Present Perfect ережесі қазақша
Present Perfect ережесі қазақша қазіргі шақтың бір түрін белгілейді. Бұл шақ мына екі жағдайда қолданылады:
1) казіргі мезетке дейін аяқталған іс-әрекеттер болғанда, мысалы I have played — мен ойнадым,
2) не казіргі уақыт аралығын қамтыған период ішінде аяқталған оқиғаларға, мысалы I have finished reading “Hamlet” this week, мен «Гамлет» кітабің осы аптада оқып шықтым. Қашан? Осы аптада, апта бітті ме? Жоқ!
Present Perfect құрылу жолдары
Болымды сөйлем:
I have played | We have played |
You have played | You have played |
He / she / it has played | They have played |
Сұрақ қою:
Have I played? | Have we played? |
Have you played? | Have you played? |
Has he / she / it played? | Have they played? |
Теріске шығару:
I have not played | We have not played |
You have not played | You have not played |
He / she / it has not played | They have not played |
Present Perfect қолдану жолдары
Present Perfect болған оқиғаның өзі ғана маңызға ие, ал оқиға болған уақыт және себептер маңызды болмаған жағдайда:
I have been to London — мен Лондонда болдым. Қашан болдым? Не үшін сол қалаға бардым деген сұрақтар қойылмаған. Оқиға болған уақыт маңызды болса және бұл уақыт аралығы аяқталса Past Simple ережесі қолданылады:
I went to Almaty last year — мен Алматыда өткен жылы болдым.
Оқиға баяғыда басталып, бірақ әлі күнге дейін аяқталмаса:
I’ve studied English since childhood — мен ағылшын тілін балалық шақтан бері үйреніп жатырмын.
Present Perfect ережесі қазақша дегеніміз осы!
Пән: Ағылшын тілі