Практикалық психологияның негізгі әдістері | Скачать Реферат
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
реферат
Тақырыбы:
Психология тарихындағы қолданбалы және практикалық психология салаларының
дамуы
Орындаған: Педагогика және
психология мамандығының 3 курс
студенті Тажбаева А.Н.
Тексерген: Қадыржанова Ж.Е.
Орал, 2014
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Психологияның пәні және оның міндеттері
2. Психология тарихындағы қолданбалы және практикалық психология
салаларының дамуы
3. Практикалық психологияның негізгі әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің
сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен
функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-
кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады,
қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей
жағдайда саясаттық және теологиялық.
Адам — психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны.
Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның,
сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің
негізі ретінде зерттеу.
Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші
қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті әрекет
үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан ритмді, бояуды,
жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды (линияларды) жоғары
дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық
сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге
көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір
құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау және
типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй
және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай
қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.
Негізгі бөлім
1. Психологияның пәні және оның міндеттері
Адам — көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат
өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында
психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа
адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның
зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары,
үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның
ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін
қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың
амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады.
Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық
факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің
ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері»
еңбегінде (1940) былай деп жазды: «Психология зерттейтін құбылыстардың
арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі
мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар,
ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады…». Психиканың
алғашқы сипаттамалық ерекшелігі — жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының
болуы — тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен
қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да
зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей
қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл
сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің
күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай
психологиялық трактат алмастыра алмайды.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не
кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру
үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы
ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу
қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да,
келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-
жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері,
философиялық ой ретінде кездеседі.
XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз
психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп
психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде,
философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік
әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі
айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның
қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.
Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани
бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық,
тумайтын әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар
мен үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде немесе қандайда бір
«абсолютті рух», «жаратылыстық ерік», «идеялар» сияқты жұмбақ құбылыстар
ретінде қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым
күштердің — адам туған кезде тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін жан мен
рухтың әрекеттері деп тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста
болған кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын
жіңішке ерекше дене немесе тіршілік иесі деп түсіндірілді. Дін пайда болған
кезде, жан тәннің өзіндік көшірмесі, адамды тастап кеткеннен соң мәңгі өмір
сүретін қандай да бір «басқа дүниемен» байланыста болатын, денесіз және
өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла бастады. Осының негізінде
идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің қайнар бұлағы, ал табиғат,
материя — екінші, идеядан, санадан, рухтан туындайды деп тұжырымдайтын
философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда болды.
2. Психология тарихындағы қолданбалы және практикалық
психология салаларының дамуы
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің
көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму
үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып —
үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық
көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми
бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты
өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып,
психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф. Ломов
«Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» деген еңбегінде
қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта
«психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын
өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп айтты. Психология зерттейтін
құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі — сезім
мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан
бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен
қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті
зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеумен ғана
шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және
дерексіз сипаттау — теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап
айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған
жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де жэне
т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың
мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда
болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе,
онда теориялық білімнің эмпирикалықпен алмастырылуының қаупі туады
Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектикалық
материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф. Ломовтың аталған
еңбегінде психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың
жүйелік өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ, бір-
біріне келтірілмейтіндігі … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz