Қан тамырлар мен жалпы қан қозғалысының физика-математикалық заңдылықтары слайд,презентация — Биология
Қан тамырлар мен жалпы қан қозғалысының физика-математикалық заңдылықтары слайд,презентация
Жоспары:
1. Қан мен лимфаның қызметі.
2. Қан құрамы. Қан плазмасы.
3. Қанның формалық элементтері.
а. Эритроциттер
б. Лейкоциттер
в. Тромбоциттер
4. Қанның жасқа байланысты ерекшелігі.
Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.
Қанның қызметі:
Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегі газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
Регуляторлық – әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;
Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.
Ежелгі кезден – ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген. Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы — Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы – Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір – бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.
Бұл болжамды Рим зерттеушісі, әрі дәрігер Клавдий Гален жоққа шығарды. Ол қанның вена арқылы да, артерия арқылы да жүретінін дәлелдеді. 1628 жылы ағылшын физиологы Уильям Гарвей өзінің «Жануарлар қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу» еңбегінде алғаш рет қанның артериялық қантамырлар арқылы қарыншалар арқылы қозғалып, веналық кантамыр арқылы жүрекшеге келіп құятынын айтқан. Алғаш қанайналым схемасын сызып, екі қанайналым шеңберін қосқан.