Қайын атасы | Скачать Курстық жұмыс
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Дінмұхамед Қонаевтың өмірбаяны,отбасы
Еңбек баспалдағы мен қоғам-қайраткерлік қызметі
Дінмұхамед Қонаев – қасиетті дара тұлға
Дінмұхамед Қонаев туралы ой-пікірлер мен атына қойылған естеліктер
Д.А.Қонаев атындағы мұражай
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Адамзат тарихы-әлеміш дүние. Әр ғасырдың, әр дәуірдің өз бояуы бар.
Жарық-сәулелі,қоңырқай көлеңке тұсы да аз емес. Өткенің мен бүгінгің,
ертеңін – бәрі мидай араласып жатыр. Алайда, тарихтың кестелі шежіресіне
кез келген пенде өз өрнегін қалауымен ойып сала алмайды. Тарихта аты
қалатындар – топтан озған тұлғалар. Біреулері бүкіл империяны шеңгелінде
ұстап, қаталдығымен есте қалса,екіншілері ұлы қырғын соғыс ашып аты
шығады.Ал, өркениет атаулыны өрлетіп, жер бетіне игілік әкелген ұлылар
қаншама? Әр дәуір өз тұлғасын тудырады. Заманына, заманның саясатына
қызмет еткен дараның бірі — халық жадында өшпестей сақталған
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев тарихтың
төрінен зор орын алуы дау тудырмайды. Кемшіліксіз адам жоқ.Жұмыр басты
пенде болған соң орын алуы дау тудырмайды. Қонаев – өз заманының перзенті
болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да ,кемшілігін де біз сол
заманнан бөле жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан халқымен
бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам
Н.Ә.Назарбаев
Өткен жарты ғасырдағы қазақ елінің даму барысы Қонаевтың
есімімен тығыз байланысты.Бұл дарынды тұлға қазақ халқы арасында
жарқырап жүрген бір ерекше жұлдыздай көрінген. Н.Ә.Назарбаевтың пікіріне
қарағанда қазақ халқы Д.А.Қонаевты XX ғасырдағы ұлы даралардың ең
үздік үлгілерінің бірі ретінде санайды. Демек,бұл жеке ел басшымыздың
сөзі ғана емес,бұл – бүкіл халықтың сөзі. Шынында да, Қонаев халықтың
қамын ойлайтын нағыз мемлекет қайраткері болды. Сондықтан, Қонаевтың
өмір жолы және оның кезеңдерімен танысу мен үшін де маңызды да,қызықты.
II.Негізгі бөлім
Дінмұхамед Қонаевтың өмірбаяны,отбасы
Д.А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматыда
дүниеге келді. Балдәурен балалық шағы, жастық дәуірі осы әсем қалада өтті.
Сол тұста Қазан төңкерісінен кейін 1921 жылы көрнекті партия және мемлекет
қайраткері Ораз Жандосовтың ұсынысы бойынша Верный өзінің байырғы аты –
Алматыға ие болады, 1924 жылы Жетісудың орталығы саналды. Астана
Қызылордадан Алматыға көшіріледі.
Д.А. Қонаев ата-бабалары мал шаруашылығын кәсіп еткен жандар. Ауылы
Құйған маңайындағы Күрті мен Іле өзені жағалауын менендеген. Бертінірек
келгенде тау бөлтеріндегі Алматы өзенінің оң жағалауына тұрақты түрде қоныс
тебеді.
Атасы Жұмабай жас кезінде мұсылман мектебінде оқып, оны үздік
бітіргеннен кейін еңбек жолын осы аймақтағы қазақ татар балаларына дәріс
беруден бастапты. Сөйтіп жүргенде Д.А. Қонаевтың әкесі Меңдіахмет 1886 жылы
өмірге келеді де, атасы оны 14 жасқа таласымен Верный көпесі
И. Ғабдуәлиевтің шаруашылығына жұмысқа орналастырады. Ал өзі содан кейін
көп ұзамай Түркия арқылы Сауд Аравиясына сапар шегіп, Мекке мен Мединеге
қажылық етуге барған. Одан ол Үндістан мен Ауғаныстанды басып өтіп, 1905
жылы отбасына аман-есен оралады.
Д.А. Қонаевтың әкесі 1917 жылға дейін көпес И. Ғабдуәлиевке
жалданып жұмыс істейді де ешқандай оқу орнын бітіре алмайды. Бірақ өз
бетінше білімін көтерудің арқасында орысша-қазақшаға өте сауатты болды.
Кеңес өкіметі тұсында ол кісі Алматы облысының ауыл шаруашылық және сауда
орындарында жұмыс істейді. Сонан соң зейнеткерлік демалысқа шықаннан кейін
көп уақыт өткен соң 1976 жылы 90 жасқа үш ай қалғанда дүние салды. Ал анасы
Зайковка (қазіргі Алматы облысының Шелек селосы) елді мекеніндегі кедей
шаруаның қызы болады.Әкесі мен анасы жетпіс жылдан астам уақыт бірге баянды
ғұмыр кешкен. Анасы 86 жасында 1973 жылы дүние салады.
Д.А.Қонаев,өзі айтпақшы ,тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан
жұбайы,Зухра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау ғып
өткен, өле -өлгенше сыйласқан. Кішіпейіл де жайдары Зухра Шәріпқызы
ұлықтың әйелімін деп кергуді білмеген. Көпшілдігімен,қонақжайлығымен
ағайын-туыс пен дос-жаранның көңілін таба білген. Қайын атасы
Меңдіахметтің дәрет алар суына дейін жылытып беретін әдетінен бірде
-бір рет жаңылмаған ол ибалы мінезімен ата-енесіне , еліне жаққан сыйлы
келін болған.Сондай- ақ ол қолынан онер тамған
іскерлігімен,еңбекөорлығымен де дараланған. Өз перзентінің болмағанына
қарамастан, Димекең бала көрсе еркелеткісі келіп тұратын өте бауырмал адам
болыпты.Содан да інісінің балаларын әкелік мейіріммен бауырына
басқан,олардың және басқа даіні – қарындастарының оқып білім алуына,дұрыс
тәрбиеленуіне себепші болып отырған
Д.А. Қонаев Чернышевский атындағы №19 мектептің бірінші сатасында
оқыған. Төртінші сыныпты бітірген соң №14 мектепке ауысып, сол жерде екінші
сатасында оқиды. Алғашқы хат танытып, әліппені оқытып, орыс тілін үйреткен
алғашқы мұғалімі – Анна Павловна, сонымен қатар математик
С.И. Соколов, физик А.А. Астраханцев, И.П. Масленников, географ Тугарин,
Е. Войцеховский т.б. Мектептің бітіргеннен кейін, жоспарлау органдарында
статист болып жұмыс істеп, кешкілік институттың дайындық курсында оқиды.
1931 ж Қазақстан өлкелік комсомол комитетеінің жолдамасымен Мәскеу түсті
металдар институтына түсуге жолға шығады
Мәскеуге келген соң, әпкесі Әлима мен жездесі А. Түркебаевтің үйіне
тоқтайды.Институтқа қабылданысымен Панкратов көшесіндегі Сретенкода
жатақханасына ауысқан. Студенттік өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көріп,
қиын кезенді басынан өткерген. Оның Мәскеудегі оқуы республиканың, елдің
өміріндегі аса ауыр кезеңге – күштеп коллективтендіру науақанымен тұста-тұс
келді. Ауылындағы ауыр жағдайдан хабардар болып, оның анық- қанығына жету
үшін жоғарғы өкімет орындарынан сұраныс жасайды. Сол жылдары студенттердің
біразы оқуларын тастап, ауылдарына қайтып оралады.
Д.А.Қонаевтың алғашқы практикасы 1933 ж Оралдың Дегтярск кенішінде
басталады.1936 шілдеде Мәскеу түсті металдар мен алтын институтын қызыл
дипломмен бітіріп, Қызырат- Балхаш құрылысына жалдама алады. Бұл
Д.А. Қонаевтың алғашқы нағыз еңбек жолы еді. Қоңыратта жұмыс істей жүріп,
Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын
айқындау деген тақырыпта дипломдық жжұмысына материалдар жинастырған.
Сөйтіп, бұл жұмысын үздік бағаға қорғап шығады.
Еңбек баспалдағы мен қоғам-қайраткерлік қызметі
1942 жылдың сәуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Скверцовтан жедел хат алады. Ол хатта Д.А.Қонаевты Орталық
Комитеттің қарамағына қызметке шақыртуы туралы баяндалған екен. Ендігі
жерде Д.А. Қонаев Лениногордағы бар шаруасын Новиковқа өткізіп, Алматыға
бет алады. Сәуір айының жиырмасына қараған түнде Д.А. Қонаевты Скворцов
қабылдап:
— Өнеркәсіп саласында ұлттық қадрлардың тапшылығы өзіңізге аян. Дүр
сілкінетін күн де алыс емес шығар. Әзірге, барға қанағат. Орталық Комитет
сізге сенім көрсетіп отыр. Қазақ КСР Халық Комиссариаты төрағасының
орынбасарлығына ұсынады. Одаққа бағынышта өнеркәсіп орындарының жұмысымен
шұғылданатын боласыз. Сондықтан БК (б) П Орталық Комитетіне бекітілуге бару
үшін, шұғыл Мәскеуде жүріп кетуге тура келеді, дейді.
Бірақ дәл сол кездегі қиын-қыстау кезде Лениногорды тастап кету Д.А. Қонаев
үшін аса ауырға соғады. Орталық Комитеттің шешімін екі етуге болмайтындығын
түсініп, Халық Комиссарлар Кеңесінде, кейін Орталық Комитетте қызмет
атқарады. Қызмет бабымен Ленингорға да жиі ат ізін салып отырды. Қаланың
әрбір жаңалығына қызыға қарап, зәру істерін шешуге аянбай күш жұмсайды.
Кейін 1959 ж лениногорлықтар Д.А. Қонаевты республика Жоғарғы кеңесіне
депутат етіп сайлайды. Осылайша өр Алтай өңірі
Д.А. Қонаев үшін ең ыстық жерұйыққа айналады.
Лениногорода, БЛКЖО-ның 40 жылдығы атындағы және Тишин
кеніштерінде, байыту фабрикаларында, қорғасын, мырыш заводтарында Д.А.
Қонаевтың беймаза, бірақ жемісті істерінің куәсіндай күндері мен түндері
өтеді.
1942 жылы мауысым айының 6-сы күні Д.А. Қонаев Қазақ КСР Халық Комиссарлар
Кеңесінің табалдырығын аттайды. Бұл жердегі қызметі қатал тәртіп бойынша
жүрді. Ол — өзіңнен бір саты биікте тұрған кісінің пікіріне ден қойып,
құлақ асу еді. Ең әуелі, Д.А. Қонаев ешқандай бұрылмастан Халық Комиссарлар
Кеңесінің төрағасы Оңдасыновта, Скворцовта, онан кейін Шаяхметовтке болып,
өз міндеттін айқындап алады. Олардың әңгімесі боынша түйгені: Орталық
комитеттің өнеркәсіпке қатысты бөлімімімен, Орталық комитеттің салалық
хатшысымен қоян-қалтық араласып, жұмыс істегу тиісті болды. Түсті
металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарының,
электростанциялардың, теміржол, транспорт және автотранспорттың, сондай-ақ
қорғасын заводтарының жұмысын қадағалап, қажет кезінде көмектесіп отыру.
Осының бәрі Д.А. Қонаевтың алдағы уақытқа белгіленген жауапты қызметі болып
табылды. Д.А. Қонаев бұл істерге жүрексінбей, тайсақтамай, қандай да
болмасын жауапты тапсырмаға сергек қарауға, сеніп тапсырылған үлкен істі
мінсіз орындауға әбден қалыптасып қалған.
Қысқа мерзім ішінде түсті металлургияға қатысты ірі-ірі
кәсіпорындармен, Қарағанды және Ленгер кеншілерімен, қорғасын саласындағы
өнеркәсіп орындарымен тығыз байланыс орнатылады. Мемлекетік қорғасын
комитеті вольфрам мен молибден концентратын күрт көбейтуді талап етеді.
Соған байланысты Ақшатау вольфрам комбинатының құрылысын
жеделдетумақсатымен Д.А. Қонаев, геолог Вяжевич, тау-кен инженерлеі
Кравченко, Орталық комитеттің нұсқашысы Төлебаев Ақшатауға табан тірейді.
Қысқа мерзім ішінде старательдің күшімен вольфрам өндіруді шығару 70%-ке
дейін өсті.
Елде, соғыс уақытында өндірілген әрбір 100 тонна молибденнің 60
тоннасын Балқаш даласының ерлеурі, Шығыс Қоңырат кеншілері боріп отырды.
Орталық Комитеттің және Халық Комиссарлар Кеңесінің тапсырмасымен
талай бригада, комиссияларды бастап, ауыр өнеркәсіптегі Ащысай полиметалл
комбинатына, Шымкент Қорғасын заводына, Гурьевтегі, Ақмоладағы, Балқаштағы
және т.б. ірі кәсіпорындарға барып тұрды. Қазақстан Компартисы Орталық
Комитетінің өкілі ретінде Д.А. Қонаев Ленгерде, әсіресе, Қарағандыда айлап
жұмыс істеді. Сөйтіп, 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия заводы
өзінің тұңғыш металын берді. Қарағанды шахтерлерінің алдында да аса күрделі
міндет қойылды. Жұмысшылардың тізе қосып жұмыс істеуі арқасында бұл
атырапта төрт жыл ішінде 23 жаңа шахта салынады. Көмір өндіру 1945 жылы
11,2 млн. тоннаға жетіп, 1940 жылмен салыстырғанда екі еседей ұлғаяды.
Халық комиссарлар Кеңесінде қатарынан бірнеше жыл қызмет істеуі
Д.А.Қонаевтың республика өмірімен қоян-қолтық араласып, оның барша
саласымен шұғылдануына жол ашты. Өмір өзгеріссіз болмай тұрмайды. 1944
жылдың екінші жартысында республика партия ұйымының басшылығында айыс-күйіс
болып, Н.А.Скворцов Совхоздар халық комиссарлығына тағайындалдына
байланысты Мәскеуде кетеді. соғыс аяқталардың алдында ғана хатшылығына
Г.А.Борков сайланады. Ол осыған дейін БК(б)П Воронеж облысының екінші
хатшысы, сосын Новосибирск облысы мен Хабаровск өлкелік комитетінің бірінші
хатшысы болып істеген. Бұл қызметте де ол тұрайқтай алмай, БК(б)П Орталық
комитетінің қарамағына жұмысқа ауысады.
1946 жылы бірінші хатшылыққа Ж.Шаяхметов сайланады. Д.А.Қонаевтың
Ж. Шаяхметовке берген мінездемесі: — Мақталуы келіскеннің де міні бар
дегендей, ол кісінің бір асал жері. Көмекшілерін, бөлім бастықтарын бір
шыбықпен айдап, апшысын қуырып отыратын. Ұсақ-түйікті жіпке тізіп,
түймедейін түйедей етуге бейім тұратын. Қарамағындағыларды күн құрғатпай
жиып алып, өндірістік кеңес өткізуге құмар еді, — дейді. Бірақ Ж.
Шаяхметовтың бір артықшылығы аса ұқыпты, әрі қиыннан қиыстыра білетін
ұйымдастырушы болды. Оның осы қабілетін арқасында соғыстан кейінгі жылдары
Қазақстан экономикасы күрт жоғары өрлеген. Д.А.Қонаев Ж. Шаяхметовтың
қарамағында ұзақ қызмет атқарады.
1949 жылы ақпан айының соңынан қарай өткен IV съезде Д.А.Қонаев
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланады. Осы жылы
Орталық Комитет Д.А.Қонаевты Семей облысына астық дайындау жөнінде өкіл
етіп жібереді.
Аз уақыт Елубай Бәзімұлы Тайбековтың қарамағында істейді. Халық
Комиссарлар кеңесінде, кейін Министр кеңесінде Д.А.Қонаевпен, Ч.Чуланов,
И.Л. Буданцев, И.Т Шәріпов, Н.А. Ерофеев, Ш.Б. Бүрбаев, министрлер – А.Г.
Шугайло, К.Е. Едігенов, В.К. Францишин, Ұ.Ү. Ұрымбаев, А. Өтембаев және
басқалар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызмет атқарған.
1945 жылы Мәскеуге шаруа барысымен барып, Мемлекеттік Жоспарлау
комиссиясының, жабдықтау ұйымдарының, Халық Комиссариатының табалдырығын
аттайды.
Осылайша жұмыс сапарымен жүргенде, Жеңіс салтанаты өтетін күнге
таяп қалады. 1945 жылдың 24 маусымында Д.А.Қонаев пен жары Зүһра Шәріпқызын
Қызыл алаңға шақыртады. И.В. Сталинмен осы күні жақын кездеседі. Осы
жылдар Д.А.Қонаев үшін бір күні бір күніне ұқсамайтын өмірді терең
түсінуге, адамдардың табиғатын тануға, күнделікті күйбен тірліктен өмірлік
мәні бар маңызды мәселелерді айыра білуге, жүктелген міндеттің
жауапкершілігін барынша сезіне түсуге бет бұрған жылдар болды.
1955 жыл табалдырықтан аттайды. Наурыз айында Мәскеуде КСРО жоғары
Кеңесінің сессиясы өз жұмысын бастаған болатын. Д.А.Қонаевты шақыртқан
Пономаренко оған бар жағдайды түсіндіреді. Яғни Д.А.Қонаевты Қазақ КСР
Ғылым академиясының президенттігінен босатып, республика Министрлер
кеңесінің төрағалығына бекіту еді. Осы мақсатпен Пономаренко, Брежнев және
Д.А.Қонаев Хрущевтің қабылдауында болып, ендігі жерде Ғылым академиясының
президенттігіне үміткер іздейді. Д.А.Қонаев Қ.И. Сәтбаевтің кандидатурасын
ұсынады. Бюро оның ұсынысын мақұлдап Қ.И. Сәтбаевты Қазақ КСР Ғылым
академиясының президенттігіне қайта сайлайды. Сөйтіп, 1955 жылы 31 наурызда
Алматыда республика Жоғарғы Кеңесінің кезекті сессиясы ашылып, Д.А.Қонаев
республика Министрлер кеңесінің төрағалығына тағайындалады. Қуатты
энергетикалық және индустриялы база ірі ауаыл шаруашылығы өндірісінен жасау
үшін, мәдениет пен ғылым дегейін көтеріп, уақыт талабына сай жаңа қалалар
салу үшін Д.А.Қонаев өз жұмысын жаңа одақтық-республикалық министрліктерді
ұйымдастырудан және кейбір министрліктер ұйымдастырудан және кейбір
министрліктер мен республикалық органдардың басшылығын нығайтудан
бастайды. 1955 жылғы тың жерді игеруге байланысты да бірқатар жұмыстар
атқарады.
КОКП XXIII съезінде Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің Саяси Бюросының
мүшелігіне кандидат болып сайланады.
Қаңтар айының 24-27-і күндері Қазақстан Компартиясының VIII съезі
өтіп, сол съезде Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің және бюро мүшесі, партияның
XX съезіне делегат боп сайланады. Осы қызметтерде жүргенде бірнеше
кездесулерге қатысады. Мысалы, 1955 ж есімі дүние жүзіне белгілі мемлекет
қайраткерлерінің бірі Үндістанның премьер-министрлі
Қоңыраттағы табысты еңбектері үшін жас мамандар туралы Советская степь,
Еңбекші қазақ газеттерінде мақалалар жарияланып тұрды. 1937 ж
5 ақпандағы Балхашский рабочий газетінің санындағы мақалада. Тау-кен
цехындағы қазақтар арасындағы техникалық оқуды инженер Қонаев жүргізеду.
Қонаев жолдас сабаққа тыңғылықты әзірлікпен келеді, қарапайым тілмен
түсіндіреді. Жаңа техниканы игеруге байланысты басқа күрделі тұсын танып –
білуге көмектеседі. Инженер Қонаевтың жұмыс тәжірибесінен өнеге алу
керек, делінген. Сол жылы Д.А. Қонаев басқарған бұрғылау цехы жеңілпаз
атанады. 1927 жылдан комсомол мүшесі, ал 1937 ж наурыз айында аудандық IV
конференцияда аудандық комитеттінің мүшесі болып сайланады. Одан кейін
партия қатарына қабылданып, кеніштің бас инженерлігіне тағайындалады.
1939 жылға дейін директордың міндетін қоса атқарады. 1940 ж Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовпен
жүздеседі.
1940 ж 29 желтоқсандағы түсті металлургия халық комиссарының
бұйрығымен Д.А. Қонаев кен басқармасының директорлығына тағайындалады. Ал
қалған іргелі екі кәсіпорынның тірінін В.Л. Немешев пен И.Е. Клименко
ұстайды.
Осы тұста, яғни 1941 ж, Ұлы Отан соғысы басталғаны хабарланып,
23 маусымда жер-жерде митингілер басталады. Д.А.Қонаев басқарған кеншілер
бар күштерін соғыс жайғдайына ыңғайлап, аянбай еңбек етеді. Соғыстың
алғашқы жылдарында қорғасын өндіру 21% ке, қоспалы қалайы 8%-ке, кадмий 9%-
ке, алтын 16%-ке, күміс 12% артты. Кеншілердің жанқиярлық еңбегі ең әуелі
Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін! жұмылдырылды. Бел жазбай жұмыс
істеген құрыш білекті азаматтардың арасында жүру Д.А. Қонаевқа қаншалықты
жауапкершілік жүктесі, соншалықты оған қызықты еді.Қ
Әркім өзі шыққан тауым биік … жалғасы