Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар, технологиядан сабақ жоспары

0

Сабақ тақырыбы: Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру.
2. Қағаздың бүктеу тәсілдерін үйрету, бүктелген үшбұрыштарды құрастырып бейнеге айналдыру барысында икемділігін, шеберлігін дамыту.
3. Эстетикалық талғаммен ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктер: дайын бұйымдар, нұсқау карта, мақал — мәтелдер, суреттер.
Керекті құрал — жабдықтар: екі түсті қағаз А — 4, қайшы, дәптер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі:
— Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар жасау. Қайшымен жұмыс жасайтын еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік. Сабағымыздың негізгі мақсаты: қағазды тең бөліктерге бөліп бүктеп, құрастырып бұйым жасау. Қағазды бүктеп бейнеге айналдыру өнерін – оригами деп атайды. Бұл өнер Жапонияда пайда болған. Жапондықтар қағазды қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тапқан.
Қағаз

Жазу жазады
Бүктеу арқылы бұйымдар жасайды
Кескіндемелер салады
Ыдыс — аяқтар жасайды

Оригами өнеріне қағаз парақтарын желім пайдаланбай — ақ бейнені бүктеу арқылы жасау тән. Осы өнерді игеру арқылы кез — келген бейнені жасап алуға болады. Мына суреттерге назар аударайық. Қағаздан түрлі бұйымдар дайындалған: торт, аққу, айдаһар, шырша, аяз — ата, қоян, үкі. Бұл бұйымдарды сувенир ретінде мерекелерде сыйға тартуға болады.
— Сарамандық жұмыс: үкінің бейнесін құрастыру.
І сызба. Қағазды бүктеу тәсілдер,.
ІІ сызба. Құрастыру тәсілдері
— Бұл жұмысқа екі түсті қағаз пайдаланылады. Барлығы 430 үшбұрыш дайындалады. Енді жасалу ретіне тоқталамыз.

1. Қағазды көлденеңнен ортасынан 2 — ге бүктейміз.
2. Тігінен ортасынан 2 — ге бүктейміз.
3. Екі бұрышын ортаға бүктейміз.
4. Қағаздың екі аяқ жағын бүктейміз.
5. Екі бұрышын бүктейміз.
6. Үшбұрыш дайын
— Осы үшбұрыштарды алдын ала дайындап аламыз. Үкіні құрастыру үшін 1 қатарға 20 не 30 үшбұрыш керек. 2 қатардан бастап, 1 ақ үшбұрыш қосамыз. Келесі қатар осылай жалғаса береді. Дайын болған бұйымды ортаға қоямыз.
Сергіту сәті:
Мақал — мәтелдердің ұйқасын табу керек.
Жұмысты әрі қарай жалғастыру, әр оқушыға жекелеп көмек көрсетіп, жұмыс жасау барысын бақ
ылау.
Бекіту сұрақтары:
1. Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті?
2. Оригами өнері деніміз не?
3. Бұл өнер қай елде пайда болған?
4. Қағаздан тағы да қандай бұйымдар жасауға болады?
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!