Қадыр Мырза Әли — ақын слайд,презентация — Әдебиет

0

Қадыр Мырза Әли — ақын  слайд,презентация

 

 

 

Мақсаты: а) Білімділік:  Қимыл, іс — әрекеттің болу — болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу; оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. 
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту көркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді.
Жан — жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Ой тастау. Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс — әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады? Ал енді бұл сөйлемдердегі іс — әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?
Демек, іс — әрекеттің жүзеге асу — аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді. Болымды етістік қимыл, іс — әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы, келді, жүрді, сөйледі т. б. Болымсыз етістік қимыл, іс — әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді. Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық. 1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге – ма, — ме, — ба, — бе, — па, — пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б. 2. Етістіктің есімше тұлғасы мен «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б. Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: сказал — не говорил, писал – не писал, спала — не спала. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, «не» предлог арқылы жасалады. Сондай — ақ болымсыз етістік жұрнақтары зат есім тудырушы жұрнақтармен омонимдес болып келеді. Оларды қалай ажыратуға болады? Болымсыз етістік жұрнағына екпін түспейді, ал зат есім тудырушы жұрнаққа екпін түседі. Мысалы, көр — ме, көр+ме, шал+ма,

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!