Платон, Сократ, Аристотель және т.б. педагогикалық көзқарастары туралы қазақша

0
171

Алғашқы, құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие және оның ерекшеліктері. Платон, Сократ, Аристотель және т.б. педагогикалық көзқарастары

Тәрбие мәселесі дүниеде алғашқы адамдардың пайда болуынан бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тәрбие өте қарапайым болған. Өйткені ол кездегі адамдар бала тәрбиесіне қарапайым талаптар қойған.

Тарихтан білетініміздей алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бала үлкендердің іс-әрекетін қайталаумен ғана шектелген. Негізгі қалыптастырылған қасиет үйрену, дағды, салт-дәстүр болатын. Ал қолөнердің шығуы тәрбиені де күрделендірді. Еңбек бөлінісі таптық жіктеліске алып келді. Тәрбие қоғамдық әлеуметтік жағдайға байланысты болғандықтан, таптық сипат алды. Үстем тап тәрбиесі (аристократтар), қарапайым халық тәрбиесі болып бөлінді, сол себептен тәрбиенің мақсаты өзгерді және оны іске асыратын әдіс-тәсілдер де өзгеріп отырды. Жалпы әр ұлттың тәрбие ерекшеліктеріне байланысты адамзат тәрбиесі кеңейтілді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, әртүрлі елдердің ұрпақ тәрбиесі ертедегі өркендеу кезеңінен тәжірибе жинақтағанын көрсетеді.

Адам қоғамының дамуы барысында бір қоғамды екінші қоғам алмастырып отырады. Мысалы, алғашқы қоғамды құлдық қоғам алмастырған. Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ежелгі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ежелгі мәдениетті дамытуға үлес қосқан. Қытай, Үндістан, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер ашылып, онда үстем таптың балалары оқытылып тәрбиеленген. Алғашқы кезеңде діни мектептер пайда болған.

Діни мектептермен қатар кейінірек кітап көшірушілер даярлайтын мектептер пайда бола бастаған. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды пікірлер тұжырымдалған.

Педагогика ғылымы да басқа ғылымдар ретінде өз бастауын философиядан алған. Ежелгі грек философтары — Гераклит (б.з.д. 530 — 470 ж.), Демокрит (б.з.д. 460-370 ж.), Сократ (б.з.д. 469 — 399 ж.), Платон (б.з.д. 427-347 ж.), Аристотель (б.з.д. 384 -322 ж.) т.б. еңбектерінде білім беру мен тәрбие мәселесі жазылған.

Бастапқы кезде педагогикалық білімдер философияның элементі болып табылатын. Мәліметтердің жиналуымен тәрбиелеу тәжірибелерін жинақтау, теориялық бастауларды анықтау әрекеттері жүзеге асырылып, алғашқы педагогикалық ой-пікірлер туындап, нәтижелер алына бастады, бұл өз кезегінде педагогиканың ғылым ретіндегі бастауы болды. Оның теоретиктері ретінде ірі ежелгі гректің ойшылдары Сократ (б.з.д. 469 399 ж.), Платон (б.з.д. 427 — 347 ж.), Аристотельді (б.з.д. 384 — 322 ж.) атауға болады, олардың еңбектерінде адамды тәрбиелеу, оның тұлғасын қалыптастыруға байланысты идеялар мен ой-пікірлер орын алған.

Оқыту мен тәрбиелеудің алғашқы әдістемелік тәсілдерінің бірін Сократ ойлап тауып, кейіннен оны практикада қолданды, ол — сұрақ-жауаптық оқу әдісі («сократтық әдіс»). Сократтық әдістің мәні — оның сұрақтарының ретті қойылуында, яғни оларға жауап бере отырып білім алушы белгілі бір шынайы қорытындылар жасаған. Сократтық әдісті өз шыңына Сократтың дарынды шәкірті ұлы философ Платон жеткізген.

«Мемлекет туралы» трактатында Платон оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жүйесін жасады, ол «идеалды мемлекеттің» нығаюына қызмет ету керек болды. Платонның тұжырымдамасына сәйкес барлық адамдар үш кастаға бөлінеді. Тәрбиелеу мен білім беру жүйесі әрбір кастаға өз функцияларын жақсы орындауды да қамтамасыз етуі тиіс еді. Ал жер өңдеушілер тобы өндірістік тәжірибелерді қабылдаулары қажет болды. Тәртіп сақшылары (батырлар) және басшылар, ең алдымен, физикалық, дене тәрбиесі курстарын өтуін, гимнастиканы, содан кейін оқу, хат, есеп пэндерін игерулері талап етілді. Бұл — поэзия мен ән сабақтарына дайындық кезеңі. Жаттығулар, ән және математика жиынтығы сақшылар үшін қажетті білім шеңберін анықтайды.

Білім шыңы деп, — Платон, — диалектикамен айналысуды санады, оны игеру жаттығуды, әуенді және математиканы меңгергеннен кейін ғана басталады. Сонымен қатар ол диалектиканы, әсіресе басшылар игеруі керек деп санады.

Платонның педагогикалық көзқарастарын Аристотель жалғастырды, ол этикалық жақсы істерді тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Аристотель жақсы істер адамдарға табиғаттан берілмейді, алайда табиғат оған себепкер болады деген. Бұл мүмкіндік адамның өзінің тырысулары, оның әрекеттері және қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Әділ істер жасай отырып, адам әділетті болады, ерлік жасай отырып, адам батыр болады, сабырлы әрекет етіп, адам сабырлы болады. Жалпы алғанда, Аристотель тәрбиені адамның физикалық, әсемдік және ақыл-ойы бойынша жетілуінің бірлігі деп қарастырған.

Антикалық педагогикалық ойдың дамуына өзіндік үлес қосқан римдік философ және педагог М.Ф. Квинтиллиан (б.з. 35-96 ж.) Ол өзінің «Об образовании оратора» атты трактаты арқылы білім, тәрбие мәселелерін жетік қарастырып, халыққа танылды. Квинтиллианның еңбегі ұзақ уақыт бойы педагогикалық сала бойынша ең басты еңбектердің бірі болды, Цицеронның шығармаларымен қатар оны риториканың барлық мектептерінде оқыды.

Тәрбие мәселесі дүниеде алғашқы адамдардың пайда болуынан бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тәрбие өте қарапайым болған. Өйткені ол кездегі адамдар бала тәрбиесіне қарапайым талаптар қойған.

Тарихтан білетініміздей, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бала үлкендердің іс-әрекетін қайталаумен ғана шектелген. Негізгі қалыптастырылған қасиет үйрену, дағды, салт-дәстүр болатын. Ал қолөнердің шығуы тәрбиені де күрделендірді. Еңбек бөлінісі таптық жіктеліске алып келді. Тәрбие қоғамдық әлеуметтік жағдайға байланысты болғандықтан, таптық сипат алды. Үстем тап өкілдерінің тәрбиесі (аристократтар), қарапайым халық тәрбиесі болып бөлінді, сол себептен тэрбиенің мақсаты өзгерді және оны іске асыратын әдіс-тәсілдер де өзгеріп отырды. Жалпы әр ұлттық тәрбие ерекшеліктеріне байланысты, адамзат тәрбиесі кеңейтілді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, әртүрлі елдердің ұрпақ тәрбиесі ертедегі өркендеу кезеңінен тәжірибе жинақтағанын көрсетеді.

Педагогика тарихында ежелгі өркендеу кезеңі шығыстық және батыстық деп екіге бөлінген. Б.э.д. 1 мың жылдықта Қытайда ежелгі өркендеу дәуірі — конфуцианистікке дейінгі кезең қалыптасқан. Білім үстем тап өкілдерінің балаларына берілді және алты түрлі негізге бағытталып оқытылды: жазу, оқу, санау (санаудың тоғыз түрін), ауызша айтуға дағдылану, өлең оқу, жылнамаларды оқып-білу. Сонымен бірге әскери дене тәрбиесі бойынша бес түрлі садақпен ату әдісіне, бес түрлі атарба жүргізу әдісіне, қалқан мен семсерді қолдана білуге жаттықтырылды. Сондай-ақ абыздар мектебі өмір сүрген.

Абыздар мектебінде магия (сиқырлы күш), музыка, би, жалпы білім беретін пэндер оқытылды. Конфуцийлік кезеңде (б.э.д. 1 мың жылдықтың 2-ші жартысы) білімді адам бейнесі гуманитарлық біліміне байланысты теориялық қорытындысында болды. Бұл кезең атақты Кун-фу-цзының есіміне байланысты аталған.

Қытай елінің атақты философы Кун-фу-цзы б.э.д. 551-479 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол ата-анасынан ерте айырылып, 15 жасынан бастап білімге құштарлығын танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырған. Кун-фу-цзы шәкірттері ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийлік ілімнің негізі болған шығармаға жинақтаған.

Кун-фу-цзының ілімі бойынша, ең жоғары жаратушы күш аспан деп танып, ол жерде әділеттіліктің болуын қадағалап отырады деп тұжырымдаған.

Ол, негізінен, адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін қарастырған. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөлген: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».

«Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мұндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы сақ келеді.

Ал адамгершіліктің негізі — «сяо» — «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде-кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Осы «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас жасауды конфуцийлік әдептілік туралы ілімнің негізгі өзегі ретінде қарастырады. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқаға да жасама», — дегенді уағыздайды. Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамдар» («цзюнь-цзы») ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды деп санаған.

Конфуцийшілер өздерінің шығармаларында осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» — заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда табам деп ойлайды; «текті адамға» үлкен, маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады деген ой-пікірлерге тоқталған.

Кун-фу-цзының келесі бір тоқталған мәселесі білім, білу, оқу болды. Білу дегеніміз — табиғатты емес, адамдарды танып білу», — деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тән болғандықтан, олар басқалардан жоғары болады. Ал олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар түрады. Оқу, білім таңдамалы түрде болу керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан алшақ болу қажет. Білу дегеніміз — тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі деп түсіндірген.

Тарихи деректерге жүгінсек, Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Грекия мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізген. Ежелгі Грекия бірнеше қүл иеленуші ұсақ мемлекеттерден қүралған. Олардың ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) жэне Лакония (орталығы — Спарта) болып табылады.

Спартада қүлдар қатал қанауға негізделген егін шаруашылығын кәсіп етті. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде әскери дене тәрбиесіне ерекше мән беріліп отырған, балалардың денесін шынықтырумен қатар, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамдылық көрсетуге, әскери ойындарға үйретілген.

Моральдық адамгершілік және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылыққа байланысты арнаулы әңгімелер жүргізіледі. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18-20 жастағы жігіттер әскерге алынса, сонымен бірге қыз балаларға да әскери дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлініп отырған.

Бай отбасылардың балалары гимназияда фйлософия, саясат және әдебиет сияқты пәндерді оқи отырып, мемлекеттік басқару ісіне байланысты білімдерін жетілдіріп отырған.

Қарапайым халықтың балалары қолөнерге үйретілді, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек «сөйлеуші құрал» ретінде бағаланды.

Демокриттің, Платонның, Аристотельдің, Квинтиллианның және т.б. педагогикадағы жалпы көзқарастары мынадай:

  1. Тәрбиенің мақсаты — белгіленген әлеуметтік функцияларды орындауға даярлау Жеке адам болып қалыптасу табиғат пен тәрбиеге байланысты;
  2. Талап: бала тәрбиесін ерте кезеңнен қолға алу керек;
  3. Қоғамдық тәрбие идеясын бекіту, ой тұжырымдары.

Демокрит (460-370). Демокрит өзінің атомдық теориясы негізінде жеке адам дамуының материалистік көзқарасын ұсынды. Ол тәрбиені барлық жерде, барлық уақытта алуға болады деп ой түйді. Демокрит үлкендерді үлгі тұтып, олардың айтуларымен тәрбиелеуге аса көңіл бөлген. Ол сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды деген ой қорытады.

Жалпы, таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын, қиындықтарын түсінген Демокрит, танымның субъектісі болу кез келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тән деп есептейді. Данышпандар сабырлылық, үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, қызықпаушылық, әділдік т.б. осы сияқты моральдық қағидаларға сүйеніп, философияға беріліп, елеусіз өмір сүруінің арқасында оның мәнін, табиғатын дұрыс түсініп білуге мүмкіндік алады. Егер барлық адамдар осы моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін болса, онда заңның қажеті болмас еді деп түйеді Демокрит.

Көрнекті грек философы Платон б.з.д. 427-347 жылдары өмір сүрген Платон өзінің философиясы арқылы алғаш рет тәрбиенің теориялық негізін қалаған. Ол тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалық пікірі бойынша ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тэрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде балалар уақытын тэрбиешілердің басқаруымен ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санаған. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын эңгіменің мазмұнын іріктеп, таңдап алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгілер арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды. Ол білім берудің жоғарғы сатысына философияны, арифметиканы, геометрия, астрономия, музыка теориясын жатқызды.

Атақты Грек философы және ғалымы Аристотель б.з.д. 384-322 жылдары өмір сүрген, мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады, ал даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады деген ой қорытқан.

Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді. (7 жасқа дейін, 7 жастан 14 жасқа дейін, 14 тен 21 жасқа дейін) 7 жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель құнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, дене шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескеру көрсетілді. Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда, алдымен, дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етілді.

Аристотель тәрбиенің әртүрлі салаларының байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйрету қажеттігін атап өткен. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мүндай дэрежеде әйелдерге білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-құлықты жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиғи нышандарды, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде отбасының рөлін өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.

Бұл кезеңдерде элементарлық (қарапайым) және грамматикалық мектептер түрі болған. Элементарлық мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың балалары да оқитын болды және оларды оқу, жазу, санауға үйретті. Ал грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика оқылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия, заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқылатын болды.

Осы мектепті бітірушілер жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті дайындық алды. Ежелгі Рим педагогтаріның ең көрнекті өкілі Марк Фабий Квинтиллиан болды (біздің заманымыздың 42-118 жылдары өмір сүрген). Ол — «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Квинтиллиан өз дәуіріндегі грек, рим философиясы және педагогикасымен жақсы таныс болды. Өз еңбегінде ол риторика мектебінде мұғалім болып істеген бай тәжірибесін қорытты.

Квинтиллиан балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады. Балалар мектепте тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлуі қажет деп есептеді. Мұғалімнің білімді, ұстамды, балаларға үлгі болуы және оларды жете білуі қажет деп санады. Квинтиллиан балалардың тілін дамытуға ерекше мән берді. Ол үшін ерте бастан олардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлуді талап етті, тілді және музыканы оқыту баланың дұрыс сөйлеуін дамытады деп санады. Баланың логикалық жүйелі түрде ойлауын дамыту үшін математиканы оқытуды қажет деп есептеді. Балаларға берілетін білімнің негізі берік болуын талап етті. Квинтиллианның педагогикалық еңбектері өте жоғары бағаланды.

Пайдаланылған әдебиеттер: Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы: оқу құралы. Ж.Р. Баширова, Р.К. Бекмағамбетова, Н.С. Әлқожаева, Н.С. Жұбаназарова, Ұ.Б. Төлешова. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 248 б.

#Платон #Сократ #Аристотель #және #тб #педагогикалық #көзқарастары

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз