Қанайналым туралы жалпы түсінік слайд,презентация – Биология

0
198

Қанайналым туралы жалпы түсінік слайд,презентация

Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.
    Қанның қызметі:
Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегі газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
Регуляторлық – әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;
Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.

Ежелгі  кезден – ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген.  Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы – Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы – Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір – бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!