Психикалық дамуы тежелген балалардың тілдік дамуының ерекшеліктері

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Психикалық дамуы тежелген балалардың тілдік дамуының ерекшеліктері

Автор: Нұрбекқызы Гаухар

Бағыты: Логопед, дефектолог Бөлімі: Презентация Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-16



Материал туралы қысқаша түсінік

Логопед және дефектолог мамандарға көмегі тиеді.







1 бет

Психикалық дамуы тежелген балалардың тілдік дамуының ерекшеліктері
«Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ
Баяндама
Тақырыбы:
Дайындаған: мұғалім-логопед Нұрбекқызы. Г

2 бет

Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз — оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.
Психикалық дамуы тежелу– психикалық даму қарқынының қалыпты дамуының бұзылысы, оның салдарынан мектеп жасына келген бала мектепке дейінгі жастағы шеңберде, ойынға қызығушылықта қалуын айтады.

3 бет

Психикалық дамуы тежелген балаларға тән белгілер: Тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;Сезім мен еріктің жетілмеуі; Жалпы мәлімет пен елестету қорының шектелуі;Сөздік қорының жеткіліксіздігіИнтеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;Ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;Қабылдаудың баяулауы;Сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;Ақыл – естің барлық түрлерінің бұзылуы;Өзін – өзі бағалау деңгейінің төмендігі

4 бет

 Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліне қысқаша сипаттамаПДТ балалардың тіл байлығы, әдеттегі балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде. Сөздік қорында бар сөздердің өзін қолданғанда, олар көбінесе қате жіберіп, сөз мағынасын толық түсінбейтінін көрсетеді. ПДТ оқушылардың cөздің грамматикалық құрылымын меңгеруі  әлсіз, олардың сөйлеу тілінде грамматикалық конструкцияларды дұрыс қолданбауы жиі кездеседі. Бұл балалардың сөйлеу тілі, күнделікті қарық-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады. ПДТ балалардың сөйлеу тілінде лексика және грамматикалық қатардың өрескел бұзылуы болмайды, дегенмен бұл балалардың сөйлеу тілі байланыссыздықпен, логика, нақтылық, анықтылықтың жоқтығымен ерекшеленеді, олар өз ойларын дұрыс жеткізуде қиналады. Бұл балалардың сөйлеу тілінің, сөздік қорының және грамматикалық үйлесімнің аздығымен ерекшеленеді, олардың фонематикалық есту қабілеті толыққанды жетілмеген. 

5 бет

Зиятында ақауы бар балаларда сөйлеу дамуының баяу темпі байқалады және сөйлеу бұзылысы көп таралған. Сөйлеу бұзылысы қыздарға қарағанда, ұлдар көп кездеседі. Психикалық дамуы тежелген балалардың көбісінде импрессивті және экспрессивті сөйлеу: ауызша және жазбаша сөйлеуі бұзылған.

6 бет

Психикалық дамудың тежелуінде сөйлеу тілі бұзылыстары
Фонематикалық жеткіліксіздік, дауыссыз дыбыстарды артикуляциялық ұқсастықтары және акустикалық белгілері бойынша дыбыстардың орнын ауыстыру қателігі

Дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады, сөзді қабылдауы және ритмін қайталауы бұзылған
Балалар берілген қалыпта тілді ұстап тұруда, бір артикуляциялық қалыпта екіншіге ауысуда қиналады
Сын есімдерді меңгеруі қиын. Заттарды сипаттағанда ПДТ балалар орта есеппен екі-үш сын есімді қолданады

8 бет

Оқушының сөйлеу тілін мінсіздендіргенде немесе қалыптастырғанда сөйлеу тілінің дұрыстығына, анықтығына, нақтылығына үлкен мән беру керек. Оқушының байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда, мінсіздендіруде халық ертегілерінің алатын орыны ерекше. Сол ертегілердің негізінде көрініс қою, әңгімені сахыналау байланыстырып сөйлеу тілін дамытады. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Психикалық дамуы тежелген оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдануда төмендегідей негізгі жағдайлар ескерілуі қажет:аталған халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет;кемістік түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс;балалардың қызығушылықтары да назарда болуы керек;

10 бет

Қорыта келгенде, психикалық дамуы тежелген баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Баланың кемістігі күрделенген сайын, мұғалімнен аса табандылық, педагогикалық шығармашылық, шеберлік талап етіледі. Баланың сөйлеу тілін дамытуды мақсат етіп, жұмысымызда әртүрлі әдіс тәсілдерді, қолданып, нәтижеге қол жеткізетін эксперименттер жүргізуден қорықпайық. ПДТ баланы тәрбиелеудегі негізгі мақсатымыз – осы балаларды еңбекке үйрету, сөйлеу тілін жүйелі ету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру.

11 бет








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.