Қан жүйесі туралы түсінік слайд,презентация – Биология

0

Қан жүйесі туралы түсінік слайд,презентация

 

 

 

Қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Ішкі ортаның құрамы және қасиеттері тұрақты болады. Ішкі ортаның тұрақтылығын гомеостаз (У. Кэннон), ал оны қамтамасыз ететін механизмдерді гомеокинез дейді. Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері).
Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.
Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х.Қ. Сәтпаева).
Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.
Қанның ұюына қатысады.
Қан тобын анықтайды.
Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем. Гемоглобиннің бір молекуласы О2 4 молекуласын байланыстырады, гем құрамына 2 валентті темір кіреді.Гемоглобиннің түрлері:

HbP – примитивті, эмбрионның жатырда дамуының 9 аптасына дейін.
HbF – феталдық гемоглобин, ұрықта және жаңа туған нәрестелерде.
HbA  – ересек адамда.

 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз