Қағаздан гүл жасау — Еңбек — Bilim

0

Қағаздан гүл жасау

«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ

Еңбек пәнінің мұғалімі Мауиенова Анар Салимовна

Тақырыбы: Қағаздан гүл жасау

Мақсаты: Оқушыларға қағаздан гүлдер мен өрнектер құрастыруды үйрету. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қағаздан гүл жасау.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз. Оны схемеда көрсетілгендей (1) етіп әрлейміз. Өсімдіктің аталығын (2) жіңішке сым темірден жасауға болады. Өсімдік аталығы табиғи түрде ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз. Содан кейін барлық үш дөңгелекті (3) гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз. Сабақты (5) жасыл түсті жұқа қағазбен ораймыз. Жапырақ (4) сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.

Өзіңе ұнайтын гүл құрастыр. Сергіту сәттері.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап беру.

– Моншақтан гүлдер мен өрнектер құрастыру үшін қандай заттар қажет?

– Бисер дегеніміз не?

– Олардан нелер жасауға болады? Техника қауіпсіздік ережесін қайталау(қайшы, ине)

Өздік жұмыс: Ұсақ моншақтардан гүлдер мен өрнектер құрастыру.

V. Қорыту: — Бүгін сабақта не істедік?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 35-36 бет оқу, балық жасау.

VІІ. Бағалау.





http://www.bilim-all.kz/