Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық идеялар туралы қазақша

0

Қайта өрлеу кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты — үйлесімді жетілген тұлғаны тәрбиелеу, яғни тұлғаның физикалық кемелділігі мен рухани байлығы үйлесімді дамуы тиіс. Қайта өрлеу дәуірі бірқатар жарқын ойшылдарды, педагог-гуманистерді дүниеге алып келді. Педагогикалық ойдың тереңдеуіне үлкен үлес қосқан итальяндық Витторино да Фельтре (1378-1448 ж.), француз ойшылы Франсуа Рабле (1494-1553 ж.), ағылшындық Томас Мор (1478-1535 ж.) т.б., олар балаларды қалай оқыту, тәрбиелеу туралы ілімдерді жүйеледі, тұлғаның жан-жақты дамуы мен оқуды еңбекпен ұштастыру тұрғысында өз ойларын білдірді.

Тәрбиелік әсердің негізгі формасы діни уағыз болды. Уағыз айту қызметін молдалар атқарды. Дегенмен дін қызметкерлерінің ішінде өз заманының оқыған философтары болғанымен, мысалға Августиннің (354-430 ж.), теолог Фома Аквинскийдің, (1225-1274 ж.) т.б. педагогикалық теориясы жаңа идеялармен аз да болса дамытылды.

Догматтық білім берудің берік ұстанымдары, осы кезеңге сай бірнеше ғасырлар бойы тіршілік етті. Педагогикалық ойдың дамуындағы маңызды кезең Қайта өркендеу (ХІV-ХVІ ғғ.) дәуірімен байланысты. Бұл уақытта педагогикалық ойдың жаңа бетбұрыс кезеңі болды, ол антикалық мұраны меңгеруге, антикалық мәдениеттің қайта өркендеуіне бағытталды. Қайта өркендеу кезеңі педагогиканың классикалық білім беруінің қайта құрылуына, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін жаңаша бағалауға мақсатталды. Қайта өркендеу дәуірінің гуманистерінің адам мүмкіндіктерінің шексіздігіне деген сенімдері мол. Олардың көзқарастарына сәйкес адам -ғарыштың орталығы, еркін, өзіндік әрекетшіл тіршілік иесі және өз тағдырын өзін-өзі жасаушы.

Мишель Монтень (1533-1592) өзінің атақты «Опыты» («Тәжірибелер») атты шығармасында құдайлық көрегендік туралы діни ілімді сенімсіз бағалайды және адамның сарқылмас мүмкіндіктеріне сенімділіктерін білдіреді. Оның адамның дамуы туралы идеялары қызықты. Монтень баланы (нәрестені) үлкендердің кішірейтілген көшірмесі ретінде емес, табиғи дербес, тумысынан тазалыққа ие адам ретінде қарастырған. Нәресте (сәби) сыни талқылауға деген қабілетінің жетілуінің өлшемі бойынша тұлғаға айналады.

Голландиялық Эразм Роттердамский (1467-1536) «О первоначальном воспитании детей» («Балаларды бастапқы тәрбиелеу туралы») атты педагогикалық трактатында педагогикалық идеяларды туындату кезінде антикалық және діни дәстүрлерді байланыстыру қажеттілігі туралы жазады. Оның ойынша, тәрбиенің негізінде белсенділік ұстанымы болуы қажет, тәрбиелеуге баланың өмірінің алғашқы жылдарынан бастап кірісу керек. Оқыту бағдарламасы білім алушыларға шамадан тыс қиындық алып келмеуі қажет, яғни олардың оқуға деген ынтасын жоғалтпауы қажет деп санаған.

Неміс педагогі Вольфганг Ратке (1571-1635) Еуропада алғашқылардың   бірі   болып   балаларға   арналған   оқулықтар мен оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік құралдар жазған. Педагогикалық ойдың дамуына капиталистік қоғамдық қатынастардың үлкен әсерін көрсете бастайды. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға деген қатынасын өзгертіп, олардың жаңаша мақсат айқындауға және таным мен білімнің мәнін түсінуге итермеледі.

XVII ғ. педагогі ағылшын философы Фрэнсис Беконның (1561-1626) идеялары да педагогиканың дамып, өркендеуіне маңызын тигізді. Оның «білім — күш» деген афоризмі, тәжірибеге аса мән беруі, шынайы әлемді эмпирикалық тұрғыдан тану мен білім берудің әдістемелерін жетілдіруге, дамытуға түрткі болды.

Сондай-ақ педагогикалық ойдың дамуына үлкен үлес қосқандар — орыс ойшылдары, философтары, педагогтарі. Киевтік Русьтің педагогикалық ойы славян пұтқа табынушылық дәстүрі мен шығыс православ христиандығының өзара әрекетінен туындаған. Русьте мэдениет пен ағартушылық ерекше тез дами бастады, 988 жылы христиандықты қабылдағаннан кейін XI ғасыр ежелгі орыс мәдениетінің кең танымал ескерткіші —«Поучение князя Владимира Монамаха детям» тұжырымы пайда болды. Монамахтың «Үйретуі» үш негізгі бағытқа бөлінді:

а) өз қызметтеріне қатысты адамгершілік көрсету;

э) орыс жерінің жауларымен күресте қайратты және батыл болу;

б) ғылымды сүю, кітаптық білімді құрмет тұту. Владимир Монамах құдайға тақуалықпен емес, ізгі істермен жағу керек деп жазған. В. Монамах «кітап іліміне ие» адамдарды еліктеуге тұрарлық деп айтқан.

Таным мен білім беру мәселелері басқа да ежелгі орыс ойшылдарымен өңделген (Иоанн Златоуст, Кирилл Туровский, Симеон Полоцкий, т.б.).

Педагогикалық ойдың дамуына үлкен үлес қосқан ұлы орыс ғалым-энциклопедисі Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) болған. Ол әртүрлі ғылыми, техникалық және мәдени бастаулардың көшбасшысы болған. Ломоносовтың қызығушылығы мен жобасы бойынша Москва университеті ашылған. Қоғамның, ең бастысы, ғылым мен ағартушылықтың дамуын көре отырып, М.В. Ломоносов ғылым академиясының дамуына оның жұмысын оқу-ғылыми мекеменің жұмысы ретінде кеңеюіне деген күресте көп күш жұмсаған. Ол ана тілде оқытуды жақтаған, орыс тілінің грамматикасы бойынша жазылған ғылыми еңбек соның иесінде («Российская грамматика»). М.В. Ломоносов алғашқы болып студенттерге орыс тілінде дәріс оқыған. Ол саналы, бірізді, жүйелі, көрнекі білім беруді ұсынады және, ең алдымен, ғылымилық принципті ұстануды ұсынды.

Ресейлік педагогикада өшпес із қалдырғандардың ішінде Н.И. Новиков (1744-1818) және А.Н. Радищев (1749-1802) болған.

Николай Иванович Новиков Ресейдегі ең бірінші балалар журналын «Детское чтение для сердца и разума» атауымен басып шығарған және ағартушылық позициясынан крепостнойлық тәртіпке қарсы күрес жүргізген. Ол алғаш болып орыс педагогикалық әдебиетте педагогиканы ғылым деп жариялаған. Тәрбиеде Н.И. Новиков бірнеше бағыттарды анықтаған: физикалық, адамгершілік және ақыл-ой. Олардың қосылысының негізінде адамның және азаматтың қалыптасуы мүмкін болады деген.

Александр Николаевич Радищев тәрбиедегі прогресті қоғамның әділеттілік пен халықтық бақыттың бастамасына қайта орнығуымен байланыстырды. Ол азаматтық тәрбиеге мән берген, білім берудегі сословиелікті жоюды және оны дворяндар, шаруалар үшін қол жетерліктей етуді талап еткен.

Сондай-ақ орыс ойшылдары, философтары және жазушылары В.Г. Белинскийдің (1811-1848), А.И. Герценнің (1812-1870), Н.Г. Чернышевскийдің (1828-1889), Н.А. Добролюбовтың (1836-1861) еңбектері кеңінен танымал болған. Гуманистік идеяларды ұлы педагогтар К.Д. Ушинский (1824-1870), Н.И. Пирогов (1810-1881), Л.Н. Толстой (1828-1910), К.Н. Вентцель (1857-1947) т.б. бөліскен болатын.

Орыс социал-демократтары әлемге өздерінің тәрбие мақсаттарының көріністерін ұсынды. Виссарион Григорьевич Белинский крепостнойлық тәртіпке және патша билігіне қарсы болған және осыны тәрбие мақсаты деп білген. Александр Иванович Герцен тәрбие мақсаты қоғамдық зұлымдықпен күресетін ерікті, адамгершілікті, әрекетшіл, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп түсінген.

Николай Гаврилович Чернышевский адамды табиғат жаратылысының ең жоғарғысы деп санаған, оның қызметі мен тәрбиесі, ең алдымен, әлеуметтік ортамен негізделген. Н.Г. Чернышевский: «Тұлға әртүрлі қоғамдық факторлар мен институттардың, шығармашылық пен әдебиеттің, жанұя мен мектептің әсері арқылы қалыптасады», — деген. Әлеуметтік өзгерістер жеке адамның, жалпы халықтың да мінездеріне өзгеріс енгізеді. Сондай-ақ Н.Г Чернышевский адам белсенділігіне көп мән берген, ал белсенділіктің қайнар көзі оны қажет ету және сол қажеттілікті сезіну болып табылады дейді. Осыдан әртүрлі, танымдық, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек және басқа тәрбие бағыттарының қажеттіліктеріне тоқталады және оларды тұлға қалыптастыруда маңызды шарт болып табылады деп санаған. Н.Г. Чернышевскийдің тәрбиеге және оқытуға деген көзқарастарын Николай Алексанрович Добролюбов бөліскен. Ол сол кездегі Ресейдегі білім алуға деген құқықтардың шектелуіне сын көзбен қараған, демократиялық позицияда болған және адамның табиғи ұмтылыстарын қанағаттандырудан тәрбие идеалын көрген. Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі — Николай Иванович Пирогов ол жалпыадамзаттық тәрбиенің мәні мен орнауы туралы алдыңғы қатарлы идеяларды ұсынған.

Константин Дмитревич Ушинский Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы деп есептейді. Ол әлеуметтік-саяси мәселелердің педагогикалық шешімін табуға бағытталған орыс ағартушылық дәстүрді жалғастырған. К.Д. Ушинский білім беруді демократиялауды, қоғамның барлық табының білім алуға деген тең қүқылығын жақтаған. Ол әлеуметтік-экономикалық жағдайлар тәрбие сипатын негіздейді дегенді дәлелдеген және тәрбие ұғымына мақсатты қызмет ретінде қарады. Тұлғаны тәрбиелеуде К.Д. Ушинский еңбекке үлкен мән берген. Оның ойынша, еңбек тұлғаның қалыптасуындағы бастапқы фактор болып табылады. «Тәрбие ұйқысыз қамқорлық көрсетуі керек, бір жағынан, тәрбиеленушіге әлемде пайдалы еңбек табуға мүмкіндік ашу, екінші жағынан, оған еңбектің сарқылмас шөлін түсіндіру», — деген ойын білдірген.

К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кспілі деп түсінген. Ол «Человек как предмет воспитания» және бастауыш мектептер үшін «Родное слово» оқулығын, оқытушылар үшін «Детский мир» әдістемелік оқу құралын жазған. К.Д. Ушинский педагогикалық антропологияны жазуға атсалысқан. Оның еңбектерінде дидактиканың, еңбек тәрбиесінің, мекгеп жүргізу ісінің маңызды мәселелері қарастырылады. Көптеген дидактикалық ойлары бүгінгі күні де өз мәнін жоғалтпаған. Ресейдегі еркін тәрбие теориясының және практикасының жарқын өкілдері Лев Николаевич Толстой және Константин Николаевич Вентцель болған. Л.Н. Толстой ашық алаңда шаруа балаларына арналған мектеп ашты, оның мақсаты дербестікті, баланың шығармашылық және танымдық белсенділігін дамыту сді. Ол балаларға арналған қызықты «Азбука» және «Жаңа азбуканы» жазды.

XX жүз жылдықтың педагогтаріның есімдерінің ішінде, яғни ресейлік білім беру мен тәрбиенің теориясын байытқандардан П.Ф. Каптеревті (педагогикалық процес туралы ілім), С.Т. Шацкийді (әлеуметтік педагогика), Н.К. Крупская (сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты, пионерлік қозғалысты ұйымдастыру), А.С. Макаренконы (ұжым туралы ілім), Л.В. Занков және Д.Б. Эльконин (дамыта оқыту теориясы), П.Я. Гальперинді (ақыл-ой әрекетінің кезеңі бойынша қалыптасу теориясы), И.Я. Лернер және М.Н. Скаткин (білім беру мазмұны мен білім беру әдістерінің теориясы), Ю.К. Бабанский (оқу процесін тиімдендіру теориясы) т.б. атауға болады.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымын қүру принциптерін және педагогикалық басқаруды практикада ұсынып және тексеріп көрді, еңбектік және жанұялық тәрбиенің әдістемесін, саналы тәртіптің қалыптастыруын жасап шығарды.

«Педагогика» оқулығы кешенінің бірінші авторлары П.П. Блонский (1884-1941) және А.П. Пинкевич (1884-1939) болған, ол жерде социалистік мектептің міндеттері қойылған және шешілген.

Педагогикалық теория мен практикада жаңа құбылыстар «хрущевтық жылымық» кезеңінде 50-жылдардың екінші жартысында 60-жылдардың басында пайда болды. Бұл кезеңде педагогтардың білім-тәрбиелік практиканы байытқан жаңашыл іс өріс алды. Айтарлықтай үлес қосқандар В.А. Сухомлинский, И.П. Иванов, Э.Г. Костяшкин, К.Н. Волков, С.Л. Гуревич, кейіннен И.П. Волков, Ш.А. Амонашвили, Н.П. Гузик, т.б.

Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) жастарды тәрбиелеудің моральдық мәселелерін зерттеген. Оның көптеген дидактикалық кеңестері бүгінгі күнге дейін педагогикалық ой мен білімді жаңаша маңыздандыру кезінде де өз мәнін сақтауда.

Кеңес дәуіріндегі 80-жылдары басталған қайта құру адамзат әрекеттерінің барлық сфераларын жанап өтті: саяси жүйені, мемлекеттік күрылымды, өнегелі қүндылықтарды, құқықтық нормаларды, мәдени мұраны, халықаралық қатынастарды, халықтық білімділікті. Білімді қайта құрудағы басты мәселе — педагогикалық ойлаудың өзгеруі, оның мәні авторитарлықтан демократиялыққа қайта бағытталу. Жастардың оқуы мен тәрбиелеуін жетілдіру демократиялық педагогика негізінде төмендегілерді білдіреді:

—  адамның жеке басын оқу-тәрбие процесінің базалық компоненті, оқыту мен тәрбиенің объекті және субъекті деп мойындау;

—  өзара сенім мен сыйластық негізінде құрылған адамдар арасындағы адамгершілікті қатынас;

— оқу-тәрбиелік ұйымдастыруына деген іс-әрекеттік көзқарас;

— адамның өзін-өзі көрсетуі үшін, өзін-өзі еңбектендеру үшін жағдай жасау.

Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-утопистер және гуманистер білім беру және тәрбие туралы (қайта өрлеу дәуірі XIV-XVI ғғ.) ойлары төмендегідей сипат алған.

Франсуа Рабле (1494-1553)

Негізгі еңбегі: «Гаргантюа және Пантагрюэль».

Негізгі идеясы: шығармашылық белсенділік, өзіндік ойлауды дамыту, жан-жақты білім алу идеясын ұсынған. Тәрбиеге дене (жүгіру, күрес, секіру, шомылу, гимнастика, ат үстінде жүру, т.б.), эстетикалық (музыкамен айналысу, аспаптарда ойнай білу, ән айту) және адамгершілік (дін және еңбек) тәрбиесін қосады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы: оқу құралы. Ж.Р. Баширова, Р.К. Бекмағамбетова, Н.С. Әлқожаева, Н.С. Жұбаназарова, Ұ.Б. Төлешова. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 248 б.

#Қайта #өрлеу #дәуіріндегі #педагогикалық #идеялар

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз