Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар
Ф.4.7-006-01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты
Психология және дефектология кафедрасы
Психология тарихы пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Психодиагностиканың даму тарихы
Орындаған: Нурлыбаева Ж.
Тобы: ЗФК 04-3к1
Қабылдаған: Ахметова А.К.
Шымкент 2008
Жоспар
1.Психодиагностика туралы түсінік
2.Психодиагностиканы жүргізу жолдары
3.Психодиагностикалық жұмыстарды ретке
келтіру қажеттілігі.
4.Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби
этикалық талаптар
КІРІСПЕ
Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика
ұғымы медецинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықта
және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады,
ал психологияда бұл термин он тоғызыншы ғасырдан бері кеңінен пайдалануда.
Психодиагностика (грекше — жан, — тануға қабілетті, танып білу)
психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық
қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан
бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі
бағытта дамуда.
Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады. Біріншісі –
психодиагностика адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық
ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын
психологияның ғылыми саласы. Бұл анықтама бойынша психодиагностиканың
негізгі мақсаты – психологиялық диагноз қоюға пайдаланылатын ғылыми жағынан
тексерілген, сенімді және нақты әдістемелер мен психодиагностикалық
құралдар жасау.
Психологиялық диагноз қою – бұл бір-бірімен байланысты психологиялық
қасиеттер мен күй-жағдайлар комплексін-динамикасын, қабілетін,
мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін құрылымдық жағынан талдау
жасап бейнелеу. Зерттеу нәтижесінде анықталған диагнозға сүйене отырып
зерттелген қасиеттерді жетілдіру, өңдеу және дамыту туралы нұсқаулар
жасалады.Сондықтан психодиагностиканың екінші бағытының мақсаты келесі
түрде анықтауға болады: психологтардың жүйелі жүргізген зерттеулері
көмегімен балалар, оқытушылар, тәрбиешілер, ата-аналар, т.б.
зерттенушілердің, жеке даралық психологиялық даму ерекшеліктері туралы
толық мәлімет жинап, оның психологиялық бейнесін құру, олардың өмір
сүретін әлеуметтік топтарының құрылымдық және қарым-қатынастық
ерекшеліктерін анықтау. Сондықтан бұл бағыттағы психодиагностиканың алдына
келесі мәселелердішеш талап етіледі.
1. Психодиагностика жүргізетін психологтың кәсіби даярлығына қойылатын
талаптарды анықтау;
2. Психологтың кәсіби қызметін атқаруға қажетті білім, іскерлік және
дағдылар қызметін анықтау;
3. Психологтың психодагностикалық әдіс-тәсілдерді меңгергендігінің
көрсеткіштерін анықтау;
Теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу бір-бірімен тығыз
байланысты жүреді. Жоғары білікті маман болу үшін психолог
психодиагностиканың осы екі бағыттағы білімдер психологжұмысында бір-
бірімен ұштастырылып, кеңінен пайдаланылады.
Психодиагностика психологияалық қызметтің барлық бағыттарының
негізін құрады: білім беру жүйесінде психодиагностикалық
зерттеулердіжүргізу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойының жеке тұлғалық
қасиеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысында, оқу-тәрбие процесін
жетілдіру және педагогтар мен ата-аналарға балаларды тәрбиелеудегі орын
алатын қайшылықтарды шешу жолдарын анықтауға көмектесуде, психокоррекциялық
жұмыстарды ұйымдастырғанда психодиагностикалық зерттеу нәтижелеріне
сүйенеді. Әлеуметтік ортада психологиялық қызметті ұйымдастыруда да
психолог жұмысы психодиагностикалық зерттеулерге негізделіп жүргізіледі.
Жеке тұлғаның әрбір психологиялық қасиеттері бір-бірімен өзара
байланысты және олар үнемі даму үстінде болады. Сондықтан
психодиагностикалық зерттеулердің басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты
және үйлесімді дамуына ықпал жасау болып табылады. Сондықтан барлық
психологиялық қызмет көрсету жағдайларында психодиагностика алдында келесі
міндеттер тұр:
1. Зерттелініп жатқан адамда психологиялық қасиеттің бар екендігін
анықтау;
2. Анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін сандық және
сапалық көрсеткіштермен бағалау;
3. Диагностикаланған психологиялық қасиеттің және мінез құлқының
көрініс беру ерекшелерін талдап сипаттау;
4. Даму деңгейін салыстырмалы түрде талдау арқылы оның нормасы мен
ауытқуларын анықтау;
Психодиагностиканың осы аталған міндеттерінің әрқайсысы жеке-дара
немесе бір-бірімен ұштастырылып шешіледі. Олардың қайсыбірін шешкенде де
нәтижелерін талдауға математикалық және статистикалық талдау әдістерінің
элементтері міндетті түрде пайдаланады.
Психодиагностика – арнайы даярлықты талап ететін психологиялық қызмет
көрсетудің өте күрделші бір бағыты. Психодиагностика жүргізуге қажетті
білім мен іскерліктің, әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланып, зерттеу нәтижесін
талдаудың өте күрделі және қиындығына байланысты бұл қызмет арнайы
біліктілікті және мамандандыруды талап етеді. Сондықтан тәжірибеленуші
психолгтар арасында психолог-диагност, кеңес беруші психолог деп бөлінеді.
Психологтар арасындағы осындай жіктелу олардың біліктілігін арттыруға, өз
бағытында кәсіби шеберлікке жетуге мүмкіндік береді.
Психологиялық мамандықтар ішінде психодиагностика себепсіз бірінші
орында тұрған жоқ. Психологиялық қызмет көрсетудің қай саласын алып
қарасақ та барлық мамандар өз жұмысын психологиялық диагноз қоюдан
бастайды. Психодиагностикалық қызметті атқарушыларға қоылатын қатал
талаптар бар. Бірінші талап-психологтың теориялық білімі терең болуы.
Барлық пайдаланылатын психодиагностикалық әдістер қандай теориялық
қағидаларға негізделгенін және жиналған мәліметтерді сол теория тұрғысында
талдау жолдарын меңгерген болуы керек. Мысалы, прективтік әдістерді
пайдалану құзырлықпен пайдалану үшін психоаналитикалық теорияларды жақсы
меңгеру керек. Онсыз психодиагностикалық тұжырымдар зерттелінушінің жеке
тұлғалық қасиеттерін дұрыс талдау және ерекшеліктерін толық ашып көрсету
мүмкін емес.
Психодиагностиканың ғылыми – теориялық негіздері
Ұзақ жылдар бойы психологияда адам жанының сырын өзін-өзі байқау
әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді. Бұл әдіс “адам жаны” ерекше,
ол өзінше өмір сүреді деген қөзқарасқа негізделеді. АҚШ психологы
Э.Титченердің айтуынша, егер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, олар
сондай ортада өмір сүрсе, солардың қылығын жасар еді. Дегенмен, адамдар
хайуанаттарды адамға тән саналы әрекетке үйрету арқылы оларда да адамдық
қасиеттерді туғыза алар еді деген. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі
көмегімен адам санасы мен әрекетін бірлікте зерттей отырып, адамның өзін-
өзі басқару арқылы өз іс-әрекетімен қылығына есеп бере алатын дәлелдеуді
талап етпейді. Сондықтан адамның психодиагностикалық қасиеттерін зерттеуге
пайдаланылатын әдіс-тәсілдер адамның саналы әрекеті барысында қалыптасатын
және адам өмір тіршілігі барысында өзгеріп тұратын қасиеттерді бағалайтын
болуы керек.
Психодиагностика пайдаланылатын әдістер стандартталған және
эксперттік-клиникалық деп бөлінеді.
Стандартталған әдістерді қысқа мерзім ішінде көптеген адамдарды,
топтарды зерттеп, оларға психологиялық қызмет көрсету мазмұнын анықтау
қажет болағанда пайдаланылады. Стандартталған әдістер көмегімен жиналған
мәліметтердің сенімділігі жоғары және бұл әдістер субъективтік факторлардың
әсеріне төзімді болады. Сондықтан зерттеу нәтижелері оны жүргізген адамның
құзырлылығына, кәсіби шеберлігіне тәуелді емес.
Психодиагностикада пайдаланылатын әдістер формальдандыру деңгейіне
байланысты аз формальдандырылған және жоғары формальдандырылған деп
бөлінеді. Аз формальдандырылған әдістерге байқау, әңгімелесу, интервью
жүргізу, іс-әрекет нәтижелерін талдау жатады. Бұл әдістер көмегімен
адамдардың жағдайға байланысты эмоциясын, ренжу, қайғы-қасірет жағдайындағы
мінез-құлық көрсету ерекшеліктері, қарым-қатынас мәдениеті, т.с.с. жеке
тұлғалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұл әдістердің нәтижесі ақиқатқа сай
болуы зерттеу жүргізген психологтың шеберлігіне тікелей байланысты. Мұндай
зерттеулер ұзақ уақыт ішінде жүргізіледі және пихологтан шыдамдылықты, көп
күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан аз формальдандырылған әдістерді жоғары
формальдандырылған әдістермен ұштастырып пайдаланған зерттеудің нәтижелі
болуын қамтамасыз етеді. Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық
принциптер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарына орай
негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп
қарастырылады. Мысалы, оқушылардың мамандықтарды игеруге бейімділігін
анықтау үшін арнайы жасалған тест негізгі әдіс деп саналса, ал ссол
оқушының өз қолымен жасап шығарған затын, оқу процесінде пайдалануға
болатын көрнекі құралдарын зерттеуді көмекші әдіс ретінде қарастыруға
болады. Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да
мүмкін. Мысалы, оқушының орындаған жазба жұмысы оның белгілі пәнді
меңгеруін анықтаудың негізгі әдісі болып саналады.
Психологикалық қызмет көрсету барысында оқушылардың мінез-құлық
ерекшеліктерін олардың жас кезеңдеріне байланысты анықтау үшін жүргізілетін
зерттеулер психодиагностикалық минимум шеңберінде және жеке дара
диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар,
кейбір оқушыларға педагогтардан, ата-аналардан шағым түскенде, немесе басқа
нақты фактілерге байланысты кейбір оқушыларды және олардың отбасындағы
психологиялық жағдайды жеке-дара талдау қажет болғанда оқушылардың мінез-
құлқында көрініс берген ерекшеліктер қай кезде басым көрінетіндігін
анықтау үшін жүргізіледі. Осы жағдайларға байланысты зерттеу клиенттің жас
кезеңдеріне сай жүргізіледі.
Психологикалық қызмет көрсету жұмысын ретке келтіріп, оларды жүйелі
ұйымдастыруға негіз болатын іс-шаралардың ішінде маңыздылардың бірі –
пайдаланылатын психодиагностикалық әдістемелерді ретке келтіріп алу. Бұл
жұмысты мектепке қабылдау кезінде балалардың мектепке оқуға даярлығын
анықтауға арналған психодиагностикалық альбом жасау, барлық мектепте оқитын
кезеңдерде пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді жеке-жеке топтастырып жинақтау
жұмыстарынан бастау қажет. Жинақталған материалдарды “Мектепалды тобы”,
“Бастауыш сынып оқушыларының таным прцестерін зерттеу және дамыту
әдістемелері”, “Орта буын оқушыларының таным процестерін зерттеу тестері”,
“Орта буын оқушыларының жекелік қасиеттерін зерттеу тесттері”,
“Жеткіншектердің агрессия және акцентуациясы көріністерін бағалау
тесттері”, “Жоғары сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттерін зерттеу
тесттері”, “Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау мотивациясын зерттеу
тесттері”, т.б. психологиялық қызмет салалары бойынша топтастырып
жинақтаған ыңғайлы болады.
Білім беру саласындағы психологиялық қызмет жүйесінде
психодиагностиканың өзіне тән белгілі бір ұстамдық ерекшеліктері бар.
Көптеген психологтардың зерттеулерінде психодиагностика екі құрамды
бөліктен тұрады. Біріншіден ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-
тәжірибелікпсиходиагностикасынбір-б ірінен ажырата білудің өте қажет
екендігін көрсетеді. Өйткені ғылыми-зерттеу психодиагностикасы психикалық
дамудың белгілі бір заңдылықтарын қалыптастыруға бейімделсе, ғылыми-
тәжірибелік психодиагностика белгілі бір психологиялық қасиеттің пайда болу
мен оның даму ерекшеліктерін зерттеу арқылы оның орын алған себептерін
ашу, яғни нақты сұраққа жауап беруге бағытталған. Білім беру саласындағы
психодиагностика педагогикалық мәселемен тығыз байланысты. Сондықтан да
бірқатар психологтар оны психолого-педагогикалық диагностика деп атайды.
Білім беру саласындағы психолог жүргізетін психодиагностиканың ерекшелігі
–балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін және психодиагностика
даму динамикасын анықтау әдістері пайдаланады.
Сонымен қатар ол баланы оның қылықтарын пайда болу жиынтығы ретінде
статистикалық тұрғыдан қарастырсақ еш уақытта адамдық тұлғалықты аяғына
дейін түсінбейміз деп ескертеді. Сондықтан, баланың психологиялық дамуын
диагностикалағанда оны толық және жан-жақты даму контекстінде зерттеп, оның
жетекшілік сипаттамаларын немесе психикалық функцияларын жас
ерекшеліктерімен ұштастырып қарау керек.
Психологиялық қызмет шегінде психодиагностика психокоррекциялық
жұмыстармен қатар жүреді. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету жұмысы
диагностикалы-коррекциялық бағытта жүреді. Психологтың диагностикалық-
коррекциялық бағыттағы жұмысы өте күрделі, ол психолог-практиктің арнайы
кәсіби іскерлігінің дамығанын талап етеді. Мысалы, психологиялық тест
көмегімен жүргізген зерттеу нәтижесі болу үшін, ол әдістерді пайдалану,
адамдармен диагностикалық жұмысты атқару психологтың этикалық принциптерін
сақтай білетін және тұлғаның қажетті қасиеттері мен арнайыпсихологиялық
біліктілікті меңгерген адамның қолында болуы керек.
Диагностика жасаудың методологиясы
Диагностикалық және коррекциялық әрекет құрылысы әлі толық
анықталмаған. Оны алғаш рет Л.С. Выготский өз еңбектерінде қиын балаларды
зерттеу нұсқасы ретінде мектеп психологияларының психодиагностикалық
жұмысының үлгісі жасалған. Оның ұсынысы бойынша диагностикалық-коррекциялық
жұмыс келесі кезеңдерден тұрады:
-Тәжірибелік ұсыныстарды талдау;
-Психологиялық мәселені белгілеу;
-Бақыланып отырған нәрселер туралы болжамды шығару;
-Зерттеу әдістерін таңдау;
-Әдістерді қолдану;
-Баланың ары қарай дамуы туралы болжамнан тұратын психологиялық диагнозды
белгілеу.
Болжам екі бағытта жүзеге асырылуы керек:
а)бірінші бағыты – баламаен қажетті психологиялық көмек көрсету жұмыстары
өз кезегімен жүргізілуге бағытталған;
ә) екінші бағыты – арнайы психологиялық коррекция жұмыстарын жүргізуді
көздейді.
б) оқушылармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыс пен кеңес берудің
нұсқаларын жасау;
в) осы бағдарламаларды жүзеге асыру, оның орндалуын байқау.
Осы аталған кезеңдердің ішіндегі зерттеу әдістерін дұрыс таңдау-ең күрделі
кезеңнің бірі. Дәл осы жерде тәжірибелік психодиагностиканың спецификасы
анық көрінеді. Диагностикалық –коррекциялық әдістер туралы сұрақтар
көптеген ерегістермен қарама-қарсы мәселелерді туғызып отыр.
Психодиагностиканы тәжірбиеде қолдану әдістерін, оны пайдалану жолдары мен
тәсілдерін, психодиагностика барысында жиналған мәліметтерді
интерпритациялау мен қортындылау нәтижесінде зерттелген адамды жаңадан
бағалауға алып келеді.
Сапасын өлшеу-анықталған норма деп алынған сан көрсеткішімен
салыстыра отырыпөлшеніп жатқан қасиеттің нормаға сай келетінін немесе ол
нормадан жоғары және төмен қарай шашыранқы орналасқан көрсеткіштердің норма
шегінде екендігін көрсету мүмкіндігі бойынша оның диспресиясын анықтау,
сонымен қатар, статистикалық заңдылықтарды шығару.
К.Роджерс өз еңбектерінде белгілі бір ағымды немесе зерттеу
әдісін”өте жақсы” немесе бірден-бір дұрыс деуге болмайтындығын көрсетеді.
Пайдаланылатын әдістемелердің әртүрлілігі диагностикалау нәтижесіне жаңа
мағына беру мүмкін. Классикалық психологияда қалыптасқан әдістемелерді
қолдану ерекше модификацияны талап етеді, өйткені олар белгілі бір адамның
психологиялық ерекшеліктерін толық білуге бағытталмаған. Оның үстіне мұндай
әдістемелерді пайдаланып психодиагностикалық зерттеу жүргізу және
нәтижелерін қорытындау ұзақ уақытты алады, сондықтан оларды психологтан
күнделікті шешуді талап етіп отырған көптеген мәселелерді талдауға қолайсыз
болып табылады.
Б.Я.Личко өз зерттеулерінде психологиялық қызмет көрсету барысында
кеңінен пайдалануға болатын, біршама тиімді және жаралауы болып табылатын
диагностикалық әдістер модификациясын жасау арқылы тез де жалпы қолдануға
болатын экспериментальдық әдістерге өту керектігін көрсетеді. Сонымен
қатар, ол жеке адамды зерттеуге арналған шетел әдістерін машықтандыруда
оның тек қана басқа тілден аударып қана қоймай, немесе тесттің бір бөлімін
алып тастап, оны пайдалануға ұсынбай, тестті жаңадан жан-жақты тексерген
дұрыс деп табады. Кез-келген стандартты әдістемелерді қолдануға тағы бір
кемшіліктің бірі — тестің дайын нәтижесіне сүйене отырып, диагностиканың
оңай да нақты қойылуында. Өйткені тәжірбиесі таяз психолог жүргізген
зерттеуі барысында алынған нәтижені стандартты әдістеменің кілтімен сай
бағалау барысында диагноз өз-өзінен толық анықталады. Деп түсінуі мүмкін.
Сондықтан да тест әдістемелерін жақсы білудің өзі бала дамуының
динамикасын, жеке тұлға дамуында орын алатын түрлі көрсеткіштердің бір-
бірімен ұштасқандағы үйлесімдігін, олардағы қарым-қатынас пен мінез-құлықта
көрініс беру комплшекстерін өте дұрыс интерпритациялау және терең
психологиялық түсінуге негіз болады.
Мысал ретінде ол психолог Сара Велинскийдің жарыққа шықпаған
зеріттеуін ұсынады. Бұл зерттеуде оқу барысында қиындықтарға кездесіп
отырған 14 жасар баланың мінез-құлқы баяндалды. Байқау нәтижесі баланың
мінез-құлқының 40 формасының бар екендігін көрсетті. Зерттеу бір баланың
басқа адамдармен қарым-қатынас барысында түрлі жағдайға байланысты мінез-
құлықтың түрлі формалары, яғни дұрыс мінез-құлықтан, ауру, дұрыс емес
ретінде жіктелетін деструктивті мінез-құлыққа дейін көрініс беріп отырғанын
және мұның себептерін дұрыс түсіну үшін, психолог байқау нәтижесімен бала
туралы жеке пікірін тест және басқа объективті әдістемелер нәтижесімен
байланыстыра білуі керек екендігін көрсетті.
Әдістемелерді қолдану үшін түрлі типтегі әдістемелерге қойылатын талаптарды
жақсы білу керек. Ол талаптар келесі … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz