды, 20 – 30 минутқа созылады.

Мұздай және салқын ванналар –  организмге «сергектік» әсерімен қоса жүрек қан тамырлар, жүйке жүйесін реттейді, зат алмасуды жақсартады, 1 – 3 минутқа созылады.

Жылы ванналар – жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқыны жақсартады, ауырсынуды азайтады, 5 – 10 минутқа созылады.

Ыстық ванналар – зат алмасуды және тер шығуын жақсартады, 5 минутқа созылады.

Судың құрамына байланысты емдік ванналар бөлінеді:

— Қарапайым – таза су

— Хош иісті – хош иісті заттарды сумен қолдану.

— Емдік – дәрілік аттарды сумен қоса қолдану.

— Минеральды – тұздарды, газдарды сумен қоса қолдану

Сүлікпен емдеу.

Сүлікті қою тәсілі

Мақсаты:жергілікті қан алу.

Сүлікті қоюға қажетті құралдар: Пробирка, пинцет, залалсыздырылған дәке, глюкоза, мақта, бинт, тұзды су.

Көрсеткіштері:

— гипертоникалық криз;

— глаукома;

— мидың қан айналымының бұзылуы;

— миокардтың өліеттенуі;

— бауырдың іркілуі;

— геморрой;

— тромбофлебит.

Қарама–қарсы көрсеткіштері:

— қан кетуге бейімділігі;

— қан кету;

— қан аздық;

— терінің аурулары;

— аллергиялық, септикалық аурулар;

— гипотензия;

— антикоагулянттармен емделу.

Қоятын жерлері:

Гипертоникалық кризде

— құлақтың сыртқы шығыңқы сүйегінің үстіне қарай қояды;

Көз ауруларында

— көздің сызық деңгейінен самай аймағына қарай қояды;

Стенокардияда, миокарттың өліеттенуінде

— жүректің манайының 3 – 4 қабырға аралығына қояды ;

Бауыр іркілуінде

— 10 жақ қабырға астына қояды;

Тромбофлебитте

— тромбысы бар венадан 1см артқа, шахмат тәртібімен қояды;

Геморройда

— тік ішектің аузына айналдыра қояды;

Асқынулары:

1. Сүліктің тістеп, сорған жері кейіннен қышып, ірің пайда болу мүмкін, бұл тазалық сақтамаған жағдайда болады.

2. Сүлікті қойғанда қан сорғызатын жерді білмеудің кесірінен қан кетуі мүмкін.

3. Тері астына аздап қан кетуі мүмкін.

Процедура барысы:

— пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

— процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

— қажетті жабдықтарды дайындаңыз;

— қолды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз;

— сүлікті қоятын тері аймағын жылы қайнаған суға малынған мақта түйіршіктерімен сүртіңіз;

— сүлік теріге жақсы жабысу үшін, сол аймақты екінші рет глюкоза ертіндісімен сүртіңіз;

— сүлікті ыдыстан пинцетпен алып, бас жағын пробирканың ауыз жағына қаратып пробиркаға салыңыз;

— пробирканы қолға ұстап тұрып қойылатын жерге сүліктің тұмсығын тигізіңіз;

— сүлік қойған жерді тістеп, сора бастаса, онда пробирканы жайлап алып тастаңыз;

— сүліктің артқы қан сорғыш түтүкшесінің астына залалсыздандырылған дәке қойыңыз;

— сүлік 60-90 мин. Кейін түсіп қалады. Егер ол өздігінен түспесе немесе оны уақытысынан бұрын алу керек болған жағдайда тұзды су ерітіндісіне мақта түйіршігін матырып алып, сүліктің тұмсығы кіріп тұрған жерге қояды;

— қойылған сүліктің бәрі түсіп болғаннан кейін, қан сорған жерлерге бір тәулік бойы /24 сағат/ стерильді бинтпен астына қалың мақта салып, таңып қойыңыз.

Есте сақтаңыз! Таңбаны бір тәулік бойы ауыстыруға болмайды, ол жерде тромб пайда болып жатады.

Ескертпе. Қан кету қауіпсіздігінен сүлікті көк тамырдың үстіне қоюға болмайды. Егер сүліктің белсенділігі төмендесе, үстін жылысумен сүртуге болады.

СТАНДАРТ

Қыша қағазын қою іс-әрекеттері

Көрсетілімі: тыныс жолдарының ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, гипертониялық криз, миозит, невралгия

Қарсы қөрсетілімі: тері ауруларында, дене қызуы 38ºС-тан жоғары, өкпеден қан кеткенде, қатерлі ісікте, тері сезімталдығы жоғарылағанда

Әзірле:  қыша қағазы, лоток, жылы су 37-40ºС, сүлгі

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қыша қағазының қолдануға жарайтындығын тексеріңіз (қағаздан қыша үгілмеуі және өзіне тән ерекше иісі болуы керек).

2. Лотокқа 37-40ºС жылы су құйыңыз (одан жоғары температурада эфирлі қыша майының қасиеті бұзылады).

3. Науқасты ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз,терісін тексеріңіз.

4. Қыша қағазын жылы суға малып (аздап суын сілкіп), денеге қыша жағымен біртіндеп салыңыз.

5. Науқастың үстін орамалмен және көрпемен жабыңыз (бірнеше минуттан кейін науқас жылылықты және күйгенді сезінеді).

6. Қыша қағазын 7-10 минуттан кейін алыңыз (дене терісінің қыша қағазын қойған жері қыздырады).

7. Теріні жылы суға малынған салфеткамен, сонан соң құрғақ орамалмен сүртіңіз. Науқасты қайтадан жылы жауып жатқызыңыз.

Ескерту: Қыша қағазын денеге ұзақ уақыт ұстаса, тері күлдіреп күйеді.

СТАНДАРТ

Жылытқышты қою

Көрсетілімі: тоңу кезінде, егуден кейінгі инфильтрат, спазм түріндегі ауырсыну, қызбаның 1-3-ші кезеңдерінде

Қарсы көрсетілімі: қан кету, іріңді жарақаттану, қатерлі ісіктер, терінің зақымдануы, құрсақ қуысы қабынуында, зақымданудың алғашқы тәулігінде.

Әзірле:

— резеңке жылытқыш

— 70ºС-тағы су

— сүлгі

— залалсыздандыру еретіндісі

Іс-әрекет алгоритмі:

Жылытқыштың 2/3 бөлігін ыстық сумен толтырыңыз.

1. Жылытқыштағы ауаны шығарыңыз.

2. Аузын жақсылап бекітіңіз.

3. Жылытқыштың тығынын төмен қаратып төңкеріп, бүтіндігін тексеріңіз.

4. Жылықышты құрғата сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгімен ораңыз.

6. Жылытқышты науқасқа беріңіз.

7. 5 минуттан  соң терінің қызармағандығын тексеріңіз.

8. Жылытқышты суыған соң алыңыз.

9. Жылытқышты пайдаланып болғаннан соң, залалсыздандыру ерітіндісімен екі рет араға 15 минут салып сүртіңіз.

Асқынулар: 

— күйіктер;

— тері пинментациясы

Ескерту: денесінде ісігі бар және терісі сезімтал, сонымен қатар балаларға жылытқышты қолданғанда су өте қатты ыстық болмауы керек.

СТАНДАРТ

Мұзды торсықты қою техникасы

Көрсетілімі: қан кеткенде, терінің зақымдануы, операциядан кейінгі кезең, қызбаның екінші кезеңі

Қарсы көрсетілімі: үсік, тоңу кезінде

Әзірле: 

— мұзды торсық;

— сүлгі;

— мұз немесе салқын су;

— залалсыздандыру ерітіндісі

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мұзды торсықты алып, тығынын ашып, ішіне мұз кесектерін салу.

2. Тегіс көлденең жерге қойып, тығынын жабу.

3. Мұзды торсықты сүлгімен орау.

4. Дененің керекті бөлігіне қою: басқа 5 минут (арасына 5 минут салып), құрсақ қуысына 15-20 минутқа (арасына 30 минут салып).

5. Уақытты белгілеп, кестеге сәйкес ауыстыру (2 сағат бойы).

6. Мұз еріген жағдайда суды төгіп, мұз кесектерімен толтыру.

7. Мұзды торсықты залалсыздандыру ерітіндісіне арасына 15 минут салып, 2 рет тазартуды жүргізу, сүрту, лотокқа жинастыру.

8. Қолды жуып, кептіру.

Ескерту: Мұзды торсық мұз кесектерімен 2/3 көлемде толтырылады

СТАНДАРТ

Салқын компресс

Көрсеткіштері: соғып алу, алғашқы тәуліктегі жарақаттану, қан кету, қызбаның екінші кезеңі.

Әзірле: дәке немесе жайма (2 дана), салқын су, зарарсыздандырылған лоток.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бірнеше қабат бүктелген жайманы немесе дәкені лотоктағы салқын суға салады, шамалы сығады.

2. Науқастың ауырған жеріне қояды.

3. 1-2 салфетка 2-3 минут сайын кезектесіп ауыстырылады.

4. Салқын компресс қою орташа 50-60 минутқа созылады.

СТАНДАРТ

Сүлік қою

Көрсетілімі: артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, көк тамырдың тромбозы, тромбофлебит, геморрой.

Қарсы көрсеткіштері: қан ұюы төмендегенде, тері сезімталдығы жоғары болғанда, сепсис, тері аурулары, анемия.

Әзірле: жылы су, зарарсызданған мақта шаригі, глюкоза 40% ерітіндісі, пробирка, ішінде сүлігі бар банка, 3% йод ерітіндісі, пинцет, бинт, зарарсызданған салфетка, лоток, ұстара, 70ºС этил спирті, мүсәтір спирті, 3% сутегі асқын тотығы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қойылатын дене бөлігін, теріні тексеру, қажет болған жағдайда ұстарамен түктерін алу.

2. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

3. Сүлік қоятын жерді және оның айналасын спиртке малынған мақта тампонымен тазалау, жылы суға малынған екінші мақта тампонымен

қызарғанша сүрту.

4. Әзірленген жерді 40% глюкоза ерітіндісімен сулау.

5. Бір сүлікті артқы жақ сорғышымен пробирканың түбіне салу.

6. Тазартылған дене бөлігіне пробирканы жақындатып сүлікті жіберу, сүлік теріні сорғанда пробирканы босату.

7. Жоғарыдағы тәсілмен барлық сүлікті қою.

8. Қанға тойған сүлік өздері түседі.

9. Сүлік түспеген жағдайда мүсәтір спиртіне малынған мақта тампонымен денесін тітіркендіру.

10. Сүлік сорған жерді йод ерітіндісімен сүрту, антисептикалық таңғышпен байлау.

11. Таңғышты бір тәуліктен кейін шешу, жарақаттанған жерді және теріні 3% сутегі асқын тотығымен тазалау, 2-3 күнге антисептикалық таңғышпен байлау.

12. Қолданған сүлікті залалсыздандыру ерітіндісіне салу, жою.

Ескерту: сүлікті қан тамырлар бойымен қоюға болмайды, себебі қан көп кетеді.

СТАНДАРТ

Қыздырма компресс

Көрсеткіштері: буындардың жергілікті қабынуында, гематомаларда, соққы алудың екінші тәулігінде, катаралды отитте.

Қарсы көрсеткіштер: тері бүтіндігінің бұзылуы, соққы алудың бірінші сағаттары мен тәулігінде, терідегі аллергиялық және іріңді  бөртпелер, қатерлі ісіктерде.

Әзірле:

— дәке, бинт, мақта;

— компресс қағазы;

— жартылай спиртті ерітінді;

— лоток;

— қайшы;

— пайдаланылған материалдар үшін лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Компресс қойылатын дененің мөлшеріне сай 8 қабатты дәке салфетканы әзірлеңіз.

2. Дәке салфетканың жан-жағынан 1-2 см шығып тұратындай компресс қағазын қиып алыңыз.

3. Компресс қағазының жан-жағынан 1-2 см шығып тұратындай мөлшерде мақтаны әзірлеңіз.

4. Компресті бекіту үшін бинтті әзірлеңіз.

5. Жартылай спирт ерітіндісін әзірлеңіз (96% спирт пен суды 1:1 қатынаста).

6. Дәке салфетканы жартылай спиртті ерітіндіге малып, сығып алыңыз.

7. Науқас денесіне ұқыптылықпен біртегіс етіп дәке салфетканы қойыңыз.

8. Оның үстінен компресс қағазы мен мақтаның бір қабатын қойыңыз (компресс қағазы бүктеліп қалмауын, ал мақта алдыңғы екі қабатты толық қамтығанын қадағалаңыз).

9. Компрессті бинтпен орап, бекітіңіз.

10. 1-2 сағаттан соң компрестің нәтижесін таңғыш астына саусақты кіргізіп тексеріңіз. Егер салфетка ылғалды және жылы болса, онда комперсс дұрыс қойылған.

11. Компрессті 6-8 сағатқа қалдырыңыз (мүмкіндігінше түнгі мезгілге).

12. Компрессті шешіп алғаннан соң, орнына құрғақ жылы таңғыш байлаңыз.

Ескерту:

— Құлаққа компресс қою үшін бірінші және екінші қабаттарды құлақ қалқаны шығып тұру үшін кесу керек.

І нұсқа

1. Қарапайым физиотерапия дегеніміз —

А. бұлшық етке егу

Б. гирудотерапия, қыша қағазы,оңқа,жылытқыш,мұзды мұйық

В. көк тамырға егу

Г. рентгенография

Д. клизма жасау

2. Қыша қағазының әсері

А. қан тамырын кеңейтеді

Б. қан тамырын тарылтады

В. жатырды жиырлатады

Г. инфекцияны жояды

Д. іш жүргізетін дәрі

3. Қыша қағазын қолдануға болмайды

А. өкпе қабынуында

Б. АҚ көтерілгенде

В. қан кету, тері аурулары

Г. бронхит

Д. қабырға аралық невралгия

4. Сүліктің сілекейінде болады

А. тұз қышқылы

Б. гирудин

В.окситоцин

Г. йод

Д. эстроген

5. Сүлікті қолдануға болмайды

А. қанның ұю қызметі бұзылғанда, қан аздықта

Б. қан қысымы көтерілгенде

В. миокард инфарктісінде

Г. стенокардияда

Д. мидың қан айналымы бұзылғанда

6. Парафин мен озокеритті қолдануға болмайды

А. созылмалы бронхитте

Б. бел – омыртқа құяңында

В. сүйек туберкулезінде

Г. соққыдан кейінгі буын ауруларында

Д. асқазан жарасында

7. Қыздырма компресін қанша уақытқа қалдырады

А.10 – 15 мин

Б.1 сағ.

В. жауап. 2 сағ.

Г. жауап. 8 – 10 сағ.

Д. 5 мин

8. Қыздырма компресі кезінде теріге қандай қабат жақын орналасқан

А. 8 қабат дәке салфетка

Б. 6 қабат дәке салфетка

В. 4 қабат дәке салфетка

Г. 2 қабат дәке салфетка

Д. 1 қабат дәке салфетка

9. Қыздырма компресі қандай мерзімге қойылады

А. 1 сағ

Б. 2 сағ

В. 3 сағ

Г. 8 сағ

Д. 4 сағ

10. Қыздырма компресін қолданылатын жағдайлар

А. диарея

Б. анемия

В.отит

Г. пиодермия

Д. Аллергия

ІІ нұсқа
1. Гирудотерапия дегеніміз

А. регидронмен емдеу

В. сүлікпен емдеу

С. сумен емдеу

Д. вакцина егу

Е. манту сынағын жүргізу

2. Сүліктің сілекейінде болады

А. тұз қышқылы

В. оксетоцин

С. йод

Д. гирудин

Е. эстроген

3. Сүлікті сақтайды

А. тоңазытқышта

В. фурацилин бан банкіде, 10 – 15°

С. плазмада

Д. тұзы бар банкіде 10 – 15°

Е. суы бар банкіде 10 – 15°

4.Сүлікті қолдануға болмайды

А. қан қысымы көтерілгенде

В. миокард инфарктісінде

С. қанның ұю қызметі бұзылғанда

Д. стенокардияда

Е. мидың қан айналымы бұзылғанда

5. Қыздырма компресі неше қабаттан тұрады

А. 7 қабат

В. 9 қабат  

С. 8 қабат

Д. 6 қабат

Е. 4 қабат

6. Мұзды мұйықтың жергілікті қолданылуы

А. бүйрек коликасында

В. қан кетуде

С. буын ауруларында

Д. бронхитте

Е. өкпе қабынуында

7. Сумен емдеуге жатпайды

А. ванна

В. парафинмен емдеу

С. душ

Д. ылғалды сүлгімен сүрту

Е. салқын суға шайыну

8. Жылы ванна қабылдау кезіндегі су температурасы

А. 60°

В. 20°

С. 38°

Д. 50°

Е. 25°

9. Әр түрлі табиғат және физикалық факторлардың әсерін ем ретінде қолдану

А. химиотерапия

В. фитотерапия

С. физиотерапия

Д. гирудотерапия

Е. гидротерапия

10. Сумен емдеу

А. химиотерапия

В. фитотерапия

С. физиотерапия

Д. гирудотерапия

Е. гидротерапия

Тест жауаптары:

І нұсқа

1. Б

2. А

3. А

4. Б

5. А

6. Е

7. Д

8. А

9. Д

10. В

ІІ нұсқа

1. В

2. Д

3. Е

4. С

5. С

6. В

7. В

8. В

9. С

10. В




Дереккөз: Bilim All