Қант диабеті І-типі слайд,презентация
Қант диабеті І-типі слайд,презентация
Қарапайым және нақты әдіске поляриметриялық әдіс жатады, сынама Клинитест таблеткалары арқылы жүргізіледі. Пробиркаға 5 тамшы зәрді тамызып, оған 10тамшы су және Клинитест таблеткасын қосамыз. Таблетканың әсерінен пробирка қайнайды, қайнап болғаннан соң, оның қандай түске боялғанын анықтаймыз. Зәрде глюкоза жоқ болса, көк түске, ал глюкоза болса жасыл түстен қоңыр түске дейін боялады. С-пептидті – бета-жасушалардың функционалдық жағдайын және қант диабетінің түрін анықтау үшін тексереміз. Қант диабетінің І-типінде төмендеген, ал диабет ІІ-типінде қалыпты не көтерілген. С-пептид деңгейі инсулиннің эндогенді секрециясына байланысты өзгеріп отырады.