Қаңқалық бұлшық еттер | туралы қазақша
Бұлшық ет – ерекше күрделі мүше. Сүтқоректілердің бұлшық еттері жақсы жетілген. Оған себеп – тіршілігі, қоректену әрекеті және белсенді қозғалыста болуы. Қаңқа сүйектері мен бұлшық еттер еркін қозғалыс мүшелеріне жатады. Бұлшық еттердің құрамына көлденең-жолақты ет, бұлшық ет тіні, дәнекер, эпителий, жүйке тіндері кіреді. Бұлшық еттер қызметіне, сырт пішініне, бұлшық ет талшықтарының орналасу жағдайына байланысты төрт түрге бөлінеді. Динамикалық(белсенді қызмет атқару қабіліті бар), статикалық(ұстап тұруға бейімделген) және аралық(динамостатикалық және статодинамикалық) болып бөлінеді. Пішіні жағынан бұлшық еттер ұзын, қысқа және жалпақ болып бөлінеді. Ұзын бұлшық еттер көбінесе аяқтарда кездеседі. Мұндай бұлшық еттер жіңішке сіңірмен (тарамыс) аяқталады. Жалпақ бұлшық еттер негізінен тұлғада орналасқан. Бұлшық еттердің басқа пішіндері де болады: шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта тәрізді, т.б.
Бұлшық еттер қаңқада орналасуы бойынша бас, тұлға, алдыңғы және артқы аяқ бұлшық еттері болып бөлінеді.
Бас бұлшық еттері шайнау мен ымдау топтарына бөлінеді. Шайнау бұлшық еттері төменгі жақты қимылдататын, ал ымдау бұлшық еттері бастың табиғи тесіктерінің аумағында орналасқан.
Дене бұлшық еттеріне иық белдеуі, омыртқа бағанасының, кеуде қуысының, құрсақ қабырғасының бұлшық еттері жатады.
Иық белдеуінің бұлшық еттері жауырын мен алдыңғы аяқты тұлғаға жалғастырады.
Омыртқа бағанасының бұлшық еттері жазатын және бүгетін болып екі топқа бөлінеді. Жазғыш бұлшық еттер омыртқа бағанасының үстінде орналасады. Олар бас сүйегінен құйрыққа дейін созылып орналасқан. Аталған бұлшық еттер мойынды және басты көтеріп, белді майыстырып, құйрықты көтеру қызметтерін атқарады және омыртқа бағанасының оң немесе сол жаққа бұрылуын қамтамасыз етеді. Бүгетін бұлшық еттер омыртқа бағанының астында орналасады.
Көкірек қуысының бұлшық еттері көкірек қуысын түзеді және тыныс алу процесін өткізеді. Тыныс алуға көкірек(диафрагма) көп ықпалын тигізеді. Диафрагма — кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын жалпақ бұлшық ет.
Құрсақ бұлшық еттері қорғаныш ішкі мүшелерді ұстау және тыныс алу процесіне қатысады. Құрсақ бұлшық еттерінің талшықтары әр түрлі бағытта және қабат-қабат болып орналасқан.
Алдыңғы және артқы аяқтың бұлшық еттерін буындар бойынша қарастырған жөн. Олар қызметі жағынан жазғыш, бүккіш, әкелгіш, әкеткәш және айналдырғыш топтарына бөлінеді. Аяқ бұлшық еттері негізінде жоғарғы буындарда жинақталған, төменгі буындарда олар сіңырге айналады. Себебі аяқты қимылдататын жамбас және иық буындары болып саналады. Артқы аяқтың бұлшық еттері алдыңғы аяқтың бұлшық еттерімен салыстырғанда жақсы жетілген.
Тері жамылғысы және оның туындылары
Сүтқоректілер әр түрлы ортада тіршілік етуімен байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады.
Тері жамылғысы сыртқы эпидермистен, оның астыңғы қабатындағы дермадан немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис екі қабаттан тұрады. Төменгі қабатые мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Бұл қабаттардың жасушалары цилиндр немесе куб тәрізді болады. Аталған қабаттың үстіңгі жағында жалпақтау келген жасушалар орналасады.Олар ішкі құрылысына біртіндеп кератогиалиннің толуына байланысты мүйізделген өлі жасушаларға айналады. Қабаттың үстіне жасушалар біртіндеп жинақталып, қайызғақ түрінде немесе несеп, қабықша түрңһінде түлеп түсіп отырады.
Сүтқоректілерде терінің дерма қабаты өте жақсы жетілген, оның негізін екі қабат дәнекер тін қалыптастырады. Дерманың эпидермис астында орналасқан қабытын еміздік қабаты деп атайды. Бұл қабатты борпылдақ дәнекер және торлы тін араласа түзеді. Теріге серпімділік беретін эластикалық және коллаген талшықтары араласа орналасады. Еміздікті қабат негізінен қоректендіруші және семіздік қызметтер атқарады. Сондықтан қан тамырлар мен жүйке ұштарын өте бай. Дерманың екінші қабаты торлы қабат деп аталады.
#Қаңқалық #бұлшық #еттер