Қалмақан Әбдіқадыровтың Қажымұқан әңгімесі слайд,презентация — Әдебиет

0

Қалмақан Әбдіқадыровтың Қажымұқан әңгімесі слайд,презентация

 

 

         Повесть  (хикаят) – баяндау түрінде  қара  сөзбен  жазылған оқиғалы  көркем шығарманың  түрі.Ол  көлемі  жағынан әңгімеден  ұзақтау, романға  жақындау  болады.     Әңгімеде  көбіне өмірдің  бір  мезеті, қысқа  оқиғалар  суреттелсе,   романда  аса  күрделі   әрі  көлемді, бүкіл   бір  кезеңнің     оқиғалары  тұтастырыла   суреттеледі.Ал  повестегі  оқиғалар  жинақы,  сюжеттік  желі  негізінен  бір  арнада   өрістейді, кейіпкерлер  саны  да  аса  көп   болмайды.        Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
        Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. 
    Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған 
        Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!