Қан айналымының бұзылуы | туралы қазақша

0

Қалыпты жағдайда қан тамырлары тұрақты күйде болады, сонымен катар қанның тең мөлшерде бүкіл организмге таратылуын қамтамасыз етеді. Бірақ әр түрлі себептер тамырларға әсер еткеннен зақымдалған ошақта қан тамырлары кеңейіп, қанмен толады.

Қан айналым жүйесі қызметіне байланысты жалпы және жергілікті болып екіге бөлінеді. Біріншісі жүрек пен ipi тамырларда, ал екіншісі ұсақ тамырларда болады. Жергілікті қан айналым ағзалар мен тіндерде болады және де бұларды қанмен қамтамасыз ету өзгеруі мүмкін.

Жергілікті қан айналымның бұзылуының негізгі түрлері: артериялық және веноздық гиперемиялар, тромбоз , эмболия, қан ағу, стаз, ишемия, инфаркт.

Артериялық гиперемия (грекше: hyper – көп, haima – қан) ұлғайған артерия тамырлары аркылы кeлетін қан молшерінің көбеюінен ағзаның қанмен толуы.

Артериялық гиперемияның себебі механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және нейрогендік болады. Артериялық гиперемияның клиникалық белгілepi: қызару (оттегіге бай қанның көп келуінен және келген қанның ұсақ тамырларға көп мөлшерде таралуынан), жергілікті температураның көтерілуі (ішкі ағзалардан қанның шамадан тыс келуінен және осы ошақта зат алмасудың жоғарлауынан), ағза мен тіндердің ұлғаюы (қан тамырлары қанмен толуынан), қан тамырларының санының көбеюі, ұсақ тамырларда тамыр соғуының байқалуы.

Артериялық гиперемия зардабы әр түрлі болуы мүмкін. Гиперемия ұзаққа созылса, ағзада алмасуын жоғарылатып, ұлғайтуға әкеледі(гипертрофия), ал қысқа мерзімді ағымында ағзадағы артериялық гиперемия жойылып, қан айналым қалпына келеді. Артериялық гиперемияны емдік мақсатта да қолдануға болады.

Веноздық гиперемия. Веноздық (іркілу) гиперемия қан кeтуi қиындауынан, ағзалар мен тіндерге қан толудың жоғарылауы. Веноздық гиперемия себебі:

Жүректің жеткіліксіз жұмыс icтeyi, вена тромбозы, эмболиясы және оның сырттан қысылуы. Венозды қанның іркілуі вена мен қылтамырлардың кеңіеюіне және қан ағысының баяулауына әкеледі. Осыған байланысты тіндерге оттегі көптен беріліп, қанға көміртегінің келуі де артады, осыдан гипоксемия және гиперкапния пайда болады. Тотығу процестері төмендеуі салдарынан жылу өндіру азайып, жылу шығару артады да, қан іркілген ошақта температура төмендейді. Сонымен қатар қылтамырлардың өткізгіштігі артып, iciк пайда болады. Венозды гиперемия барысы бойынша жіті және созылмалы болады.

Веноздық гиперемия зардабы. Тіндердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі себебінен қоректену мен зат алмасуы бұзылады, іркілу ұзаққа созылса, iciну тіндерді некрозға ұшыратып, ол ошақта дәнекер тін өседі, ағзаның қызметі төмендейді.

Ишемия (грекше: ischo – тоқтату, haima – қанның бір жерде азаюы) — артерия арқылы келетін қанның жеткіліксіздігінен ағза мен тіннің қанмен толуының азаюы. Ишемия қысқа мерзімді (жіті) немесе созылмалы болуы мүмкін. Ишемия жіті өткенде тіндерде дистрофикалық және некробиотикалық өзгерістер пайда болады, ал созылмалы ишемия паренхималық жасушалардың атрофиясына (семуге) әкеледі.

Пайда болу себебінe қарай ишемияның мынадай түрлері болады:

  • компрессиялық ишемия – артерияның сырттан қысылуынан болады (мысалы, iciктен, бөгде заттармен, тыртықпен, жіппен байлаудан).
  • Рефлекторлық (ангиоспазмалық) ишемия – әр түрлi тітіркендіргіштер артериялардың тарылуын тудырады (мысалы, ауырсыну, т.б.). Эмоциялар да ишемияға әкеледі.
  • обтурациялық ишемия — тамыр саңылауының тромбпен, эмболмен толық немесе жартылай жабылуынан болады.

Ишемия белгілері: ағзаның немесе тіннің бозаруы, көлемінің кішіреюі, температурасының төмендеуі, ауырсыну.

Ишемия зардабы әр түрлі, ағза мен тіннің қоректенуінің бұзылуы соңында некрозға ұшыратады. Сонымен қатар, ишемия зардабы тамырдың диаметріне, тарылу жылдамдығына, коллатералдық тамырлардың дамуына байланысты.

Инфаркт (латынша: infarcire — кептелу, толу) қан келуінің тоқтауынан ағза немесе тін өліеттенуі. Оның себебі: артерия саңылауының тромб немесе эмболмен бітелуі немесе ұзақ уақыт тарылуы.

Инфаркттер анастомоздар мен коллатеральдер аз ағзаларда жиі байқалады (мысалы: жүрек, өкпе, бүйрек). Инфаркт кезінде гипоксия пайда болады. Тамырлардың тарылуы қоректiк заттардың және оттегінің жеткіліксіздігіне әкеледі.

Жасушаларда тотығу процестері бұзылып, зат алмасудың аралық өнімдері жиналып, ацидоз дамиды. Осы жағдайда жасушаларда әр түрлі өзгерістер байқалады, нәтижесінде жасушалар жансызданып, инфаркт пайда болады.

Инфарктің үш түрiн ажыратады: ақ, қызыл, аралас.

Ақ (ишемиялық) инфаркт учаскесі ақшыл сұр түcтi, шектелген. Бүйректе, мида, талақта жиі кездеседі.

Қызыл (геморрагиялық) инфаркт қызыл түстi, жақын жатқан веналардың қанын сіңіру арқылы болады. Қызыл инфаркт өкпеде, ішекте жиі, кейде жүрек пен талақта кездеседі.

Аралас инфаркт учаскесінің орталығы ақ инфарктқа сәйкес, жан-жағы қанмен толған учаскемен қоршалған.

Инфаркт барысы даму орнына, көлеміне, себептеріне, жағдайларына және де учаске өліеттенген қызметінің компенсациясына байланысты. Тіршілікке қажетті ағзалардың (жүрек, ми) инфаркті, организмді өлімге әкеледі. Ал қолайлы болған жағдайда өліеттенген учаске еріп, соңында тыртық болып бітеді.

Қан ағу (геморрагия, грекше: haeтo — қан, zzhagia – ағу) тамырдан қанның шығуы. Қан ағудың себебі: тамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы немесе ойық жаралардың пайда болуы, мысалы: туберкулезде, маңқада, инвазияларда, қатерлі ісіктерде және тамырлардың өткізгіштігі артқанда (тілмеде т.б.). Қан ағудың бірнеше түрi болады: сыртқы, ішкі артериялық, веноздық және қылтамырлық. Сыртқы қан ағудан iшкi қан ағу (қансырау) организм үшін өте қауіпті.

Артериялық қан ағу кезінде қанның түсi қызыл, ағымы күшті.

Веноздық қан ағу кезінде қан ағысы әлсіз, тамыр соғусыз, қанның түсi қара қызыл.

Қылтамырлық қан ағу қан тамшысы пайда болуымен сипатталады.

Қан жоғалту кезінде организмдегі қан азаяды, қан қысымы төмендейді, лейкоцит пен эритроцит саны азайып, тіндерде оттегінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Қан ағу бірқатар қорғаныс компенсаторлық реакция туғызады: деподағы қанның шығуы, тамырлардың тарылуы, тамырларға лимфа мен тін сұйығының түсуі, қан элементтерінің түзілуі артады, жүрек соғуы және тыныс алу жмілейді, сонымен, ең алдымен ми мен жүректің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады. Қан ағудың зардабы зақымдалған тамырға, қан ағу жылдамдығына, жоғалтқан қан мөлшеріне, организмнің күйіне байланысты. Қанның 30 %-ы жоғалту организмде елеулі өзгеріс туғызады.

Жануар организмі 50-60% қан жоғалтқанда қан қысымы түсіп, қоректік заттар мен оттегімен қамтамасыз етілуі азаяды да, өлімге әкеледі.

Созылмалы( ұзақ) қан ағудың (туберкулез, ойық жаралар) әсерінен эритроциттер мен гемоглобин мөлшері азайып, гипоксия пайда болады, организмде жалпы анемия дамиды.

Тромбоз (грекше: thrombosis – ұю) деп тамыр саңылауында ұйыған қанның тамыр саңылауын жартылай немесе толық бітеп, қан жүруіне бөгет жасауын айтады. Қан ұйындысы тромб деп аталады. Тромбтың пайда болуының себептері: тамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы, қан ағысының баяулауы, қанның ұюының өзгеруі.

Тромбтың пайда болуы екі кезеңде өтеді: тромбоциттердің агглютинациясы және фибриногеннің түзілуі. Бірінші кезеңінде тромбоциттер тамырдың ішкі қабырғасына жабысады және олар зақымдалған жерде жиналады. Пайда болған тромб тромбоциттерден, лейкоциттерден және плазма ақуыздарынан тұрады. Екінші кезеңде тамырдың зақымдалған ошағына фибринді жиналып, тор құрады. Оған эритроциттер тұнып түсіп, тромбы қызыл түске енеді. Бұларды қызыл тромб деп атайды. Тромбы құрамына және түріне байланысты ақ, қызыл, аралас болады.

Ақ тромб – ақшыл сұр түсті, артерияларда жиі түзіледі. Қызыл тромб – қызыл түсті, веналарда жиі түзеледі.

Аралас тромб – ақ және қызыл тромбтардан тұрады, олар веналар мен артериялардың аневризмаларында жиі пайда болады.

Қанның ұюы нәтижесінде пайда болатын тромбының қорғаныстық қасиеті болғандықтан, ол қан ағуды тоқтатуды қамтамасыз етеді.

Тромбоз зардабы. Тромбоздың организмге тигізетін жалпы зардабы – қан айналымын қиындатуы. Артериядағы тромбоз ишемияға, соңында тіндердің өліеттенуіне — инфарктқа ұшыратады. Егер де тромбоз венада байқалса, онда венозды іркілуге, iciккe, шеменге және организм функциясының бұзылуына әкеледі. Тромбоз организмнің маңызды ағзаларында (ми, жүрек, бүйрек) болса, өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Тромбоз барысы. Тамыр қабырғасындағы ұсақ тромбтар еріп, қан ағысымен кетеді, ipi тромбылар ферменттер арқылы ыдырайды. Тромбоз барысында болатын құбылыстар: өзектену (қанализация), организация, петрификация, васкуляризация.

Эмболия (грекше: embole — ену, басып кipy) қан тамырының қан ағысына ілесіп келген тығыз, сұйық, газ тәрізді бөлшектермен (эмболдармен) бітелуі. Тамырлардың бөлшектермен бітелуі эндогендік және экзогендік болады. Эндогендік эмболияға: тромбоэмболия (тромбтың үзіліп, ыдырап, ұсақ қан тамырларын бітeyi), май эмболиясы (сүйектердің сынуынан май тамшыларының тамырға түсіп, тамырды бітeyi), тін эмболиясы (зақымдалған тндердің бөлшектерінің ыдырап, қан тамырын бітeyi) жатады. Бұл некрозға ұшыраған немесе қатерлі ісіктің жасушалары болуы мүмкін. Экзогендік эмболияға ауа эмболиясы (дәрі-дірмектерді еккенде немесе ipi тамырлар жарақаттанғанда), газ эмболиясы (кессон немесе тау ауруы кездерінде еріген газдың тамырды бітeyi), бактериалдық паразиттік эмболия (тамырлардың бактериялармен немесе паразиттермен бітелуі) жатады. Эмболия зардабы мен барысы әр түрлі. Олар себебінe, коллатералдардың болуына, ағзаның маңыздылығына байланысты.

#Қан #айналымының #бұзылуы