Күні: Пәні:Көркем әдебиет Тақырыбы: «Қаңтар мен ақпан» ертегісі Мақсаты: 1. Ертегіні оқып,мазмұнын түсіндіру 2.Ертегіні балалардың өздеріне айтқызу арқылы сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту. 3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Меңгерілетін сөздер: Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару. IV Мақсат қою -«Аязды қыс» әнін айтып,өлең мазмұнына сай қимылдарды орындайды. -«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін өтеміз. V Жаңа сабақ «Қаңтар мен Ақпан» ертегісін оқып,мазмұнын айтып беру.Оқушылардан түсінгенін сұрау. -Ақпан терезеден нені көрді? -Қаңтар әрекетін баянда. Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан Боран соғар сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ, Су өтер қолғаптан VI Бекіту «Екі аяз» ойыны Ойнау тәсілі: Залдың бір жағына ойнаушылар тұрады.Екі бастаушы алаңның ортасында ойнаушыларға қарама-қарсы тұрады да өлең айтады. Ағайынды екі Аязбыз, Қорықпаймыз ешкімнен, Мен-Аяз қызыл мұрын, Мен-Аяз көк мұрын. Кім бізге бөгет болады, Оларды жолға жолатпаймыз. Балалар бірдей жауап береді. -Қорықпаймыз аяздан. Аяздан да мықтымыз. Содан кейін залдың бір жағына жүгіреді.Аяздар оларды ұстауға тырысады.Аяздар ұстаған балалар бір орында тұрады.Оларды қолдарынан ұстап тірілтіп алуға болады.
VII Қорыту — Ертегі ұнады ма? -«Екі аяз» ойыны қызықты ма? -Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды? VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!