Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы

0

Қазақтың әйгілі батыры, қолбасшысы және елшісі — Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы 1680 жылы дүниеге келген. Бұл заманда қазақ пен жоңғар арасында соғыс өршіп тұрған еді. Қазақтарға талай рет жоңғарлар соғыс ашып, талай зардабын тигізген.


Жоңғарларға қарсы соғысты ұйымдастырушылардың бірі осы Бөгенбай батырымыз.


17 ғасырда Жайық пен Еділ өзендерінің бойында Ресейден келген казактар қоңыстана бастаған еді, жоңғарлармен шайқасып тұрған қазақ хандары бұған мән бермеді. Ал 18 ғасырдың басында, осы казактар Кіші жүздің қазақтарының ауылдарын шаба бастады.


Бөгенбай батыр 1708 жылы (басқа деректерде 1709 жылы) әз-Тәуке ханның бұйрығымен орыс-казактарын Еділ өзеңінің арғы бетіне дейін қуған. Тыныш жатқан елді шапқан жауларды елден қуған.


1710 жылы үш жүздің басшылары — хандары, сұлтандары, билері, ру басылары, батырлары Қарақұмда жиналады. Жиналу себебі жоңғар мәселесі. Бұл жиында жоңғарларға қарсы күш жинау жайында шешім қабылданады және Бөгенбай батыр бүткіл қазақ қолының бас сардары етіп бекітіледі.


Кейінгі жылдары Бөгенбай батыр Бұланты, Аңырақай сияқты шайқастарда елмен бірге соғысады. Бөгенбай батыр Абылай ханды қолдаушылардың бірі еді.


Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін, қазақ жеріне қытай әскерлері ене бастайды. Бұларға қарсы күресте де Бөгенбай батыр көзге түседі.


Бөгенбай батыр 1778 жылы қайтыс болады, аса құрметті батырды Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерлеген.

Пән: Тарих