Қара сабынды ұлттық технологиямен алу слайд,презентация

0
177

Қара сабынды ұлттық технологиямен алу слайд,презентация

Қара сабын

    Алабота – арамшөп емес Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді.      Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарам-қарса орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.      Алабота – бұл кәдімгі арамшөп,  жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайндауда пайдаланады.

Жаз айлары алабота жиналды. Алабота кепкенде өзінің алғашқы салмағын жоғалтатындықтан қураған алабота  жиналды.Күнде жатқан алаботаны қалың қылмай, аз-аздан қою керек. Себебі тығыз орналасқан алабота шіріп, я көгеріп кетуі мүмкін.Алабота мөлшеріне және жиналған уақытына қарай екі жеті не одан да көп уақыт кебуі мүмкін.
   Кепкен алаботадан сақар алу үшін оны өртеу керек. Ескеретін жағдай, алабота өртенгенде өткір, жарамсыз иіс шығарады,түтіндеп тез жанады.Кепкен алаботаның тікенегі қатайып қолға кіреді.Өртенгеннен кейін алабота тағы да өзінің салмағын жоғалтады. Ақшыл күл шықты. Отқа қазан қойып суға қосып қайнатамыз. Су қоюланып күл бетінде қалқи бастайды пайда болған тұнбадан күлді сүзіп алып тастаймыз

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!